БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Халықаралық форумдар, конференциялар

mezhdunar forumy konf1  2016 ж. қаңтардың 25-27-сі аралығында Вашингтон қаласында АҚШ-тың жоғары білім беруді аккредиттеу кеңесінің (CHEA) ұйымдастыруымен жыл сайынғы халықаралық конференциясы «Қазіргі кездегі аккредиттеу жағдайы қандай?»

Толығырақ...

Конференцияның пленарлық отырысы  барысында қарастырылатын тақырыптар келесідей:

1. Білім туралы заңының қабылдануы мен ондағы аккредиттеу мәртебесі.

2. Аккредиттеу үшін «тың» идеялар: сараланған шолу, студенттер қаржыландырылуына қол жеткізудің бір қатар жолдары және тексеруші органдар көптігі.

3. Президенттер мен ректорлар: аккредиттеу туралы пікірлер мен аккредиттеу болашағы.

   Сонымен қатар, 2016 ж. қаңтардың 27-28-сі аралығында Вашингтон қаласында CHEA-ның Сапа жөніндегі халықаралық тобының (The CHEA International Quality Group - CIQG) кездесуі  өткізіледі.
EMOOCsEMOOCs 2016 конференциясы 2016 ж. ақпанның 22 мен 24-і аралығында Грац қаласында (Австрия) өткізіледі. Конференция жұмысы келесі бағыттар аясында ұйымдастырылады: институционалды, корпоративті, тәжірибе, зерттеу мен конференция басталғанға дейінгі MOOC.
EUA2016 ж. сәуірдің 7 – 8-і аралығында Еуропа университеттерінің ассоциациясы (EUA) ұйымдастырумен «Европаға арналған біріктірілген модель: сандық кампустарды сәтті түрде құру» атты жыл сайынғы конференция өткізіледі.
Подробнее...
Конференция мақсаты - «біріктірілген модель» стратегиясын құру мен өзара іс-әрекет ету мен өзара байланыс жағдайындағы қиындақтарды жеңудегі Европа жоғары оқу орындарының тәжірибесін айқындау болып табылады. Конференция Ирландияның ұлттық университетінде өтеді (Голуэй қаласы, Ирландия).
EARTOЗерттеу мен технологияларды ұйымдастыру Еуропа Ассоциациясы – EARTO-ның «ЕО-тың инновациялық саясаты: ЕО-тың инновациялық экожүйесі мен өндірістік маңызы бар саласы аясындағы инновациялық инфрақұрылымдармен байланысты жаңа қиындақтар» тақырыбындағы жыл сайынғы конференциясы 2016 ж. сәуірдің 18-19-ы аралығында Гаага қаласында (Нидерланды) өткізіледі.
mezhdunar forumy konf2.png2016 ж. сәуірдің 28-29 аралығында Будапешт қаласында Венгрия) Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясы (The European Network for Quality Assurance in Higher Education, ENQA) мүшелерінің 6-ші форумы өтеді. Биылғы форум Венгрияның Аккредиттеу комитетімен ұйымдастырылады.
asiin 2016 жылдың мымырдың 3-4-і аралығында Берлин қаласында (ГФР) Инженерлік ғылымдар, информатика, жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеу агенттігі (ASIIN) жыл сайынғы «Жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету – оның пайдаланбаған әлеуетінің шешілмеген құпиясы» Қалған бес үлкен мәселелерді қалай шеше аламыз? атты халықаралық конференциясын өткізіду жоспарлауда.
IREG 2016 ж. мамырдың 4-6-сы аралығында Лиссабон қаласында (Португалия) IREG –академиялық ранжирлеу мен жоғары сапа жөніндегі халықаралық IREG обсерваториясының «Академиялық сұрақтар бойынша университеттерді ранжирлеу мен халықаралық әріптестік – байланыстарды орнату құралы ма, әлде бөгет пе?» тақырыбындағы жыл сайынғы 8-ші конференциясы өтеді.
inqaahe2016 ж. мамырдың 22-24-сі аралығында Сигатока қаласында (Фиджи)  Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің Халықаралық желісінің (The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education, INQAAHE) форумы өтеді. Тақырыбы: «Қиын кездерде жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету»
apqn2016 ж. мамырдың 26 – 27-сі аралығында Натадола қаласында (Фиджи) Сапаны қамтамасыздандырудың Азиялық-Тынықмұхиттық желісінің (The Asia-Pacific Quality Network, APQN) ұйымдастыруымен «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы тұрақты даму» тақырыбында халықаралық конференция өткізіледі.

Толығырақ...

Талқыланатын негізгі тақырыптар:

- Сапаны қамтамасыз ету мен тұрақты даму: Еуропалық сапаны қамтамасыз ету  (European Quality Assurance -EQA) басымдықтары, біліктілікті (International Qualifications Assessment - IQA), біліктілік рамкалары мен сыртқы бағалау жүйесін халықаралық деңгейде бағалау.

- Өнімділік, әділеттілік пен шығындарды есепке алғандағы Азиялық-Тынықмұхиттық  аймақтағы жоғары білім беру саласындағы трендтер мен сапаны қамтамасыз етудегі есеп берушілік.

- Университетті басқару мен менеджменті сапасын қамтамасыз ету.

EUA CDE 2016 ж. маусымның 16 – 17-сі аралығында Испанияның Тарргона қаласындағы Ровир и Вирхилий университетінде докторантура мәселелері жөніндегі Кеңестің (EUA-CDE) 9-шы кездесуі өтеді. Бұл барлық мүдделі тараптарға арналған ірі іс-шара болып табылады.
EUA funding forumEUA-ның 3-ші Қаржылық форумы 2016 ж. қазанның 6 – 7-сі аралығында Порту университетінде ( Порту қаласы, Португалия) өткізіледі. Форум жоғары білім беруді қаржыландыруға қатысы бар барлық мүдделі тараптарға (университтер мен студенттерге, мемлекеттік органдарға, қоғамдық және жеке-меншік донорлар мен серіктестерге) арналған бірегей платформа болып табылады.
mezhdunar forumy konf6 2016 ж. қарашаның 17-19-ы аралығында Люблянка қаласында (Словения) Словенияның студенттер одағы ұйымдастырумен Сапаны қамтамасыз етудің 11-ші Еуропалық форумы өтеді.
prikaz kaz
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA