БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігi (БСҚА)

IQAA Академиялық құрамы

1

Қаланова Шолпан Мұртазқызы

IQAA президенті

Педагогика ғылымдарының докторы, химия ғылымдарының кандидаты, профессор

Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа мемлекеттерде тағылымдамалардан өтті.

Жұмыс тәжірибесі: Қызылорда аграрлық-өнеркәсіптік өндіріс инженерлерінің институты, Жамбыл университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры (1995-2001 ж.). Мемлекеттік тексеру департаменті директорының орынбасары (2001-2006 ж.), ҚР БҒМ Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының директоры (2006-2008 ж.). ҚР Президент әкімшілігінің Стратегиялық зерттемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (2009-2011 ж.). ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті (2011-2013ж.).

Ш.М. Қаланова ҚР «Білім туралы» заңын (2011 ж.), Білімді дамыту жөніндегі 2004-2010 жылдарға, 2011-2020 жылдарға арналған екі Мемлекеттік бағдарламаларын (2010 ж.) әзірлеуде белсенді қатысқан. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалінің, «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісінің иегері. ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Жұмыс телефоны: +7 (7172) 27-77-50
e-mail: skalanova@iqaa.kz

2

Адильгазинов Гайнельгазы Зайнуллинович

Әдістеме және сараптама департаментінің директоры

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі жұмыс өтілі - 30 жылдан астам. Профессор, кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор, бірінші проректор қызметтерін атқарған. ҚР БҒМ «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытудағы қосқан үлесі үшін» төс белгілерінің иегері.

Жұмыс телефоны: +7 (7172) 57-25-05
e-mail: adilgazinov@iqaa.kz

akhmadieva3

Ахмадиева Жанна Куанышевна

Білім беру ұйымдарының аудиті департаментінің директоры

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі жұмыс өтілі - 20 жыл. Оқытушы, кафедра доценті, факультет деканы қызметтерін атқарды. Ғылыми қызығушылықтар аясы: білім сапасын қамтамасыздандыру, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің мирасқорлығы.

Жұмыс телефоны: +7 (7172) 27-72-82
e-mail: ahmadieva@iqaa.kz

8

Джигитчеева Карлыгаш Мухареденовна

Білім беру ұйымдарының аудиті департаментінің бас үйлестірушісі

Химия ғылымдарының кандидаты, доцент

Жоғары, жоғарыдан кейінгі, кәсіптік-техникалық және қосымша білім берудегі оқыту-әдістемелік және ғылыми қызметін басқаруда тәжірибесі бар. «ҚР білім беру ісінің үздігі» және «Ыбырай Алтынсарин» төс белгілерінің иегері, ҚР БҒМ және Атырау облысы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Жұмыс телефоны: +7 (7172) 27-72-73

e-mail: jigitcheyeva@iqaa.kz

imasheva

Имашева Багдат Сакеновна  

Білім беру ұйымдарының аудиті департаментінің бас үйлестірушісі

Биология ғылымдарының докторы, профессор

Сингапур, АҚШ, Дания, Канада, Чехия елдерінде білім және ғылым мәселелері бойынша шетелдік тағылымдамалардан өтті. Марапаттары: ҚР Президентінің Алғыс хаты (2001 ж.), «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі». Аккредиттеу сарапшысы ретінде сертификатталған (Медициналық білім берудің халықаралық федерациясы).

Жұмыс телефоны:+7 (7172) 27-38-19
e-mail: imasheva@iqaa.kz

райымбекова

Раймбекова Жанат Ахатовна

Білім беру ұйымдарының аудиті департаментінің бас үйлестірушісі

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жұмыс өтілі - 20 жылдан астам. Кафедра меңгерушісі, оқу ісі, оқыту-өндіріс ісі, оқыту-әдістемелік бірлестік бойынша директор орынбасары қызметтерін атқарды. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. ҚР БҒМ «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісінің, Құрмет грамотасының иегері.

Жұмыс телефоны:+7 (7172) 27-72-73
e-mail: raimbekova@iqaa.kz

Асылбекова Алия Зейдилдаевна - Талдау және сапа департаментінің аға сарапшысы

assylbekovaҒылым магистрі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Педагогика және психология» мамандығының бакалавриатын, Ворвик Университетінің (Ұлыбритания) «Білім берудегі озаттық және инновациялар» мамандығы бойынша магистратураны және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша PhD докторантурасын аяқтады. Чивнинг (Chevening) стипендиясының иегері.

Жұмыс телефоны: +7 (7172) 48-63-74
e-mail: assylbekova@iqaa.kz

Ковалева Людмила Викторовна - Талдау және сапа департаментінің аға сарапшысы

Lyudmila KovalevaҒылым магистрі

Семей педагогикалық институтының «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді. Назарбаев Университетінде «Білімді басқару» мамандығы бойынша магистр деңгейін иемденді. Ғылыми қызығушылықтар аясы: білім сапасын қамтамасыздандыру, педагогикалық кадрлерді дайындау.

Жұмыс телефоны:+7 (7172) 48-63-74

e-mail: kovaleva@iqaa.kz

Омірбайұлы Дінмұхамед - Дерекқор және ақпараттық технологиялар департаментінің аға сарапшысы

d.oТехника ғылымдарының магистрі

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру» мамандығының бакалавриатын және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» магистратурасын (үздік дипломмен) аяқтады. MS Office, PhotoShop, Corel Draw, РНР, Joomla платформасы бағдарламаларымен жұмыс тәжірибесі бар.

Жұмыс телефоны: +7 (7172) 48-29-62
e-mail: omirbay@iqaa.kz

Ерманова Маржан Алматовна - Дерекқор және ақпараттық технологиялар департаментінің сарапшысы

marzhanЭкономика ғылымдарының магистрі

С.Демирель атындағы университеттің «Ақпараттық деректер» мамандығын бітірді. «Алтын белгі» төс белгісінің иегері. MS Office, PhotoShop, РНР, С#, HTML, Javascript, asp.net, MVC, SQL, веб-программалау.

Жұмыс телефоны: +7 (7172) 27-77-49
e-mail: ermanova@iqaa.kz

Рыскелдинова Анель Нурлановна - Білім беру ұйымдарының аудиті департаментінің аға сарапшысы

ryskeldinova

Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтында (КИМЭП) «Бизнес-экономика» мамандығын бітірді. Неміс білім беру гранты бойынша Фридрих Шиллер атындағы Йен университетінде экономика саласында магистрлік курстарды тамамдады.

Жұмыс телефоны: +7 (7172) 27-24-90
e-mail: ryskeldinova@iqaa.kz

Кайроллина Назерке Серікқызы - Дерекқор және ақпараттық технологиялар департаментінің сарапшысы

nazerke2 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника и телекоммуникациялар» мамандығын (үздік дипломмен) бітірді. «Алтын белгі» төс белгісінің иегері. MS Office, AutoCad, LabVIEW, PhotoShop, Corel Draw, ABC-4, Joomla платформасы бағдарламаларымен жұмыс тәжірибесі бар.

Жұмыс телефоны: +7 (7172) 27-77-49
e-mail: kairollina@iqaa.kz

prikaz kaz
march bul
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA