БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

Бізге 10 жыл!

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Screenshot_1
Screenshot_2

ТжКБ аккредиттеу рәсімі

Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген. Аккредиттеу рәсімі келесі кезеңдерді қамтиды:

1- кезең

  • білім беру ұйымының агенттікке ТжКБ қызметінің қысқаша сипаттамасымен аккредиттеу тапсырысын беруі;
  • агенттік пен білім беру ұйымы арасындағы аккредиттеу жүргізу туралы шартқа қол қою. Шартта тараптардың құқығы мен міндеттері, рәсімнің құны, аккредиттеуді жүргізу мерзімдері көрсетіледі;
  • ТжКБ-мен өзін-өзі бағалау процесі, БСҚА белгілеген стандарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес өзін-өзі бағалау туралы есепті әзірлеу жүргізіледі;
  • өзін-өзі бағалау есебінің алғашқы нұсқасын ұсыну және оны сараптау;
  • сыртқы аудит басталғанға дейін кем дегенде 2 ай бұрын агенттікке өзін-өзі бағалау есебінің қорытынды нұсқасын ұсыну.

2- кезең

  • сарапшылар тобының жұмыс бағдарламасы агенттік бекіткен сыртқы бағалау бойынша стандарттар мен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі;
  • агенттік Қазақстанның ТжКБ ұйымдарының, жұмыс берушілердің өкілдері, студент құрамына енетін құзыретті сарапшылар (аудиторлар) тобын қалыптастырады;
  • топтың құрамы тапсырыс беруші ТжКБ ұйымына сыртқы аудитке дейін 1-2 ай бұрын хабарланады. ТжКБ ұйымы тарапынан аудиторлардың біріне теріс түсінік күдігі туындаған жағдайда, ТжКБ ұйымы жазбаша түсініктеме берілген хатты тіркей отырып, сарапшыны (аудиторды) ауыстыру үшін агенттікке өтініш беруге құқылы;
  • сарапшылар тобы өзін-өзі бағалау материалдарымен танысады, ТжКБ ұйымына барып, сыртқы аудит жүргізеді, соның негізінде сыртқы бағалау туралы есепті дайындап, агенттікке тапсырады;
  • ТжКБ ұйымында сыртқы аудитті жүзеге асыру 2-3 күн бойы жүргізіледі;
  • сыртқы сапар бойынша есеп пен ұсынымдарды сыртқы аудиторлар аудит басталған кезеңнен бастап 2 аптадан асырмай дайындайды, комиссия төрағасы немесе хатшысы оны агенттікке жолдайды;
  • БСҚА ТжКБ ұйымының қызметін бағалау бойынша сарапшылар (аудиторлар) тобынан алынған есепті, егер бар болған жағдайда білім беру ұйымына шағын дәлсіздіктерді жою үшін жолдайды;
  • ТжКБ ұйымы, қажет болған жағдайда сыртқы аудиттің қорытынды есебіне, егер дәлсіздіктер болса, аздаған түзетулер енгізуге құқылы.

3-кезең

  • Агенттік өзін-өзі бағалау материалдарымен және сыртқы аудит есебімен танысқаннан кейін Аккредиттеу кеңесіне қорытынды дайындайды;
  • Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы.
prikaz kz
prikaz krg ru
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa
ihe logo