БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігi (БСҚА)

Сарапшы-студенттерге арналған нұсқаулық

пример1

Институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу рәсімдеріне қатысатын Сарапшы-студенттерге арналған нұсқаулық жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру саласында, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (IQAA) аккредиттеу рәсімдері және стандарттары бойынша студенттерге нұсқаулық беру мақсатында әзірленген. Ол студенттердің сыртқы аудитке қатысуындағы рөлін түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар, Нұсқаулық жоғары оқу орындарының сапасын сырттай бағалау рәсімдерін және стандарттарын IQAA аккредиттеу рәсімдеріне қатыстырылған студенттерге таныстыруға және зерттеуге бағытталған.

Нұсқаулықты әзірлеу барысында QUEST жобасы бойынша Студенттердің еуропалық одағының тәжірибесі пайдаланылды. QUEST жобасы сапаны қамтамасыздандыру үдерістерінде студенттердің қатысуын кеңейту және қолдау мақсатында құрылған. Жоба, Шотландияның сапа үдерістеріндегі студенттердің қатысуын кеңейту агенттігі (Sparqs), Румынияның жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру агенттігі және Германияның аймақтық студенттер органдарының еркін қауымдастығы (fzs) кіретін «Өмір бойында білім алу» ЕО бағдарламасымен қаржыландырылған.

Институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу рәсімдеріне қатысатын сарапшы-студенттерге арналған нұсқаулық (орыс тілінде)

prikaz kaz
march bul
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA