БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

 

03. 03. 17

2017 жылы 2-наурызда IQAA агенттігінде жоғары оқу орындарының басшыларына және өкілдеріне арналған «Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігіндегі сапаны қамтамасыздандыру құрылымы» атты семинары ұйымдастырылды.

Осы семинарға баяндамашы ретінде Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру Еуропалық тізілімінің (EQAR) Хатшылар алқасының директоры Колин Тук (Colin Tück) мырза қатысты.

12

Ол Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыздандыру стандарттары мен нұсқаулықтарын қайта қарастыру Жетекші тобының мүшесі болған, сонымен қатар бірлескен білім беру бағдарламалары сапасын қамтамасыздандырудағы Еуропалық тәсімделеменің бірлескен авторы болып табылады.

Семинар жұмысына ҚР БҒМ қызметкерлері, Аккредиттеу кеңесінің мүшелері, ректорлар, проректорлар, Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері және Агенттік қызметкерлері қатысты.

Семинар аясында келесі тақырыптар қарастырылды:

- ESG 2015 – негізгі өзгерістер;

- Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігіндегі EQARрөлі;

- Сыртқы сапаны шекарадан тыс қамтамасыз ету;

- Бірлескен білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету.

34

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық тізілімі (EQAR) Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыздандырудың стандарттары мен нұсқаулықтарының (ESG) талаптарына сәйкес келетін сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерін тіркеу бойынша жауапты, коммерциялық емес және тәуелсіз орган болып табылады. EQAR министрлер сұратуымен Е4 (ENQA, ESU, EUA, EURASHE) тобымен құрылған, мүдделі тараптармен және үкіметтермен басқарылады және қоғамдық мүдделерге қызмет етеді. EQAR негізгі миссиясы тіркелген сапаны қамтамасыздандыру агенттіктеріне сенімділікті және мойындауды нығайтудан тұрады. Қазіргі таңда Еуропалық тізілімде 44 сапаны қамтамасыздандыру агенттіктері, сонымен қатар тіркелмеген агенттіктері бар үкіметтік мүшелері тіркелген. Қазақстан 2012 жылдан бастап EQAR үкіметтік мүшесі болып табылады.

34

Семинар барысында барлық қатысушыларда EQAR директоры Колин Тук мырзаға және IQAA президенті профессор Ш.М. Калановаға сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері болды. Семинар соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

46 46

Осы шара бойынша толық фотосуреттер жиынтығы IQAA ресми Facebook парақшасында қолжетімді.

Баяндаманың орыс тіліндегі нұсқасы осы сілтеме бойынша қолжетімді.

34

prikaz kaz
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA