БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Сарапшының ар-намыс кодексі

1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарын институционалдық және/немесе мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу бойынша сарапшының ар-намыс кодексі (ары қарай - Кодекс) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша сарапшы мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

Жоғары оқу орындарын аккредиттеуге қатысу білім беру мекемелері мен «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» ТМ-сі тарапынан ерекше сенімділік білдіру болып табылады және сарапшылардың адамгершілік, моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Аккредиттеу кезіндегі сенімділік пен батылдылық бағалау жүргізушілердің құзіреттілігіне байланысты болады. Бұл құзіреттілік:

  • жеке қасиеттерін;
  • оқуда, жұмыс барысында, тағылымдамада және бағалау жүргізу тәжірибесінде алған өзінің міндеттерін орындауға қабілетін көрсетуге негізделеді.

Сарапшылар өз құзіреттіліктерін тұрақты кәсіби даму мен сараптамаларға (бағалауға) тұрақты қатысу арқылы жалғастырады және жетілдіріп отырады.

2. Жеке қасиеттері

Сарапшының сараптау (бағалау) жүргізу қағидаларына сәйкес әрекет етуге мүмкіндік беретіндей жеке қасиеттері болуы керек.

Сарапшы:

  • тәуелсіз, яғни, белгіленген ЖОО-н аккредиттеуге қатысты жеке пікірін білдіруі;
  • парасатты, яғни, шыншыл, адал, әділ, байсалды және саналы болуы;
  • ашық, яғни, баламалы ойларды немесе көзқарастарды қабылдауы;
  • байқампаз, яғни, айналадағы адамдармен және олардың қызметтерімен белсенді танысуы;
  • жан-жақты, яғни, түрлі жағдайларға бейімделуге дайын болуы;
  • табандылық, мақсаттарға қол жеткізуге бағытталуы;
  • батылдылық, яғни, логикалық ойлау мен талдаудың негізінде дер кезінде шешім қабылдауы;
  • сенімді, яғни, тәуелсіз әрекет етуге және басқалармен нәтижелі қызмет етуі;
  • дипломаттық, яғни, адамдармен әдепті әрекеттесе алуы тиіс.

3. Сарапшының міндеттері

Сарапшы келесі әрекеттерді орындауға:

  • Агенттікпен келісілген міндеттерді және мерзімді ұстануға;
  • институционалдық және/немесе мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу үшін ұсынылған өзін-өзі бағалау есебімен және басқа да материалдармен мұқият танысуға;
  • жоғары оқу орындарын сыртқы бағалаудың принциптерін, рәсімдерін және әдістерін қолдануға;
  • жұмысты нәтижелі жоспарлау мен ұйымдастыруға;
  • белгіленген мерзімде жоғары оқу орнында сыртқы бағалауды өткізуге;
  • маңызды сәттерде басымдықтар мен бағдарларды орнатуға;
  • нәтижелі сауалнамалар, сұхбаттасулар, құжаттарды, жазбаларды және мәліметтерді байқау мен талдау арқылы деректерді жинауға;
  • сараптама жүргізу үшін таңдамалы зерттеудің тиісті әдістері мен нәтижелерін түсінуге;
  • жинақталған мәліметтердің нақтылығын тексеруге;
  • жоғары оқу орнын сыртқы бағалаудың тұжырымы мен қорытындысының шынайлылығына әсер ететін факторларды бағалауға;
  • білім беру ұйымына сыртқы бағалау жүргізу кезінде қызмет жазбасы үшін жұмыс құжаттарын қолдануға;
  • тілді жеке білу арқылы немесе аудармашының көмегімен нәтижелі ақпарат алмасуға;
  • құпиялылықты сақтауға дайын болуы тиіс.

Сарапшылар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында аккредиттеу рәсімін жүргізу барысындағы өз қызметінде:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын мүлтіксіз сақтап, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін қатаң ұстанып, заңдылық принципін басшылыққа алуы;
  • Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының құқықтары мен мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуі, құқық бұзушылыққа әкелетін әрекеттерге жол бермеуі;
  • еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауы, өзінің қызметтік міндеттерін адал, риясыз және сапалы орындауы, ол үшін өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануы;
  • жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күшін салуы, берілген тапсырмаларды шешу үшін қолайлы және экономикалық тұрғыда тиімді тәсілдерді қолдануы;
  • жемқорлықтың орын алуына қарсы тұруы;
  • өз қызметіне араласуына және жекелеген субъектілер мүдделерінің лоббилендіруіне жол бермеуі;
  • қызметтік ақпараттың өз пайдасы мен жеке мақсаттарына қолданылуына жол бермеуі;
  • өзінің ісіне деген қарым-қатынасымен және тәртібімен ұжымда тұрақты және позитивті моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасуына жәрдемдесуі;
  • өзінің міндеттерін тиісті орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге қарсылық білдіруі;
  • басқа сарапшылар тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуі және тоқтатуы қажет.

4. Сарапшының құқықтары

Сарапшылар:

  • «БСҚА» ТМ-не белгіленген тәртіпте жоғары оқу орындарының қызметін бағалау жүйесін және аккредиттеу рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
  • аккредиттелетін жоғары оқу орнының басшылығынан, алдағы тапсырмаларды орындауға қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
  • жоғары оқу орнында қызмет ететін тиісті лауазымдық тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктеме талап етуге;
  • әкімшілікпен, профессор-оқытушылар құрамымен, қызметкерлермен, жоғары оқу орнының студенттерімен және жұмыс берушілермен әңгімелесу, сауалнама, сұхбаттасу жүргізуге;
  • «БСҚА» ТМ-не өз жұмысының қорытындысы туралы немесе жекелеген кезең туралы есепті немесе анықтаманы ұсынуға құқылы.

5. Мүдделер жанжалы

Егер үміткерге қатысты мүдделер жанжалының болуы туралы шағын күдік туындаса, БСҚА оны сарапшылар тобының мүшесі ретінде тағайындамайды. Осы саясатқа сәйкес:

  • аккредиттелетін жоғары оқу орнымен бір жүйелес бөлігі болып табылатын ұйымда қызмет етсе;
  • соңғы бір жылда осы жоғары оқу орнының бос лауазымдық орнына орналасуға үміткер болған;
  • соңғы 5 жыл ішінде осы жоғары оқу орнының қызметкері болған немесе басқа да тәсілдермен байланыста болған;
  • осы жоғары оқу орнымен ортақ іскерлік, кеңесшілік немесе басқа да қызығушылықтары мен қарым-қатынасы бар;
  • жоғары оқу орнының қызметкерімен туыстық қатынастағы;
  • осы жоғары оқу орнын аккредиттеуге қатысты жеке ойын білдіретін;
  • осы жоғары оқу орнының түлегі болып табылатын;
  • осы жоғары оқу орнының басшылығына (басқармасына) қатысы бар;
  • мүмкін болатын мүдделер жанжалының өзінің жеке аргументтерін ұсынатын тұлғалар сарапшы бола алмайды.

Мүдделер жанжалы туралы БСҚА саясатын толығымен түсінуге кепілдік беру үшін сарапшылар тобының жетекшісі мен мүшелері Сарапшының ар-намыс кодексіне қол қояды. Жоғары оқу орны сарапшылар тобына сыйластық танытуға және келесі жыл көлемінде кеңесші немесе қызметкер ретінде жұмыс ұсынбауға міндеттеледі.

6. Сарапшылар тобының жетекшісі

Жоғары оқу орнының сыртқы бағалауын өткізетін сарапшылар тобының жетекшісі:

  • сарапшылар тобы мүшелерінің лауазымына сәйкес міндеттері мен құзырет көлемін нақты анықтауы және сарапшылар құзыретінің аясынан шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуі;
  • сарапшылар тобының мүшелеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, әдепсіздік және т.б. фактілеріне жол бермеуі;
  • сарапшылар тобының мүшелерін жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келмейтін әрекеттер мен құқыққа қайшы әрекеттерді жасауына мәжбүрлемеуі қажет.

7. Сарапшылар тобының қызметі мәселелері бойынша жұртшылық алдында сөз сөйлеу

Сарапшылар тобының қызметі мәселелері бойынша жұртшылық алдында сөз сөйлеуді оның жетекшісі немесе уәкілетті тұлға жүзеге асырады.

8. Сарапшылар пікірталасты әдепті түрде жүргізуі қажет

Сарапшылар пікірталасты сарапшылар тобының беделін түсірмей, әдепті түрде жүргізуі қажет.

9. Сарапшылардың жұртшылық алдында жарияламағаны дұрыс

Сарапшылардың жоғары оқу орнын аккредиттеуге байланысты өз ойларын жұртшылық алдында жарияламағаны дұрыс, егер ол:

  • жариялануға рұқсат берілмейтін ақпаратты әшкерелесе;
  • әлдебіреуге қатысты этикалық емес пікір болса, жұртшылық алдында жарияламағаны дұрыс.

10. Сарапшының жұртшылық алдында негізсіз айыптауы орны алған жағдайда

Сарапшының жұртшылық алдында әлдебіреудің мүддесін лоббирлеуі, жемқорлыққа қатысты негізсіз айыптауы орын алса, ол бұл айыптауларды жоққа шығару шараларын қабылдауы қажет.

11. Аккредиттелетін жоғары оқу орнының қызметкерлеріне қатысты сарапшылар:

  • сыпайылық танытуы, өзінің қызметтік мансабын ерекшелемеуі және қолданбауы;
  • өзінің шешімдерімен және әрекеттерімен жоғары оқу орны тарапынан негізделген сынға жол бермеуі, өзінің кәсіби қызметін жақсарту және кемшіліктерін жою үшін сындарлы сынды қолдануы;
  • жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды орындауы, әдепті және сыпайы болуы қажет.

12. Сарапшылардың осы Кодексті ұстануы

Сарапшылардың осы Кодексті ұстануы олардың қызметтік борышы болып табылады.

13. Талаптар бұзылған жағдайда

Осы Кодексте қарастырылған талаптар бұзылған жағдайда, біліксіздік бойынша жоғары оқу орындарынан жазбаша дәлелді арыздар түссе, «БСҚА» ТМ оларды Агенттіктегі «сарапшылардың қара тізіміне» енгізуге және алдағы уақытта сыртқы бағалау рәсіміне қатысуына жол бермеуге құқылы.

 

 

prikaz kaz
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa