БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігi (БСҚА)

Глоссарий

АККРЕДИТТЕУ
АККРЕДИТТЕУ - жооның толық немесе жеке бағдарламаларының сапасының алдын - ала жасалынған шарттарға және стандарттарға сәйкестігін формалды түрде құптау үшін, өкіметтік, өкіметтік емес немесе жеке органдардың өткізетін бағалау процесі. Әдетте, мәртебе беру («иә/жоқ» шешімі), құптау, және кейбір жағдайларда белгілі бір мерзімде жұмыс жасауға лицензия беру, осы процестің нәтижесі болып табылады. Бұл процеске өзін-өзі бағалау мен сыртқы бағалау да кіруі мүмкін. Акредиттеу процесі, негізінен төмендегідей үш сатыдан тұрады:

- оқытушылар, әкімшілік және қызметкерлер ұйымдастырған, жооның барлық жұмыстарына немесе жеке бағдарламаларына қатысты өзін-өзі бағалау процесі. Аккредиттеу органдарының стандарттары мен шарттарын негізге алатын есепте өзін-өзі бағалау нәтижелері көрсетіледі;
- жооға аккредиттеу ұйымы таңдаған сарапшылар командасы барады. Жооға барғанда олар оқытушылармен және жоо басшылығымен әңгімелесулер өткізеді. Комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстары кіретін есеп, осы жұмыстың нәтижесі болып табылады;
- комиссияның белгіленген сапа шарттарына негізделген барлық факторларды бағалауы, және жоо мен қажетті инстанцияларды ақпараттандыратын оның соңғы шешімі.
Жоо диплом немесе дәреже бере алатын құралды, компетентті органнан алады. Мемлекет, өкіметтік агенттік және осы немесе шетелдің жоолары компетентті орган болып табылады.

Институционалдық аккредиттеу: бұл термин бүкіл жооны, оның оқыту бағдарламаларын, қорларын және оқыту тәсілдерін аккредиттеуге жатады.

Аймақтық аккредиттеу (АҚШ): бұл жооға белгілі географиялық зонада аккредиттеу процедураларын өткізетін құпталған ассоциациялар немесе аккредиттеу комиссиялары беретін аккредиттеу. АҚШта үш немесе одан да жоғары штаттарда білім беру мекемелерін аккредиттеумен айналысатын алты аймақтық аккредиттік комиссиялар бар.
Мамандандырылған аккредиттеу: «Мамандандырылған» аккредиттеу органдарының немесе бағдарламаларды аккредиттеу агенттіктерінің, жеке құрылымдық бірліктерді немесе бағдарламаларды, курс мазмұндарына және оқыту бағдарламаларына ерекше стандарттарды пайдалана отырып аккредиттеуі ( мысалы, кәсіби оқытуды).

Аккредиттеудің ұзақтығы: Аккредиттеу туралы шешімдер шектеулі уақыт мерзіміне арналып қабылданады. Лицензия мерзімі біткенде оны жаңалатуды, аккредиттеу лицензиясының мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауға құқылы аккредиттік агенттіктері қабылдайды.

Аккредитациялық мәртебе: аккредиттік агенттіктері аймақтық, ұлттық немесе мамандандырылған дәрежеде бекіткен стандарттарға немесе жүктемелерге, жооның немесе жеке бағдарламаның сәйкес келетіндігін формалды түрде құптау.

Аккредиттеу портфолиясы: белгілі бір сұрақтар бойынша, әсіресе, білім стандарттары бойынша жеткен жетістіктерге куәлік беретін мәліметтерді жинау. Бұл қызметті өкілетті мекеме немесе сыртқы сарапшылар атқарады.

Аккредиттеу органы: стандарттар мен бағалау шарттарын жасайтын және берілген шарттардың сақталынып жатқандығына көз жеткізу үшін сарапшылардың бағаланып жатқан жооға баруы арқылы алқалы бағалаулар өткізетін өкіметтік, өкіметтік емес немесе ұлттық немесе аймақтық деңгейдегі жеке білім мекемесі. Олар ресми мәртебе беруге құқылы, сондай ақ, кейде жеке жооларға немесе бағдарламаларға, бағалау процедурасынан сәтті өткеннен кейін лицензия береді.

АЛҚАЛЫ БАҒАЛАУ/СЫРТҚЫ БАҒАЛАУ
АЛҚАЛЫ БАҒАЛАУ/СЫРТҚЫ БАҒАЛАУ - Бұл сыртқы сарапшылардың (әріптестердің), жооның академиялық бағдарламаларының, оның оқытушылық құрамының және/немесе оның құрылымдарының сапасы мен тиімділігін бағалау процедурасы. Қатал айтқанда, әріптестер – бұл ұқсас пәндерді жүргізетін басқа академиялық жооның өкілдері, бірақ практика жүзінде сыртқы сарапшылардың әртүрлі типтері болады. Дегенмен, олардың бәрі де қарастырылып жатқан сұрақтың мамандары болып есептеледі және жалпы жоғары білім беру жүйесіндегі білімдері де жеткілікті.

Әдетте сыртқы бағалау, тексеріліп жатқан жоо алып келген өзін-өзі бағалау материалдарынан тұрады, және индикатордың негізі және/немесе жоо жұмыстарын бағалаудың байымдау тәсілі бола алады.

АУДИТ
АУДИТ - Қойылған мақсаттардың (оқу жоспарларына, персоналға, инфрақұрылымдарға т.б.) орындалуын анықтау/бағалау үшін жасалынған бағдарламаларды немесе оқу орындарын тексеру процесі. Ұлыбританияда, 2002 жылдан бастап, жооның өзі жүзеге асыратын институционалдық процесі – аудитті, «институционалдық тексеру» деп атайды.

Институционалдық аудит/институционалдық тексеру: Мекемеде сапаны қамтамасыздандыру процедураларын және оған қол жеткізу механизмдерін қарастыратын алқалы тексерулер арқылы өтетін фактілерді тексеруге негізделген процестер.

Аудиторлық есеп, бағалау туралы есеп, тексеру туралы есеп:

- Жооға барғаннан кейін және олар ұсынған қызметтердің сапасын бағалағаннан кейін сарапшылар командасы жасаған осы құжат, әдетте институционалдық сапаға, академиялық стандарттарға, білім беру инфрақұрылымына және персоналдардың жұмыстарына негізделіп жасалынады. Тексеріліп жатқан жоо, өз ескертулері мен түсініктерін айту үшін, алдымен оның алғашқы жасалған нұсқасымен, сонан соң ресми дайын түрімен таныса алады. Есепке аудиторлардың қорытындылары мен ұсыныстары, аудитті өткізу тәсілдерінің сипаттамалары кіреді; әртүрлі қосымшаларға тексеру кезінде сарапшылардың қойған сұрақтары кіреді. Еуропада бұл құжатты «бағалау туралы есеп» немесе «тексеру туралы есеп» деп атайды.

- Аталмыш есеп, сапаны қамтамасыздандыру туралы шараларды сипаттау және осы шаралардың жооның сапа бағдарламаларының жақсаруына ықпал етуі туралы, және аккредиттеу агенттігінің жұмыстары туралы да жасалынуы мүмкін.

Ішкі аудит: Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының ішкі аудитін өткізудің үш моделі жасалынған:

- өз қызметкерлерінің күшімен;

- (білім саласында, т.б. салаларда көптеген клиенттерге қызмет көрсете алатын) аудиторлық консорциум арқылы;

- Ішкі аудитке мамандандырылған бухгалтерлік фирмалар арқылы ішкі аудит өткізу моделі.

БАҒАЛАУ
БАҒАЛАУ - жооның сапасы немесе бағдарламалары туралы ой-пікірлерге және/немесе ұсыныстарға алып келетін жүйелі және критикалық талдаулардың біріккен процестері. Бағалау процедуралы ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін. Ұлыбританияда бағалауды «тексеру»,- деп те атайды.

Сыртқы бағалау: Мамандандырылған агенттіктердің жооның сапасы туралы нәтиже шығаруы үшін, жооның (немесе оның жеке құрылымдары) жұмысы туралы мәліметтер мен ақпараттарды жинау процесі. Қатарына басқа жоодан келген әріптестері мен инспекторлар кіретін сыртқы сарапшылар командасы сыртқы бағалауды өткізеді. Ол төмендегідей үш операциядан тұрады:

- Өзін - өзі бағалау есебінің талдауы;

- Жооға бару;

- Бағалаудың нәтижелері туралы есеп жасау.

БАҒАЛАУ
БАҒАЛАУ - Жалпы жоғары оқу орнының (институционалдық бағалау) немесе жеке бағдарламаларының (бағдарламалық бағалау) оқыту мақсаттарының тиімділігі мен сәйкестілігі туралы ой-пікірді қалыптастыруы үшін ақпараттарды жүйелі жинау, қорландыру және пайдалану процесі. Ол жоғары оқу орнының жұмыстарын тексереді (оқыту жұмыстарының сандық және сапалық көрсеткіштері және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері). Бағалау, аккредиттеу туралы шешімнің валидті түрде болуы үшін қажет, бірақ бұл аккредиттеу туралы шешім міндетті түрде оңтайлы болады деген сөз емес.

- Студенттердің дамуы және оқыту процесін жақсарту, сонымен қатар, оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында алдын-ала жасалынған схема бойынша студенттердің соңғы білімдерін тексеру процесі.

БЕНЧМАРК
БЕНЧМАРК - Бір нәрсенің сапасын немесе бір жұмыстың нәтижесін бағалауға немесе өлшеуге болатын стандарттық баға, есеп нүктесі немесе шарттары. «Бенчмарк» термині бір жұмыстың өте жақсы орындалуы дегенді, үлгі-нұсқа дегенді білдіреді. Осы стандарттық баға, үлгі бенчмаркингін өткізуге қажетті жағдай болып табылады.

БЕНЧМАРКИНГ
БЕНЧМАРКИНГ - Әдеттеүлгіні, мәселелердің диагностикасы мен күшті жақтарын анықтау мақсатында әртүрлі бағдарламаларды салыстыруға мүмкіндік беретін аса маңызды оперативті мәліметтерді жинаудың және таратудың стандартизацияланған тәсілі.

Бенчмаркингтің көмегімен ұйымның (немесе бағдарламасының) сыртқы бағалауын өткізеді. Сонымен қатар бенчмаркинг:

- диагностика құралы (сапаны анықтау құралы);

- жұмыстарын жақсарту тәсілін табу мақсатында, ұйымға басқа да әртүрлі аспектілердің жұмыстарымен өз жұмыстарын салыстыруға мүмкіндік беретін өзін-өзі жетілдіру құралы;

- Сабақ алу және ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмек көрсету мақсатында, қызметтерді немесе процестерді біріге отырып ашық бағалау;

- Оқу орнының жұмысын жақсартуды үйрету тәсілі;

- Бір-біріне ұқсас ұйымдардың жұмыстарын салыстырудың және өлшеудің үздіксіз процесі болып табылады.

Бенчмаркинг спецификалық қадамдар мен құрылымдық спецификаларды қарастырады. Нені салыстырып жатқанына немесе қандай ақпараттардың жиналып жатқанына байланысты бенчмаркингтің төиендегідей әртүрлі типтері болады: стратегиялық бенчмаркинг (бәсекелестердің стратегиясында не жасалынып жатқанын анықтауға бағытталған); оперативті бенчмаркинг (өнімнің қалай шығарылып жатқандығына, басқа ұйымдардың өз жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарып жатқандығына және оған қалай қол жеткізетіндіктерін анықтауға бағытталған), немесе осы мәліметтер мен жұмыс индикаторларын салыстыруға негізделген статистикалық бенчмаркинг. Сондай ақ бенчмаркинг, сандық өлшеуге бағытталған вертикалды (белгілі бір бағдарлама жұмысына және өнімділігіне шыққан шығын), немесе бір процестің нәтижесіне шыққан шығынды қарастыратын горизанталды болуы да мүмкін.
Бенчмаркинг бағдарламаларының кейбір үлгілері:

- АҚШ, 1990 жылдың басында NACUBO (университеттер мен колледждеріндегі бизнес-білімнің Ұлттық ассоциациясы) жоғары білім беру саласында бенчмаркингті пайдаланған алғашқы ел. Бұл бенчмаркингтің жобасы бенчмаркингтің статистикалық және қаржы жақтарын көрсетеді.

- Біріккен патшалықта, жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру құралы ретінде бенчмаркинг, Диаринг комитетінің есебінен кейін тек 1997 жылы ғана пайда болды.

- Еуропада бенчмаркингті жоғары білім беру саласында жиі пайдаланбайды, бірақ бастамасы 1995 жылы Копенгагенде бизнес Мектебінде қабылданды, ал 1996 жылы – техникалық университеттерден тұратын бенчмаркингтің Неміс клубында қабылданды.

Ішкі бенчмаркинг: Жоғары оқу орындарының әртүрлі бөлімдеріндегі әртүрлі бағдарламалардың жұмыс жасау (салыстыру) бенчмаркингі.
Ішкі бенчмаркингті, әртүрлі бөлімдері ( бірліктері) бар, күрделі бағдарламалармен айналысатын жекеленген ірі оқу орындары өткізеді.
(Сыртқы) бәсекелестік бенчмаркинг: бенчмаркинг (салыстыру) маңызды салаларда, өзара бәсекелесті оқу орындарынан алынған ақпараттардың негізінде спецификалық өлшеу бірліктерін пайдалана отырып жұмыстарды салыстыру.
Функционалды (сыртқы бірлескен, коллаборативті) бенчмаркинг: Бір салаға жататын, бірақ бәсекелес болып табылмайтын, ұқсас білім беру мекемелерінің тәжірибе жүзіндегі жұмыстарын және процестерді салыстыру бенчмаркингі.

Трансинституционалдық бенчмаркинг:
Бұлалынғандеректеріне байланыссыз жаңа инновациялық тәжірибелер іздеу үшін, көптеген оқу орындарын қамту арқылы өткізілетін бенчмаркинг.

Жанама бенчмаркинг: Басылымға шыққан статистикалық мәліметтерді, салыстыру анализі үшін пайдаланылатын, білім мекемелерінің жұмыстарының көрсеткіштерін салыстыратын квази-бенчмаркинг. Мұндай бенчмаркинг (бенчмаркингтің басқа түрлерінің негізгі шарты болып табылатын) аталмыш мекемелердің ерікті және белсенді қатысуларына тәуелді емес және орталық қаржы органдарының, нарық талаптарының т.с.с. ықпалымен өтеді. Қазіргі таңда Еуропада өтіп жатқан көптеген бенчмаркинг процестері осы сипатта өтеді.

Белгілі параметрлер бенчмаркингі:
Білім беру мекемелерін белгілі бір параметрлер бойынша салыстыру ( тәжірибе жүзіндегі жұмыстарын немесе қызметтерін, шығарылған студенттер санын, коммуникацияның қолжетімділігін т.б.). Ол бір мекемедегі қол жеткізілген деңгейлердіі басқа соған ұқсас процестермен салыстырады.

Процестерге негізделген бенчмаркинг:
Сандық көрсеткіштерді жай салыстыру (статистикалық бенчмаркинг) шеңберінен асады және белгілі бір нәтижелерге алып келетін процестерді қарастырады. Ол университеттің әдет-ғұрыптық функцияларының шеңберінен асатын міндеттерден, қадамдардан тұратын жұмыстарды талдайды. Ол тек мәліметтерді ғана салыстырмайды, сонымен қатар, нәтижелерге қол жеткізетін процестерді де салыстырады.

БІЛІКТІЛІК
БІЛІКТІЛІК - Оқу бағдарламасының сәтті аяқталғандығын куәландыратын компетентті, тіркелген органдардың оқу орнын бітіргендігі туралы куәлікті (дәреже, диплом немесе осыларға ұқсас сертификаттарды) беруі. «Біліктілік» түсінігіне әртүрлі деңгейлердегі және әртүрлі елдердегі әртүрлі академиялық дәрежелер (мысалы, бакалавр, магистр, доктор т.с.с.) жатады.

Біліктіліктің не туралы екендігі маңызды: компетенция, білім көлемі, дағды мен шеберлік шеңбері.
Кейде аталмыш термин, практикалық қызметке берілетін лицензияның эквиваленті болып табылады.

Біліктілік шеңберлері:
Бұл оқу жүктемесін, деңгейін, сапасын, соңғы нәтижелерін және оқыту профилін анықтайтын жан-жақты талаптар. Олар өзіндік дескрипторларды пайдалана отырып, біліктіліктің кеңдігін де (оқытудың соңғы нәтижелерімен байланысты компетенциялар), тереңдігін де (деңгей) толық көрсетулері керек. Біліктілік шеңберлері көлденеңі бойынша, жоғары білім беру жүйесіндегі барлық біліктіліктерді, ал тігінен – барлық деңгейлерді қамтитындай болып құрылуы керек. Бұл:

- оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға;

- студенттер мен бітірушілердің мобильділігіне;

- оқу мерзімін құптауға көмек көрсету мақсатында жасалынған.

Белгілі бір жоғары білім беру жүйелері біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс жасап жатқанда, басқалары біріңғай шеңбер жүйесі жоқ, әртүрлі біліктіліктерді жасайды. Көпшілік Біріңғай еуропалық жоғары білім беру зонасы біліктілік шеңберінің пан-еуропалық жүйесін жасау керектігін айтады.

ВАЛИДАЦИЯ
ВАЛИДАЦИЯ - Бұл диплом беру құқығына ие (институционалдық өзін - өзі бағалау) сәйкесті жооның немесе тексеру өткізуге сәйкесті органның (сыртқы тексеру арқылы өтетін валидация) барлық талаптарын берілген бағдарламаның қанағаттандыруы процесі.

ДЕСКРИПТОРЛАР (ДЕҢГЕЙЛІ)
ДЕСКРИПТОРЛАР (ДЕҢГЕЙЛІ) - Бұл оқыту процесінде белгілі бір деңгейге жетуге қажетті білімдердің сипаттамасы. Олар белгілі бір деңгейде білім алуға қажетті білімдердің мазмұны мен сипаттамасын береді. Олар оқыту процесінің нәтижесін қадағалауға және бағалау шарттарын жасауға көмек көрсетуге бағытталған.

Дескрипторлар (біліктендірілген):
Бұл оқыту қорытындыларының сипаттамасы, әртүрлі деңгейлерде қалай өзгеретінін көрсететін белгілі бір деңгейдегі біліктілік сипаттамалары (әдетте дәреже немесе диплом алғанда).
Біліктілік дескрипторларының бірінші бөлігі ең алдымен академиялық оқыту бағдарламаларын жасаушылардың мүддесін көрсетеді. Бұл білім жиынтығын мазмұндау, былайша айтқанда, біліктілік алғанда студенттердің қол жеткізген тиісті оқу нәтижелері.

Жұмыс берушілердің мүддесін көрсететін екінші бөлім – бұл қатардағы студент оқуды бітіргенде білуге тиісті білімдер мен шеберліктерді мазмұндау. Біліктілік дескрипторлары мезгіл сайын қайта қаралып отырады және басқа деректер пайда болғанда, мысалы бенчмаркинг, әрбір деңгейде қосымша біліктілік дескрипторлары жасалады. «Біріңғай сапа үшін» талапты тобы, жоғары білімнің Біріңғай еуропалық зонасының құрылуына орай, еуропалық жоғары білім беру саласында біріңғай болатын және ұлттық, аймақтық және институционалдық қажеттіліктеріне байланысты әртүрлі мақсаттарда пайдалануға болатын, бакалавр және магистр дәрежелерінің (Ва Ма дескрипторлары) дескрипторларын жасау сұрақтарын қарастыруды ұсынды.

ИНДИКАТОРЛАР
ИНДИКАТОРЛАР - Бұл жооның немесе бағдарламалардың спецификалық, эмпиристік жолмен өлшенетін, олардың стандарттарға сәйкестігі туралы нәтиже шығаруға мүмкіндік беретін сипаттамаларына жататын оперативтік құбылмалар.
Индикаторлар белгілі бір саладағы тенденцияларды анықтайды және түзетуді қажет ететін және/немесе мақсаттар мен іс-шараларды салыстыруға және соларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін салалар жөнінде белгі береді. Сонымен қатар, оларды сапаның теоретикалық аспектілерін басқаша түсіндіру үшін де пайдаланады, аталмыш процесс «операционализацияланған»,- деп аталады.
«Индикатор» терминін «шара» терминінен, былайша айтқанда орындау дәрежесін анықтау үшін пайдаланатын мәліметтерден және «стандарт» терминінен, былайша айтқанда, белгілі бір сан түріндегі орындау дәрежесінен ажырата білу керек.
Индикаторлардың мынадай типтері болады:

- Экономикалық индикаторлар (бюджетпен байланысты);

- Өнім индикаторлары (өнімділік немесе салым қорлары мен шығу нәтижелерінің арақатынасы);

- Тиімділік индикаторлары ( мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу дәрежелері);
Келесі, үшінші айырмашылық:

- жооның (немесе бағдарламаның) спецификалық - әлеуметтік, экономикалық, саяси, географиялық т.б. орталарына жататын контекст индикаторларының арасында ;

- жоодағы материалдық-техникалық, адами және қаржы қорларына жататын салым қорларының арсында;

- жооның қорларын пайдалануға, салынған қаржылардың менеджментіне, жалпы ұйымның жұмыс жасауына жататын процестер индикаторларының арасында;

- Нәтижелер индикаторларының арасында (индикаторлардың соңғы тобы модель ретінде CIPO ( Contex, Inputs, Process, Outputs – контекст, салым қорлары, процесс, соңғы нәтижелер) белгілі) жасалады.

