БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

bul 16
tipo bul 4

 

03. 11. 15

2015 жылғы 30-қазанда БСҚА Президенті Ш.Қаланова Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде «Аккредиттеу: тарихқа экскурс және халықаралық тәжірибе. Қазақстанда білім сапасын қамтамасыздандырудың заманауи жай-күйі»

2015 жылғы 30-қазанда Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің президенті, п.ғ.д., профессор Ш.Қаланова Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде «Аккредиттеу: тарихқа экскурс және халықаралық тәжірибе. Қазақстанда білім сапасын қамтамасыздандырудың заманауи жай- күйі» тақырыбында дәріс өткізді.

NU KSM 131115 1 NU KSM 131115 5

Дәрістің негізгі мақсаты жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыздандыру мәселелерін талқылау, сонымен қатар білім беру сапасын қамтамасыздандырудағы аккредиттеудің рөлі болды. Магистранттар жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру мәселелеріне, бұл процестегі аккредиттеу роліне қызығушылық танытты.

Дәріс соңында БСҚА президентіне Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің өкілдері білім беру сапасын қамтамасыздандыру саласындағы өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойса, өз кезегінде Ш. Қаланова барлық сұрақтарға толығымен жауап берді.

 NU 131115 3 NU 131115 1 

Өткізілген дәрісті қорытындылау барысында БСҚА президенті, профессор Ш.Қаланова Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің магистранттарына білім сапасын қамтамасыздандыру мәселелеріне қызығушылық танытқандарына алғыс білдірді.

NU1

 

prikaz kz
eqar
enqa2
prikaz krg ru
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa
ihe logo