МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі (IQAA) стандарттары заманауи халықаралық үрдістерді және ұлттық қазақстандық мәнмәтінді ескере мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын аккредиттеуге арнайы әзірленген. Институционалдық аккредиттеу стандарттары мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің барлық жақтарын қамтиды және келесі бағыттардан тұрады:

  • Миссия, көшбасшылық және басқару;
  • Қарым-қатынас;
  • Оқу жоспары, тәрбие және үлгерімді бағалау;
  • Балалар денсаулығы және қауіпсіздігі;
  • Педагогтар құрамының және қызметкерлердің біліктілігі;
  • Физикалық орта.

Стандарттарда нормативтік талаптар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін бағалау өлшемдері көрсетілген және білім беру ұйымына өзін-өзі бағалау есебін әзірлеудегі, сарапшыларға есепті сараптамадан өткізгендегі және сыртқы аудиттегі негізгі құжат болып табылады.

1. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу -тәрбие процесінің тиімділігінің сапасын қамтамасыз ету механизмін ұсыну;

2. Мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің сапасын жақсарту бағытында ұйымның қызметін ынталандыру;

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың ата -аналарына сапалы білім беру қызметтерінің кең спектрінен баласына жеке білім беру жолын таңдауға нақты мүмкіндік беру.

  • Еріктілік: мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымдарын аккредиттеу рәсімі ерікті түрде өтеді;
  • мектепке дейінгі білім мен тәрбие сапасын арттыруға бағдарлану;
  • Адалдық пен ашықтық: ішкі және сыртқы бағалау адал және ашық жүргізіледі, өткізілетін аккредиттеу процесінің барлық қатысушыларына ақпараттың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі;
  • Объективтілік пен тәуелсіздік: ішкі және сыртқы бағалау объективті, үшінші тұлғаларға тәуелсіз жүргізіледі;
  • Білім беру ұйымдарының жауапкершілігі: білім мен тәрбие сапасына негізгі жауапкершілік мектепке дейінгі ұйымға жүктеледі;
  • Сапаны қамтамасыз ету балалардың, барлық басқа мүдделі тараптардың және жалпы қоғамның қажеттіліктерін ескереді.