11 мамыр 2022

Сыртқы бағалау есептерін дайындаудан шетелдік тәжірибені зерттеу бойынша ішкі семинар

2022 жылғы 10 мамырда агенттік қызметкерлері үшін "Шетелдік СЭТ (сыртқы эксперттік тобы) есептерін салыстырмалы талдау" тақырыбында ішкі оқыту семинары өткізілді. Семинарда талдау және сапа бөлімінің аға сарапшылары Омарханова А.М. мен Жарасова Л.Е. сөз сөйлеп, қызметкерлерді халықаралық тәжірибемен және шетелдік агенттіктердің СЭТ есептерін дайындау тәжірибесімен таныстырды.

Агенттік қызметкерлері сыртқы бағалау есептерін жетілдіру және жаңа практикаларды енгізу тәсілдері бойынша пікірталас өткізді. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құзыреттілігін дамытуда және Агенттік жұмысының ішкі процестерін жақсартуда маңызды рөл атқарады.

10 мая 2022 года