БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

 

16. 01. 18

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

a1af21c60e8e9ca83045e7ab5f5587622

9 қаңтар, 2018ж. сағат 19:00-де IQAA ұжымы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының қысқа нұсқасын тікелей эфирден көрді.

DSCN1560 DSCN1565

10 қаңтар, 2018 ж. Ақорда веб-сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні жарияланды. Жолдау 2018 жылғы ел дамуының 10 басым бағытын қамтиды.

Бірінші. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

Екінші. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

Үшінші. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

Төртінші. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

Бесінші. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

Жетінші. Адами капитал – жаңғыру негізі.

Сегізінші. Тиімді мемлекеттік басқару.

Тоғызыншы. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Оныншы. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Мемлекет басшысы білім беру секторын өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке секторы ретінде қарастыруға тиіс екенін атап өтті. Жолдауда Қазақстандағы жоғары және кәсіптік білім беруді дамытудың 2018 жылға қойылған міндеттері:

1. Білім берудің жаңа сапасы. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

2. Аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керектігі – «олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс». Міндет - ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналу талап етіледі.

 3. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарастыру. Міндет - еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту және білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту.

4. «Үш тіл саясатының» белсенді дамуы бойынша жұмыс. Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.

5. 2025 жылға дейін латын әліпбиіне білім берудің барлық деңгейлерінде көшу.

6. Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек. «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.

7. Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады.

8. Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек.

9. Металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек.

10. Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі.

11. Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет.

12. Жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті талап болуға тиіс.

13. Жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуіміз керек.

14. Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек.

15. Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет.

16. Барлық негізгі мамандық бойынша заманауи стандарттар әзірлеу қажет. Бұл стандарттарда жұмыс берушілер мен бизнесмендер міндетті түрде қатысуы. Кәсіби стандарттардың талаптарын ескеріп, білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажет немесе қазіргі бағдарламаларды жаңарту керек.

Жолдаудың толық мәтінін Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтынан алуға болады.

Бірінші. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

prikaz kaz
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa