БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Апелляциялық комиссия

Білім беру ұйымын аккредиттеу (институционалдық немесе мамандандырылған) жөніндегі қабылданған шешімнің объективтілігін және негізділігін қамтамасыз ету мақсатында құрамында бес адамнан тұратын IQAA Апелляциялық комиссиясы құрылған.

Апелляциялық комиссия Аккредиттеу кеңесі қабылдаған институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі шешімге білім беру ұйымының апелляциясын қарастырады. Апелляция туралы шешімді Апелляциялық комиссия ережеге сәйкес қабылдайды.

Апелляциялық комиссия агенттік президентінің атына 010000, Астана қ., Достық к-сі, 20, 801 офис мекен-жайына жіберілген білім беру ұйымы басшысының қолымен расталған ресми бланкте жазбаша формада берілген білім беру ұйымдарының апелляциясын қарастырады. Келіп түскен апелляция кіріс ақпараттары журналына тіркеліп, Апелляциялық комиссия төрағасына жіберіледі. Ауызша өтініштер қабылданбайды.

Егер апелляциялық өтініш шағымдар қарастыратын рәсімдерге сай келетін сұрақтарды қамтыса, Апелляциялық комиссия бұл сұрақтарды Шағымдар жөніндегі комиссияға жолдайды.

пелляцияға берілген барлық жағдайлар Апелляциялық комиссиямен мұқият қарастырылады, олар бойынша жедел шешімдер қабылданады.

tlepina

Тлепина Шолпан Валерьевна

Аппеляциялық комиссия төрайымы

Заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық құқық кафедрасының профессоры.


  • Білімі: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты (1989 ж.), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасы (1996 ж.), Қазақ гуманитарлық-заң университетінің докторантурасы (2005 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы (1989-1991 жж.);
    • А.Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің стажер-зерттеушісі (1991-1992 жж.);
    • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің оқытушысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жетекші кеңесшісі (1992-1993 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, доценті (1997-1999 жж.);
    • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, Заң факультетінің деканы (1999-2002 жж.);
    • Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры, Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры (2006-2008 жж.);
    • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасы меңгерушісінің м.а. (2008-2016 жж.).

    Қосымша мәліметтер: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құқық» мамандықтар тобы бойынша Оқу-әдістемелік секция төрағасының орынбасары.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

IbrashevaAlima
Ибрашева Алима Хажетовна

Апелляциялық комиссия мүшесі

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Жоғары білім беруді дамыту департаменті директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

  • Білімі: Жамбыл педагогикалық институты (1991 ж.), Жамбыл университетінің аспирантурасы (1999 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Орыс филологиясы кафедрасының оқытушысы, доценті, Әлем тілдері факультеті деканының оқу жұмысы бойынша орынбасары, Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, Ғылыми бағдарламалар орталығының директоры (1991- 2010 жж.);
    • Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Инновациялық және қашықтықтан білім беру технологиялары департаментінің директоры (2010-2012 жж.);
    • «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Білім беру менеджментін зерттеу басқармасының бастығы, Жоғары білім беруді дамыту департаменті директорының орынбасары (2012-2015 жж.);
    • «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Жоғары білім беруді дамыту департаменті директоры (2015 ж. - қазіргі күнге дейін).

    Қосымша мәліметтер: Жоғары білім беру саласындағы жобаларды («Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының стратегиялық менеджментін жетілдіру», «Жоғары білім берудің жетекші жүйелеріне шолу», «Әлемдік деңгейдегі университеттерді құру және дамытудың халықаралық тәжірибесі: жалпы трендтер және тәуекелдерді талдау», «Білім беру реформаларын бағалау және талдау», «Жоғары оқу орындарына дербестікті ендіруді талдау және сараптау») үйлестірді.

    ҚР Білім және ғылым Министрінің грамотасымен марапатталған (2006 ж.).

1kenzhin
Кенжин Болат Маулетович

Апелляциялық комиссия мүшесі

«Қарағанды машинажасау Консорциумы» ЖШС-нің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстандық машина жасаушылар одағы» ҚЗТ басқарма мүшесі, «Орталық Қазақстандағы машина жасау және металл өңдеу» қауымдастығының президенті, «KAZWELD» Қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығының өкілеттілігін ұсынатын комитет төрағасы.


  • Білімі: Қарағанды политехникалық институты, «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері», тау-кен инженер-геофизигі (1975 ж.); Қазтұтодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Экономика және менеджмент» мамандығы (1998 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • КСРО «Қарағанды көмір барлау» экспедициясының геофизигі, шахталық жерасты отрядының бастығы, экспедиция бастығының орынбасары (1975-1997 гг.);
    • ҚарМТУ «Геофизика және геология» және «Физика» кафедраларының доценті, профессоры (2000-2014 жж.);
    • «№1 МашЗавод» ЖШС-нің директоры (2002-2011 жж.).

    Қосымша мәліметтер: Академик А.А. Скочинский атындағы сыйақының лауреаты және Ресейдің тау-кен ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі болып табылады. Қарағанды қалалық мәслихаты Ү шақырылымының депутаты.

sagintaeva
Сагинтаева Аида Кыстаубаевна

Апелляциялық комиссия мүшесі

Назарбаев Университеті (Астана қ.) Жоғары білім беру мектебінің Бас атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

  • Білімі: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (1998 ж.), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университеті, филология ғылымдарының кандидаты (10.02.22 – шетел халықтарының тілдері, неміс тілдері) 2003 ж.), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, мамандығы: Құқықтану (2006 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Ағылшын филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы (1998-2004 жж.);
    • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ағылшын филологиясы кафедрасының меңгерушісі, Жоғары білімнен кейінгі мамандандырылған білім қызметінің бастығы, Халықаралық білім бағдарламары бөлімінің бастығы (2004-2007 жж.);
    • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Оқытуды ұйымдастыру мен мониторинг басқармасының бастығы, Президенті (2007-2009 жж.);
    • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ағылшын филологиясы кафедрасының доценті, Халықаралық ынтымақтастық пен қаржы мәселелері бойынша проректоры (2009-2011 жж.);
    • Назарбаев Университеті Білім саясаты орталығының директоры (2011-2013 жж.).

    Қосымша мәліметтер:М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Бақылау кеңесінің мүшесі, Американдық білім саласындағы зерттеулер ассоциациясы (AERA), Британдық білім саласындағы зерттеулер ассоциациясы (BERA), Салыстырмалы және халықаралық білім ассоциациясы (CIES), Жоғары білім саласын зерттеу ассоциациясы (ASHE) мүшесі.

    «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерімен марапатталған.

prikaz kaz
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA