ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ

Институционалдық аккредиттеу – мәлімделген мәртебеге сәйкес білім беру мекемесінің сапа деңгейін бағалау процесі. Институционалдық аккредиттеу барысында оқу орнының білім беру сапасы және ғылыми қызметі бағаланады.

IQAA институционалдық аккредиттеу стандарттары "Еуропалық жоғары білім кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына" (ESG) сәйкес әзірленген және оқу орындарының білім беру сапасын іштей қамтамасыз етуге арналған.

Жоғары оқу орындарын аккредиттеу стандарттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Жоғары білім сапасын қамтамасыздандырудың еуропалық стандарттары мен нұсқаулықтарына (ESG), Болон үрдісінің талаптарына, институционалдық аккредиттеу және жоғары білім аудиті бойынша халықаралық тәжірибеге сәйкес әзірленген.

Институционалдық аккредиттеу стандарттары және өлшемдері жоғары оқу орындарының білім беру сапасын ішкі сапа кепілдігіне арналған.

Институционалдық аккредиттеу стандарттары мен өлшемдері ESG төрт негізгі қағидатына негізделеді

1. Жоғары оқу орындары білім сапасына және білім беру қызметін ұсыну сапасына толығымен жауапты.

2. Сапаны қамтамасыздандыру жоғары білім жүйесінің, жоғары оқу орындарының, білім беру бағдарламаларының және студенттердің алуан түрлілігіне сәйкес келеді.

3. Сапаны қамтамасыздандыру сапа мәдениетінің дамуын қолдайды.

4. Сапаны қамтамасыздандыру студенттердің, барлық мүдделі тараптардың және қоғамның қажеттіліктері мен үміттерін ескереді.

Жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу стандарттары (2021, қысқаша нұсқасы, орыс тілінде)

БАСТАПҚЫ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ

Жоғары оқу орындарын бастапқы институционалдық аккредиттеу (ex-ante) – түлектері жоқ (білім беру қызметіне мемлекеттік лицензиясы бар) жоғары оқу орнының сапасын мәлімделген мәртебеге және аккредиттеу органының стандарттарына сәйкестігін бағалау процесі.

Білім беру ұйымын бастапқы аккредиттеу мәртебесі оқу орны ESG негізінде әзірленген IQAA аккредиттеу стандарттарына сәйкес келуі үшін өз мүмкіндіктерін көрсеткенде беріледі.

Бастапқы институционалдық аккредиттеу түлектермен сұхбатты және бастапқы аккредиттеу мәртебесін алғаннан кейін сараптама тобының ұсынымдарын орындауды қоспағанда, білім беру ұйымының/білім беру бағдарламасы қызметін институционалдық аккредиттеу стандарттары мен өлшемдеріне сәйкес сыртқы аудит жүргізудің барлық рәсімдерін көздейді.