Орындау индикаторлары: Бұл жоғары оқу орнының немесе бағдарламаның сапа жағынан өзінің міндеттері мен функцияларын қандай дәрежеде орындайтынын өлшеуге мүмкіндік беретін статистикалық параметрлер қатары. Оларға соңғы нәтижелердің (тікелей нәтижелердің) сапалық және сандық шаралары немесе салдары ( уақыт бойынша алыс нәтижелер) жатады. Олар мекемелерге өз жұмыстарының бенчмаркингін өткізуге немесе өз жұмыстарын басқа жоомен салыстыруға мүмкіндік береді. Орындау индикаторлары тек салым қорларының көрсеткіштерімен, процестермен және соңғы нәтижелермен бірге тиімді жұмыс атқара алады. Жоғары оқу орындары әртүрлі қызметтерді атқаратындықтан және әртүрлі міндеттерді шешуге бағытталғандықтан, жоо қызметтерінің барлық саласын қамтитын орындау индикаторларының жалпы қатарын пайдалану және идентификациялау өте маңызды. Жоо жұмыстарының әртүрлі аспектілерін қамтитын мұндай индикаторларға: талапкерлердің бір орынға жазған өтініштерінің саны; түсуге қажетті ұпайлардың саны; оқытушыларға артылған жүктеме; жұмысқа тұрған бітірушілердің пайызы; гранттар мен ғылыми зерттеулердің келісім-шарттарының жалпы сомасы; басылымдардың саны; бір оқытушыға шаққандағы студенттер саны; жооның кірісі және шығындары; жооның материалды-техникалық базасы; кафедралардың техникалық жабдықталуы т.б. жатады. Орындау индикаторларын бенчмаркингке де пайдалануға болады.

Жай индикаторлар:
Бұл абсолютті цифрлар түріндегі, процеске обьективті сипаттама беретін индикаторлардың жалпы типі. Жай индикаторлардың орындау индикаторларына қарағанда қатыстылығы аз, өйткені кез-келген пікірлерді және/немесе сілтемелерді алып тастай алады.

КРЕДИТТЕР, НЕСИЕЛЕР
КРЕДИТТЕР, НЕСИЕЛЕР - Бұл студентке жүктелген жұмыс өлшемдерінің жалпықабылданған бірлігі. Ол курсты (пәнді) оқуға қажетті уақытты көрсетеді. Студенттің бір жоғары оқу орнында алған кредитін басқа жоолардың мойындауы мүмкін.

КРИТЕРИИ, ШАРТТАР
КРИТЕРИИ, ШАРТТАР - Белгілі мақсаттарға немесе стандарттарға қол жеткізілгендігін анықтайтын өлшем, эталондық өлшем, бенчмарк. Шарттар бағалаудың сандық немесе сапалық негізін қамтамасыздандыру үшін, қанағаттандырылған (стандарттарға сәйкес болуы үшін) сипаттамаларды, талаптарды және жағдайларды нақты көрсетулері керек.

Куәлік мәдениеті, мәліметтерді мазмұндау: Осытермин, нақты этикалық құндылықтарға, әкімшілік пен оқытушылар мақұлдаған принциптер мен ережелерге негізделген жұмыстардың нәтижелерін жооның өзінің бағалауына жатады. Оқыту бағдарламаларының аталмыш оқу орнының миссиясына сәйкес келетіндігі туралы нақты мәліметтерді алып келуін, жоолардан талап етілетін куәлік мәдениеті мен мәліметтерді мазмұндаудың қарастыратындығы МКБАның (Мектептер мен Колледждердің Батыс Ассоциациясы) жаңа стандарттарында көрсетілген.

КУПТАУ
ҚҰПТАУ - Жеке академиялық немесе кәсіби біліктілікті, жоғары оқу орнының бағдарламасын немесе сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерін, белгілі стандарттардың барлығын куаландыратын, формальді түрде компетентті өкілетті органның құптауы. Құптау әдетте институтаралық немесе халықаралық сипатта болады. Жеке тұлғалардың біліктілігін құптау ( дәрежелер, дипломдар, оқу мезгілдері), құптауды алушыға келешекте көмек көрсету немесе жұмысқа тұрғызу мақсатында беріледі. Бұл жерде, құптауды екі түрге бөлуге болады: біріншісі – академиялық, екіншісі біліктілік мақсаттағы (төменді қара) құптау. Бағдарламаны құптау, әдетте, жооның спецификалық оқыту бағдарламасын басқа жооның құптауына жатады. Ол коллегиялық құптау процедураларында тұжырымдалады және студент бір жоодан екінші жооға ауысқанда сол бағдарлама бойынша оқуын жалғастыруға болатындығын және қандай да бір пәнді қайта оқудан босатылатындығын көрсетеді.

Институционалдық құптауға келетін болсақ, ол өзінің сенімділігі, тиімділігі және компетентті органдар (әдетте шетелдік) бекіткен стандарттарға сәйкестілік туралы куәлік алатын сапаны қамтамасыздандыру агенттіктеріне немесе аккредиттеу органдарына қатысты.

Академиялық құптау: бұл студенттерге басқа жооға ауысқанда оқуын жалғастыруға мүмкіншілік беру мақсатында, бір жооның бітірілген курстарын, біліктіліктерін немесе дипломдарын басқа жооның мақұлдауы. Біріңғай Еуропалық жоғары білім зонасында құптаудың үш деңгейі (Лиссабон конвенциясында және Болон декларациясында көрсетілгендей) бар, олардың әрқайсына өз құралы сәйкес келеді:

- жооға түсуге немесе оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін біліктілікті құптау, сонымен қатар жооалдыңғы және кәсіби біліктілікті құптау;

- студенттердің мобильділігін арттыратын оқытудың қысқамерзімді кезеңдерін құптау. Бұл жерде ECTS (кредиттерді ауыстырудың еуропалық жүйесі) негізгі құрал болып табылады.

- Жоғары білімді бітіру туралы дәрежелерді немесе басқа да куәліктерді құптау (негізгі құрал – диплом қосымшасы).

Екіжақтама құптау: Дипломдар мен бағдарламалардың валидтілігі туралы, екі немесе одан да көп институционалдық органдардың келісімі немесе соған ұқсас екі немесе одан да көп аккредитеу агенттіктерінің, осы агенттіктер пайдаланатын методологиялар мен процедураларды құптау туралы келісімі.

Кәсіби құптау (тану, мойындау): «Кәсіби құптау» дегеніміз, практикалық қызмет атқару құқығы дегенді білдіреді және біліктілік алғандардың кәсіби мәртебесін растау.

ЛИЦЕНЗИЯ/ЛИЦЕНЗИЯЛАУ
ЛИЦЕНЗИЯ/ЛИЦЕНЗИЯЛАУ - Лицензиялау – бұл өкіметтік агенттіктердің ресми түрде:

-тұлғаларға белгілі бір жұмыспен айналысуы үшін, алдын-ала белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес және/немесе белгілі бір атты пайдалануға;

-аккредиттеу процесінен өтпегенше сәйкесті оқу жоспарларын бағалауға негізделген бағдарламаларға;

-өзіндік жұмыстар жасау үшін мекемелерге рұқсат беру процестері.

Лицензия (егер ол жеке тұлғаларға арналған болса) әдетте емтиханның нәтижесіне байланысты немесе аккредиттелген оқу орнын бітіргенде беріледі. Кейбір елдерде лицензия алу үшін, тәжірибе жұмыстарының қосымша мезгілі де қажет. Бұл жағдайда мемлекеттік лицензиялауды институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеумен шатастырып алмау керек.

ОНІМДІЛІК (ОҚЫТУДАҒЫ)
ӨНІМДІЛІК (ОҚЫТУДАҒЫ) - артықша қор, күш, уақыт немесе қаржы жұмсамай (қордың минимумын пайдалана отырып), жұмысты жақсы орындау немесе жақсы нәтижеге қол жеткізе білу. Білім өнімділігі физикалық (техникалық) түрде немесе ақша (экономикалық) түрінде болуы мүмкін.

Білім қызметтерінің саны мен стандарттарына шығын аз жұмсалған жағдайда ғана білімнің өнімділігіне қол жеткізуге болады.

ПРАКТИКА КОДЕКСІ
ПРАКТИКА КОДЕКСІ - Бұл міндетті түрдегі жазба бұйрықтары жоқ, бірақ жоғары білім берудің академиялық сапасы мен стандарттарының менеджментіне қойылатын минималды талаптардан тұратын құжат.

РАНЖИРЛЕУ (РЕЙТИНГ КЕСТЕЛЕРІ)
РАНЖИРЛЕУ (РЕЙТИНГ КЕСТЕЛЕРІ) - Рейтинг кестелерін құру – бұл мекеме жетістіктерінің салыстырмалы деңгейінің практика жүзіндегі көрсеткіштері. Қызығушылық танытқан барлық тұлғалар, тұтынушылар, саясаткерлер бірнеше ұқсас провайдерлердің қызметтерінің сапасындағы айырмашылықтар туралы ақпараттарды осылай алады. Біраз қарама-қайшылықтарға қарамастан, әсіресе методологиялық аспектілердің пікірінше, олар айтарлықтай әйгілі және қоғамдық ақпараттардың пайдалы құралы ретінде қарастырылады, сонымен қатар, сапаны жақсартуға қосымша жағдай жасайды. Рейтинг кестелері, әдетте белгілі газеттер мен журналдарда, мамандандырылған басылымдарда жарыққа шығады және Интернетте болады.

Ранжирлеу процесі бар деректерден мәліметтер жинаудан, мекемелерге барудан, материалдарды оқып білуден және институционалдық зерттеулерден басталады. Барлық алынған ақпараттардан алынған мәліметтерді жинаудан кейін, құбылмалардың типтері мен сандары таңдалады. Сонан соң, индикаторлар стандартталады. Соңында, есептеулер жасалынады және жоғары оқу орындары «рейтинг ретімен» сұрыпталатындай етіп салыстырылады.

Рейтинг кестелері («бағаланудан өтіп жатқан жоо жинаған ұпайлардың саны»), индикаторлардың санына немесе индикаторлардың өзіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Рейтинг индикаторларының немесе шарттарының арасында, ғылыми, педагогикалық, әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық аспектілерді есепке алатын индикаторлар кең таралған: студенттер мен оқытушылардың қатынасы; өте жақсы бағалардың саны ( бірінші курс студенттерінің арасында); ғылыми зерттеулер (жеке кафедралар бойынша); кітапхана мен компьютерлік жабдықтарға кеткен шығындар; университеттен шығарылған студенттердің саны; жұмысқа тұру келешегі т.с.с.

САПА (АКАДЕМИЯЛЫҚ)
САПА (АКАДЕМИЯЛЫҚ)

Бұл білім моделінің контексті мазмұнын, жоғары оқу орындарының мақсаттарын, міндеттерін және миссияларын, сонымен қатар, әрбір жеке жүйенің, жооның, бағдарламалардың немесе пәндердің спецификалық стандарттарын қамтитын динамикалық, кең өлшемді, кең деңгейлі концепция.

Осылайша, сапа:

- жоғары білімнің барлық оқу процесінің сан-алуан мүдделерін түсінуге (студент – университет – еңбек нарқы – қоғам - өкіметтің сапаға қойған талаптарын);

- оның аспектілеріне: қорларына, процестеріне, соңғы нәтижелеріне, мақсаттарына, миссияларына т.с.с.;

- жоғары білімнің дамуындағы тарихи мезгілдерге байланысты әртүрлі маңыздарды қабылдай алады.

Қазіргі таңда академиялық сапа дефинициясының кең спектрлері пайдаланылуда:

- Жетілдірілген сапа: тек жетілдірілген стандарттар ғана (әдетте, оқу бағдарламаларының күрделілігінің жоғары дәрежесін көрсететін, студенттерді тестілеу сұрақтарының күрделілігінің жоғарылауы т.с.с.) шынайы академиялық сапа болып есептелінетін әдет-ғұрыптық элитарлық академиялық әдіс;

- Мақсатқа жетуге жарамды сапа: қанағаттанудың қажеттілігіне немесе аккредиттеу агенттіктері немесе сапаны қамтамасыздандырудың басқа да органдары анықтайтын жалпықабылданған стандарттарға мән беретін концепция. Бағдарлама жұмыстарының тиімділігіне және жазылған міндеттерге, мақсаттарға және миссиялардың орындалуына алып келетін жоолардағы процестерге жоғары мән берілуі керек. Кейде бұл түсінік бойынша сапа мынадай түрлерге бөлінеді: сапаға қорларды тиімді пайдалануы тәсілі ретінде қарау; әртүрлі білім процестерінің нәтижелерінде алынған өзгерістер жағынан нәтижелерді бағалау бойынша құндылықтарды жинау арқылы сапаға көңіл бөлу. Сапаға ең алдымен, студентке бағытталған трансформация ретінде қарау, сапа түрлерінің соңғы нұсқасы болып табылады. Осы тәсіл сапаны, оқу орны неғұрлым жақсы болса, соғұрлым ол өз мақсаттарына толығымен жететін: студентті «замануи қоғамда – білім қоғамында өмір сүруіне және жұмыс істеуіне» мүмкіндік беретін мамани шеберлікпен, біліммен және көзқарастармен қамтамасыздандыратын трансформацияланған процесс ретінде қарастырады;

- Мақсатқа сәйкес сапа: процестердің сыртқы мақсаттар мен күтулерге қаншалықты сәйкес келетіндігін ескермейтін, жооның немесе бағдарламаның белгілі мақсаттары мен миссияларына негізделген концепция. Осы тәсілдің ішінде тоқсаныншы жылдары жасалынған бірнеше альтернативті тәсілдерді бөліп көрсетуге болады, мысалы, сапа белгілі нормалар мен шарттарды бекіту нүктесі болуы керек, ал кез келген жоо немесе бағдарлама, сапалы болып есептелінуі үшін сол нүктеге қол жеткізулері керек. Жоғары білімнің көптеген еуропалық жүйелерінің: сапаны аккредиттеумен тығыз байланысты базалық/минималды стандарт ретінде және сапаны клиенттің қанағаттануы ретінде (бұл жерде, «жоғары білімде тұтынушылардың – студенттердің, олардың жанұяларының, жалпы қоғамның – және оқу процесінің басқа да қатысушыларының сыртқы күтулерінің маңыздылығына негізделген нарықтық күштердің өсуімен сапа тығыз байланысты»,- деп есептейді) сипаттайтын өз нұсқалары бар.

- Жетілдірілген сапа: үздіксіз жетілдіру жолдарын іздеуге бағытталған, жоғары оқу орнының институционалдық еркіндік пен автономияны жақсы пайдалануының жауапкершілігін көрсетеді. Сапаға қол жеткізу, сапаның не екендігін өздері анықтайтын академиялық ортаның негізгі міндетіне айналды.

Уақыттың өзіндік мезгіліне және ұлттық контекстіне байланысты, әрбір тәсілдің өз артықшылықтары мен жетіспеушіліктері бар. Қоғамның дамуы барысында ішкі және сыртқы міндеттерді шешуге бағытталған, базалық/минималдық және сапаның ілгері дамыған және күрделі түсініктерінің салыстырмалығының және абсолюттілігінің арақатынастарында үнемі өзгерістер болып отырады.

Бірақ, жоғарыда айтылған сапа тәсілдерінің кез-келгеніне ортақ нәрсе – төмендегі элементтердің интеграциясы:

- минималды стандарттар мен бенчмаркингті жүзеге асыру кепілдігі;

- мәліметтердің ауыспалы қорлары мен контекстеріне байланысты мақсаттарды қоя білу және оларға жету қабілеті;

- тіке немесе жанама тұтынушылардың сұранысын және күтімдерін қанағаттандыру қабілеті;

- жетілдіруге ұмтылу (Ван Дамм, 2003).

Сапаны бағалау: Бұл жоғары оқу орнының немесе бағдарламаның сапасын сыртқы бағалаудың (оқып білу, өлшеу, талқылау) толық процесі. Ол жоғары оқу орнындағы оқыту процесінің, практиканы ұйымдастырудың, бағдарламаның және қызметтердің сапасына баға беру үшін сыртқы органдар өткізетін тәсілдерден, механизмдерден және әрекеттерден тұрады. Сапаны бағалау концепциясын анықтағанда, алдыңғы жоспарға төмендегі аспектілер шығады:

- контекст ( ұлттық, институционалдық);

- әдістер ( өзін-өзі бағалау, сыртқы сарапшылардың бағалауы, жоодағы комиссияның жұмысы);

- деңгейлер ( жүйе, жоо, бөлім/кафедра),

- механизмдер ( ынталандыру, саясат, құрылымдар, мәдениет);

- сапаны бағалауға байланысты құндылықтар жүйесі (академиялық құндылықтар, кәсіби саладағы әдет-ғұрыптық құндылықтар, жоо бітірушілеріне байланысты басқарушылық, педагогикалық құндылықтар).

Сапаны қамтамасыздандыру: Бұл жоғары білім беру жүйесінің, жеке жооның және бағдарламалардың сапасын бағалаудың үздіксіз процесіне ( экономикалық бағалау, мониторинг, сапаны жоғары дейгейде ұстау және жетілдіру) жататын кең көлемдегі термин. Реттеуші механизм ретінде сапаны қамтамасыздандыру, ақпараттармен қамтамасыздандыра отырып (бірақ ранжирлемей), келісілген және үздіксіз процестер және жақсы белгіленген шарттар арқылы есеп беруге және жетілдіруге бейімделеді. Көптеген жүйелер, сапаны «ішкі сапаны қамтамасыздандыру (жоғары білім беру сапасын жақсарту мен мониторингтеудің жоо ішіндегі процесі) және сыртқы сапаны қамтамасыздандыру (жоғары оқу орындары мен бағдарламалардың сапасын қамтамасыздандырудың институтаралық схемасы)», - деп бөледі.

Сапаны қамтамасыздандыру жұмыстары, сапа мәдениетін сүйемелдейтін қажетті институционалдық механизмдерге байланысты. Сапаны басқару, сапаны бақылау және сапаны бағалау – сапаны қамтамасыздандыру құралдары болып табылады.

Сапаны қамтамасыздандырудың аккредиттеуден айырмашылығы, сапаны қамтамасыздандыру аккредиттеудің басты шарты болып табылатындығында. Практика жүзінде әр елдерде олардың арсындағы байланыс әртүрлі айтылып жатады. Осы екі түсінік, жұмысты жүргізе білу қабілеті және білім беру қызметтерін көрсету, ресми түрде құпталған дәрежелер беру қабілеті және мемлекеттен қаржылай көмек алу құқығы сияқты әртүрлі салдарларды қарастырады. Көптеген жағдайларда, сапаны қамтамасыздандыруды жоғары білім беру сапасын басқарудың басты бөлігі ретінде қарастырады, кейде осы терминдерді синоним ретінде пайдаланады.

Сапаны бақылау: Бұл термин, жооның немесе бағдарламаның ішкі бағалауына шоғырланған сапаны бағалау процесіне жатады. Ол сапаға қойылатын талаптарды орындау үшін жасалған және пайдаланудағы операциялық тәсілдер мен әрекеттердің белгілі жинағымен байланысты. Сапаны бақылауды жоғары білім өнімдерінің, қызметтерінің немесе процестерінің сапасын қамтамасыздандыруға және белгіленген сапа дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың жиынына қатысты «сапаны басқару» және «сапаны қамтамасыздандыру» түсініктерінің синонимі ретінде жиі пайдаланады. Сапаны бақылау мониторинг процесін және қанағаттанарлықсыз салдарларға алып келетін себептерді одан алып тастауды болжамдайды. Кейде минимумды сапа бақылауы ( әдетте сертификаттау түріндегі), жооның сапаға қойылған талаптарды жеткіліксіз орындап, әрі қарай мониторинг жұмыстарын жүргізуідің фильтрі болып табылатындығын көрсетеді.

Сапаны басқару: Бұл жүйеде немесе институционалдық деңгейде, жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру және жалпы оны жақсарту үшін жиі пайдаланатын іс-шаралар жиынтығы. Осы термин сапаны жоспарлау, сапаны бағалау, сапаны қамтамасыздандыру және оны жоғарылату механизмдері арқылы сапаны көтеруге бағытталған саясатты жүзеге асыру іс-шараларының барлығын қамтиды.

Сапаның жалпы менеджменті (СЖМ): Бұл қызметкерлердің арасында қызығушылық тудыруы мүмкін үнемі жетілдіру, клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталу, стратегиялық менеджмент, басқарушылықтың шеберлігі сияқты факторларға ерекше мән беретін, сапаны басқарудың ерекше толық және жан-жақты тәсілі. Сапаны басқарудың мұндай тәсілі:

- қойылған мақсаттарды және стандарттарды ( өз күштерімен немесе сыртқы органдардың, қаржыландыру ұйымдарының көмегімен бекітілген);

- тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру шараларын;

- сарапшыларды және кәсіби ой-пікірлерді;

- бәсекелестерді бағалауды қарастырады.

СЖМ концепциямен және бенчмаркингтің методологиясымен тығыз байланысты. Бұл тәсілді экономикалық секторда жиі пайдаланады, ал академиялық ортада аз пайдаланады.

Сапа аудиті: Бұл оқу бағдарламаларын қамтамасыздандыру процедуралары немесе жалпы бүкіл жүйе жұмыстарының сапасын қамтамасыздандыру процедуралары адекватты болып табылатындығын және тиісті деңгейде жүзеге асыратындығын сыртқы органның куәландыру процесі. Сапа аудиті сапаның өзін емес, жүйенің жақсы сапаға қалай қол жеткізетіндігін қарастырады. Сапа аудитін, аудит өтіп жатқан саламен тікелей байланысы жоқ тұлғалар ( аудиторлар) өткізеді. Аудит нәтижелері аудиторлық есеп түрінде хатталады.

Сапа мәдениеті: Сапа мәдениеті әрбір мекеменің және басқару жүйелерінің мәдениетінде бар жалпықабылданған, барлығы келісетін және сапаның интеграцияланған моделіне жатады. Оны барлығының қабылдауы және мәдениетпен бірге жоғары білім беру сапасына ұмтылу, сондай ақ, сапаны тиімді басқару (сапаны қамтамасыздандыру процедуралары арқылы) сапа мәдениетінің ингридиенттері болып табылады. Сапа элементтері өзгеріп отыратындықтан және уақыт өткен сайын дамып отыратындықтан, интеграцияланған сапа жүйесін сүйемелдейтін мекемедегі қарым-қатынастардың барлығы да, жоғары білімдегі жаңа парадигмге көмек көрсету үшін өзгеріп отырады.

Сапаны жоспарлау: Сапаны жоспарлау, жоғары білім беру сапасының және сапа жүйесінің механизмдерін пайдалану шарттары мен мақсаттарын бекітетін іс-әрекеттердің жиынтығынан тұрады. Жоспарлау өнімдері (идентификациялау, жіктеу және сапаның барлық аспектілерінің маңыздылық дәрежесін анықтау, сонымен қатар мақсаттар қойю, сапаны құру шарттарын бекіту), басқарма және оперативті жоспарлау (оны ұйымдастыру және бағдарламалау), сапаның жоспарын жасау және сапаны жетілдіру шараларын қарастыру сапаны жоспарлауға кіреді.

СЕРТИФИКАЦИЯ
СЕРТИФИКАЦИЯ - Агенттіктің немесе ассоциацияның белгіленген сапа стандарттарының жетістіктерін құптау процесі, және ол осы құптауды алушыға (оқытушыға немесе студентке) ерекше бір жеңілдіктер үшін кепілдік береді.

СОҢҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР
СОҢҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР - Бұл бағдарламалардың болжанған немесе қол жеткізген нәтижелері, немесе кең спектрлі индикаторларда көрсетілген институционалдық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу (оқушылардың білімдері, когнитивті шеберліктер мен дағдылар). Бұл жоспарланған, бағдарламаға салынған оқушылар білімінің өсуін көрсететін оқу бағдарламаларының тікелей нәтижелері.

Әдетте, соңғы нәтиже туралы әрбір ереже, барлық күтілген нәтижелердің жиынтығына емес, бағдарламаның тек бір ғана аспектісіне қатысты болады. Сондықтан, әрбір дәреже оқытушыларға да, осы бағдарлама бойынша оқып жатқан студенттерге де түсінікті болуы үшін, нақты құрастырылған, деталдандырылған болуы керек.

Соңғы нәтижелерді бағалау: Бұл институционалдық тиімділікті көрсету үшін, жооның қол жеткізген өзіндік нәтижелерін талдау, бағалау және жетілдіру процесі. Бағалау оқытушылардың жұмыстарында, институционалдық тәжірибенің тиімділігін және/немесе жооның жеке кафедралары құрылымдарының жұмыстарын немесе бағдарламаларын қамтиды ( мысалы, жооның бюджетін, мамандықтары бойынша оқу жоспарларын тексеру т.с.с. ).

Бұл қаржы механизмін ішкі бағалау, талдау және жетілдіру үшін және студенттердің қажеттіліктерін жақсырақ түсіну үшін пайдаланылатын формалды процедура.

 Студенттерді оқытудың соңғы нәтижелері: Бұл білім алушының оқыту процесі біткеннен кейін нені білуі, түсінуі керектігі және/немесе алған білімдерін көрсете алу қабілеті туралы, сонымен қатар жеке бөлімді, пәнді немесе оқу бағдарламасын сәтті аяқталуының нәтижесінде қандай спецификалық интеллектуалды тәжірибелік дағдылар алғандығы туралы ережелер. Бағалау жүйесі оқушының алған білімі минималды талаптардан артықтығын немесе оған жетпейтіндігін анықтауға негізделгенде, ол оқытудың соңғы нәтижелерін бағалау шарттарымен бірге кредит алудың минималды талаптарын анықтайды. Оқытудың соңғы нәтижелері оқыту мақсаттарына тең емес, өйткені ол, оқытушының ниетіне емес, ең алдымен, оқушының жетістіктеріне байланысты болып келеді.

Оқытудың соңғы нәтижелерін бағалау: Бұл бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері қаншалықты орындалып жатқанын анықтау үшін, кейін оны екіжақты байланыс ретінде пайдалана отырып, оқыту сапасын жетілдіруге жағдай жасау үшін,сабақ беру мен оқыту нәтижелерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін жинау, талдау және пайдалану актісі.

Оқытудың есептелінген соңғы нәтижелері: бұл сандық түрде кездесетін нәтижелер, мысалы жұмысқа тұрған бітірушілердің саны, жоо бітірген оқушылардың саны.

СТАНДАРТТАР
СТАНДАРТТАР

Бұл сапа бағалауының шарттары мен талаптарының жобаланған дәрежесін немесе аккредиттелуі немесе сертификатталуы үшін жоо мен бағдарламалардың неге қол жеткізу керек екендігін қамтитын ережелер.

Стандарттарға сандық көрсеткіштер (бұл жерде бенчмаркинг нәтижелерін пайдаланады) кіреді немесе олар тек спецификалық мақсаттарды көрсететін (мысалы, оқу процесінің тиімділігі, тиянақтылық т.с.с.) сапалық сипатта болуы мүмкін. Сандық көрсеткішті стандарттарға жооның немесе бағдарламаның аккредиттелуіне қажетті деңгей кіреді. Осы деңгей немесе «базалық стандарттар» минималды сапа деңгейімен анықталады. Басқа жағдайларда стандарттар сапаның жоғары деңгейімен анықталады, онда олар «үстемдік стандарттары»,- деп аталады.

Мұндай стандарттар бенчмаркинг немесе коллегиялық жолмен бекітіледі. Стандарттар қорлар, соңғы нәтижелер және процестер сияқты әртүрлі моменттерге байланысты болуы мүмкін. Стандарттар жалпы (дәреже алу үшін, мысалы, бакалавр немесе магистр) және жеке пәндерге арналып жасалынған (мысалы, ұлыбританияның пәндік бенчмаркингі туралы ережелері) спецификалық болуы мүмкін.

Стандарттар құрылу тәсілдері бойынша (шарттарға, минималды компетенцияларға немесе мақсаттарды қойю тәсілдеріне бағытталған) бөлінуі мүмкін. Деңгей/белгіленген стандарттың орындалуы туралы дұрыс пікірлер шығару мүмкіндігін беру үшін, стандарт анық және түсінікті жасалуы керек және кейін оперативті индикаторларға бөлінетін спецификалық шарттарға сәйкес келуі керек.

Стандарттардың, осылайша, өзіндік спецификалық мәдениеті болады. Жоғары білім беру саласындағы өсіп келе жатқан диверсификация контекстінде, академиялық сапаны стандарттар және индикаторлар тіліне ауыстыру күрделі болып барады. Қазіргі таңда стандарттарды анықтаудың және бағалаудың динамикалық тәсілдері пайда болды ( нақты және потенциалды жетістіктерге негізделген компоненттердің үйлесуі). Бұл жағдайда төмендегідей үш мәселені:

- стандарттар байланысты болатын әртүрлі моменттердің санын кемітуді (қорлар – нәтижелер – процестер);

- спецификалық шарттарды пайдалана отырып, стандарттардың орындалуы туралы пікірлердің мәдениетін жүйелендіре отырып, оларды сәйкесті индикаторларға жатқызуды;

- Инновациялық академиялық дамуға жол беру үшін, стандарт тұжырымдарының тиімділігінің жеткіліктілігін қамтамасыздандыруды шешу керек.

«Стандарт» терминін «шарттар» сөзінің синонимі ретінде жиі пайдаланады, бірақ АҚШта да, Еуропада да стандарттардың шарттардан айырмашылығы аса түсті.

Мазмұн стандарттары: Белгілі бір саладағы негізгі компетенцияның, білімнің шеберліктің және дағдының дәрежесі, былайша айтқанда студент білуге тиісті барлық нәрсе. Мазмұн стандарты оқу жоспарына кіреді және міндетті қорлардың бірі болып табылады.

Білім стандарттары: бұл оқыту процесінің әртүрлі сатысын қамтитын және осы сатылардың араларын байланыспен қамтамасыздандыратын талаптар мен шарттар дәрежесі. Оқыту қорларына, бағдарламаларына және нәтижелеріне, жалпы студенттің оқу жоспарын (мазмұн стандарттарын, үлгеру стандарттарын, оқу мүмкіншіліктерінің стандарттарын) орындауына байланысты білім стандарттарының әртүрлі типтері болады.

Үлгерім стандарттары: Бұл үлгіліден сәйкестіге дейін айырмашылығы бар, оқыту бағдарламаларына қол жеткізу/білу дәрежесі, былайша айтқанда мазмұн стандартын қанағаттандыру үшін студент қаншалықты жақсы жұмыс істеу керек екендігі туралы спецификация.

СТУДЕНТТЕРДІ СҰРАСТЫРУ (САУАЛНАМА)
СТУДЕНТТЕРДІ СҰРАСТЫРУ (САУАЛНАМА) - Бұл академиялық процестің бағдарламаларына, қызметтеріне және әртүрлі аспектілеріне қанағаттануды анықтау мақсатында, сауалнаманы және студенттерді сұрастыруды пайдаланатын бағалау тәсілі. Көбінесе, студенттерді ашық және жабық сұрақтар сериясына жауап беруді сұрайды немесе сұрақты телефон арқылы жүргізеді. Сұрастыру аудиторияда сауалнама жүргізу түрінде өтуі мүмкін немесе сауалнамалар пошта арқылы жіберілуі мүмкін. Интервью де өткізілуі мүмкін ( стандартты, жеке, фокусты топтарда). Мұндай сұрастыруларды ұйымдастыру оңай, ол көп ақша шығынын қажет етпейді және жоода не болып жатқандығы туралы өз ойларын айтатын студенттердің үлкен топтарын қамтиды.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫ БАҒАЛАУЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫ БАҒАЛАУЫ - Бұл оқытушылардың біліктілік компетенттілігі және олардың студенттерге көзқарасы туралы студенттердің ой-пікірлерін пайдалану процесі. Студенттерді сұрақтау мәліметтері, жан-жақты бағалау өткізушілерге, студенттердің күткен деңгейіне оқытушының сабақ өту тәсілінің сәйкестілігін анықтауға мүмкіндік береді. Аудиторияда оқытушы мен білім алушының арасында не болып жатқанына, оларға мұғалім қалай қарайтынына (дискуссиялар өткізеді, шығармашыл, жалықтырмайды, сабырлы т.с.с); оқытушының қабілетіне (түсіндіру, студенттерді мотивтендіру, олардың ойлануына көмектесу, қателерін достық пейілде түзету, жеткілікті ақпараттар беру) т.с.с. студенттердің берген бағасы, іштей баға беру болып шамаланады.

СЫРТҚЫ САРАПШЫЛАР КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА БАРУЫ
СЫРТҚЫ САРАПШЫЛАР КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА БАРУЫ - Бұл аккредиттеу процесінің жалпықабылданған бөлігі болып есептелетін сыртқы бағалау компоненті. Бірақ оған оқу орнының өзі ықылас танытуы мүмкін. Жооның өзін-өзі бағалау материалдарын тексеру үшін, профессорлық-оқытушылар құрамымен, студенттермен, персоналмен әңгімелесулер өткізу үшін және жооның көрсетіп жатқан қызметтерінің сапасы мен тиімділігін бағалау үшін, сонымен қатар, оларды жетілдіру нұсқауларын ұсыну үшін сыртқы сарапшылар жооға барады.

ТИІМДІ ПРАКТИКА
ТИІМДІ ПРАКТИКА - Бұл нәтижесінде жооның жалпы қызметін немесе жеке бағдарламаларын жақсартатын, ұқсас жоолардың әріптестері «тиімді практика» ретінде мойындаған, жетілдірілген тәсілдер немесе инновациялық процестер, сенімді практика. Тиімді практика міндетті түрде, пайдалану барысында жооның жұмыстарын немесе жеке бағдарламаларын жақсарту кепілдігі болатын үлгі немесе эталон деген сөз емес. Ол белгілі бір жағдайдың ең жақсы идентификациясы, өйткені жоолар да, бағдарламалар да саны және сапасы жағынан әртүрлі болып келеді.

ТИІМДІЛІК (ОҚЫТУДАҒЫ)
ТИІМДІЛІК (ОҚЫТУДАҒЫ) - белгілі бір оқыту мақсатына немесе дәрежесіне жету және жооның белгілі бір талаптарына жету сапасын өлшеуге арналған арнайы талдаудың немесе тексерудің нәтижелері ( мысалы, оқыту тиімділігін Тексеру, немесе Мектептер мен Колледждердің Батыс Ассоциациясының институционалдық тиімділігі туралы Есеп). Тиімділіктің өнімділіктен айырмашылығы, тиімділік шығындылған қорлардың көлемімен немесе алынған өнім көлемімен өлшенбейді.

Бағдарламаның немесе жалпы жооның сәттілікке жетуінің негізгі шаралары болып табылатын нақты индикаторларды және студенттердің академиялық жетістіктері бойынша институционалдық тиімділіктерін көрсететін ақпараттарды әртүрлі процедуралар арқылы жинау керек (инспекция, тексеру, комиссияның жооға баруы т.с.с.)

 

 

 

 

 

 

КУПТАУ
ҚҰПТАУ - Жеке академиялық немесе кәсіби біліктілікті, жоғары оқу орнының бағдарламасын немесе сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерін, белгілі стандарттардың барлығын куаландыратын, формальді түрде компетентті өкілетті органның құптауы. Құптау әдетте институтаралық немесе халықаралық сипатта болады. Жеке тұлғалардың біліктілігін құптау ( дәрежелер, дипломдар, оқу мезгілдері), құптауды алушыға келешекте көмек көрсету немесе жұмысқа тұрғызу мақсатында беріледі. Бұл жерде, құптауды екі түрге бөлуге болады: біріншісі – академиялық, екіншісі біліктілік мақсаттағы (төменді қара) құптау. Бағдарламаны құптау, әдетте, жооның спецификалық оқыту бағдарламасын басқа жооның құптауына жатады. Ол коллегиялық құптау процедураларында тұжырымдалады және студент бір жоодан екінші жооға ауысқанда сол бағдарлама бойынша оқуын жалғастыруға болатындығын және қандай да бір пәнді қайта оқудан босатылатындығын көрсетеді.
Институционалдық құптауға келетін болсақ, ол өзінің сенімділігі, тиімділігі және компетентті органдар (әдетте шетелдік) бекіткен стандарттарға сәйкестілік туралы куәлік алатын сапаны қамтамасыздандыру агенттіктеріне немесе аккредиттеу органдарына қатысты.
Академиялық құптау: бұл студенттерге басқа жооға ауысқанда оқуын жалғастыруға мүмкіншілік беру мақсатында, бір жооның бітірілген курстарын, біліктіліктерін немесе дипломдарын басқа жооның мақұлдауы. Біріңғай Еуропалық жоғары білім зонасында құптаудың үш деңгейі (Лиссабон конвенциясында және Болон декларациясында көрсетілгендей) бар, олардың әрқайсына өз құралы сәйкес келеді:
- жооға түсуге немесе оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін біліктілікті құптау, сонымен қатар жооалдыңғы және кәсіби біліктілікті құптау;
- студенттердің мобильділігін арттыратын оқытудың қысқамерзімді кезеңдерін құптау. Бұл жерде ECTS (кредиттерді ауыстырудың еуропалық жүйесі) негізгі құрал болып табылады.
- Жоғары білімді бітіру туралы дәрежелерді немесе басқа да куәліктерді құптау (негізгі құрал – диплом қосымшасы).
Екіжақтама құптау: Дипломдар мен бағдарламалардың валидтілігі туралы, екі немесе одан да көп институционалдық органдардың келісімі немесе соған ұқсас екі немесе одан да көп аккредитеу агенттіктерінің, осы агенттіктер пайдаланатын методологиялар мен процедураларды құптау туралы келісімі.
Кәсіби құптау (тану, мойындау): «Кәсіби құптау» дегеніміз, практикалық қызмет атқару құқығы дегенді білдіреді және біліктілік алғандардың кәсіби мәртебесін растау.
prikaz kaz
march bul
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA