БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігi (БСҚА)

IQAA 2015-2018 ж. Даму Стратегиясы

strategy1

Даму Стратегиясы келесі төрт жыл (2015-2018 жж.) ішінде БСҚА жүзеге асыруды   жоспарлаған қызметтің негізгі бағыттарын анықтайтын құжат болып табылады. Даму Стратегиясы сыртқы факторлар өзгерісіне байланысты периодты түрде қарастырылуы мүмкін. 

Даму Стратегиясы мазмұны Агенттіктің сапаны қамтамасыздандырудан Еуропалық стандарттар мен нұсқаулықтарға (ESG) сәйкес жүргізетін, БСҚА барлық қызметкерлері толық және белсенді қатысатын, жоғары, жоғарыдан кейінгі, кәсіптік білім беру және техникалық білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын саясатына негізделген. 

ҚР заңнамасындағы және социумындағы динамикалық өзгерістер барысында  Агенттіктің өз рәсімдерін әзірлеуді мұндай өзгерістерге  тез бейімдеуі жүзеге асады. 

Даму Стратегиясы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Ұлттық реестріне кіретін (24.06.2012 ж. ҚР БҒМ №304 бұйрығы) БСҚА мәртебесіне сәйкес келеді және оқу орындарының институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуін жүргізуге құқығы бар (№ БҒМ-001 сертификаты). 

Даму Стратегиясы  орташа мерзімді мақсаттарды анықтауға арналған, Агенттіктің өз миссиясын тиімді орындауы үшін қызметкерлердің, сыртқы сарапшылардың және басқа мүдделі тараптардың Жарғымен анықталған қызмет бағыттарын қамтамасыздандыруға арналған база болып табылатын негізгі құжат ретінде БСҚА Акрредиттеу кеңесімен бекітілген. 

prikaz kaz
Screenshot 1
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA