БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Институционалдық аккредиттеу стандарттары

reg1

Жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу стандарттары

Жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу стандарттары және критерийлері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыруға арналған Еуропалық стандарттарға және нұсқаулықтарға (ESG), Болон үрдісінің талаптарына, жоғары білімді институционалдық аккредиттеу және аудит бойынша әлемдік тәжірибелерге сәйкес әзірленген.

Институционалдық аккредиттеу стандарттары және критерийлері жоғары оқу орындарының білім беру сапасын іштей қамтамасыз етуге арналған.

Институционалдық аккредиттеу стандарттары және критерийлері ESG төрт негізгі принциптеріне негізделеді:

1.Жоғары оқу орындары білім беру қызметін сапалы көрсетуге және оның сапасын қамтамасыздандыруға толығымен жауапты.

2.Сапаны қамтамасыздандыру жоғары білім беру жүйесінің, жоғары оқу орындарының, білім бағдарламаларының және студенттердің түрлілігіне сәйкес келеді.

3.Сапаны қамтамасыздандыру сапа мәдениетінің дамуын қолдайды.

4.Сапаны қамтамасыздандыру студенттердің, барлық мүдделі тараптардың және қоғамның қажеттіліктерін және үміттерін ескереді.

Жоғары білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттары

Гылыми-зерттеу институттарын институционалдық аккредиттеу стандарттары

Ведомстволық бағыныштылыққа және мүлік нысанына тәуелсіз, жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу институттарын институционалдық аккредиттеу стандарттары және критерийлері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Еуропалық стандарттар және нұсқаулықтардың жаңа басылымына, Болон үрдісінің талаптарына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің нормативтік құжаттарына, дипломнан кейінгі медициналық білім беру сапасын жақсарту бойынша Медициналық білім берудің бүкіләлемдік федерациясының халықаралық стандарттарына, ҚР «Ғылым туралы» заңына, институционалдық аккредиттеудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес әзірленген.

Институционалдық аккредиттеу стандарттары және критерийлері резидентура бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыратын медициналық білім және ғылым ұйымдарының ішкі сапасын қамтамасыздандыруға арналған.

Ғылыми-зерттеу институттарының институционалдық аккредиттеу стандарттары

prikaz kaz
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA