ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМДІ АККРЕДИТТЕУ

Институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу рәсімдері Агенттікпен еуропалық және халықаралық стандарттарға сай әзірленген және келесі кезеңдерден тұрады:

Схема аккредитации

• колледждің аккредиттеуге өтінімді және бас лицензияның, білім беру бағдарламаларының лицензияларының көшірмелерін беруі;
• IQAA және білім беру ұйымы арасында аккредиттеуді өткізу туралы келісім-шартқа қол қойылуы;
• үйлестірушіні тағайындау, өзін-өзі бағалау есебін әзірлейтін колледждің жұмыс тобына арналған оқыту семинарының өткізілуі;
• оқу орнының сапаны қамтамасыздандырудың ішкі жүйесін құруы, IQAA стандарттары мен өлшемдеріне сәйкес өзін-өзі бағалау есебін дайындауы;
• өзін-өзі бағалау есебінің алғашқы нұсқасын ұсынуы және IQAA есептің техникалық сараптамасын жүргізуі. Техникалық сараптама нәтижелері ТжКБ ұйымына жөнелтіледі, қажет болған жағдайда өзін-өзі бағалау есебі білім беру ұйымымен өңделеді;
• өзін-өзі бағалау есебінің соңғы нұсқасының және қосымшаларының агенттікке ұсынылуы.

Схема аккредитации

• IQAA Қазақстан оқу орындарының өкілдері, жұмыс беруші және студент кіретін білікті сарапшылар тобын (аудиторларды) құрайды; топтың құрылуы өзін-өзі бағалау есебінің техникалық сараптамасымен қатар жүреді;
• Агенттік білім беру ұйымына сыртқы аудит бойынша сарапшылар тобының құрамы туралы хабарлайды. Егер ТжКБ ұйымында аудиторлардың бірінде мүдделер қайшылығы бар деп күдіктенсе, жазбаша дәлелді түсініктемемен сарапшыны (аудиторды) ауыстыру үшін Агенттікке жүгінуге құқылы;
• үйлестіруші сыртқы аудитке дайындалу үшін сарапшылар тобының мүшелеріне бірнеше апта бұрын өзін-өзі бағалау материалдарын және әдіснамалық қамсыздандыруды жолдайды;
• үйлестіруші сарапшыларды оқыту және аудиттің ұйымдастырушылық мәселелерін талқылау мақсатында сарапшылар тобына алдын ала вебинар өткізеді, оқу орнына тура сапар алдында - брифинг өткізіледі;
• білім беру ұйымына сыртқы аудит (институционалдық аккредиттеуге - 3 күн, білім беру бағдарламаларының бір кластерін бағдарламалық аккредиттеуге - 2 күн). Сыртқы аудит өзін-өзі бағалау есебіндегі ақпараттың растылығын, ұйымдағы істердің нақты жай-күйін бағалаумақсатында жүргізіледі;
• сарапшылар тобы бекітілген үлгіге сәйкес сыртқы бағалау есебін құрайды (ескертулерді және ұсыныстарды көрсете) және үйлестірушіге жолдайды;
• IQAA үйлестірушісі ТжКБ ұйымының қызметін бағалау жөнінде сарапшылар тобының есебін фактологиялық қателіктер орын алса, түзетілуі үшін білім беру ұйымына жөнелтіледі;
• қажет болған жағдайда, ТжКБ ұйымдарына шағымдану рәсімі қолжетімді.

Схема аккредитации

• өзін-өзі бағалау және сыртқы бағалау есептеріне негізделе, үйлестіруші, сарапшылар кеңесімен келісе отырып, Аккредиттеу кеңесіне қорытындыны және презентацияны дайындайды;
• IQAA Аккредиттеу кеңесінің мәжілісінің өткізілуі және ТжКБ ұйымын немесе білім беру бағдарламасын аккредиттеу бойынша шешімнің қабылдануы. Аккредиттеу кеңесі өзін-өзі бағалау және сыртқы бағалау есептеріне, қорытынды мен презентацияға сүйене, тәуелсіз шешім қабылдайды. Алайда, Аккредиттеу кеңесі мүшелерінің пікірлерін, білім бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты және ТжКБ ұйымы бойынша дәлелді негізді ескере бағалау нәтижесі өзгеруі мүмкін;
• ТжКБ ұйымына және сыртқы аудитті жүргізген сарапшылар тобына аккредиттеу жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлау;
• қажеттілік туындаған жағдайда, ТжКБ ұйымдары апелляцияға беруге құқылы;
• Агенттік сайтында сыртқы аудит есебінің, презентацияның және аккредиттеу нәтижелерінің жариялануы. Аккредиттелген білім беру ұйымының, бағдарламаның >IQAA тізіліміне енгізілуі;
• аккредиттелген ТжКБ ұйымының/білім беру бағдарламасының сәйкес Ұлттық тізілімге енгізілуі үшін ақпараттың ҚР БҒМ жіберілуі.

Схема аккредитации

• Агенттікпен тұрақты аккредиттеуден кейінгі мониторингтің өткізілуі.