БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы

rukovodstva INQAAHE

INQAAHE (Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің халықаралық желісі) тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы даму кезеңіне тәуелсіз, барлық сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің жұмысында қолдануға арналған. INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы алғаш 2003 жылы басылып шығарылды және 2006 жылы қайта қаралды. INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығының жаңа нұсқасында 2003 жылғы нұсқаны қолданған мекемелердің, бағдарламалардың және сарапшылардың тәжірибесі көрініс тапқан. Ол INQAAHE үздіксіз жетілдіру үдерісін жалғастыру мақсатында әзірленген.

Тиісті тәжірибе туралы нұсқаулық мақсаты - ішкі және/ немесе сыртқы сапаны қамтамасыздандыруда тиісті тәжірибені жетілдіру. Нақты мақсаттарына:

  • сыртқы сапаны қамтамасыздандырудың жаңа агенттіктерін (EQAAs) құру нұсқаулығына арналған қорды (базаны) жасау;
  • сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің өзін-өзі бағалау және сыртқы бағалау барысында қолдануына арналған критерийлерді ұсыну;
  • сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің және олардың қызметкерлерінің арасында кәсіби дамуды жетілдіру;
  • сыртқы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің қоғам алдында есеп беруін жетілдіру.

Берілген ақпарат INQAAHE тиісті тәжирибе нұсқаулығының ресми нұсқасынан алынған.

INQAAHE тиісті тәжірибе туралы нұсқаулығы туралы толығырақ ақпарат INQAAHE ресми веб-сайтында қол жетімді.

prikaz kaz
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa