БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

bul 16
tipo bul 4

Сұрақтар мен жауаптар (Болон процесі)

Second cycle degree – екінші циклдың дәрежесі

белгілі бір ғылыми жұмыстан тұратын, оқудың екінші дәрежесін сәтті аяқтаған кезде берілетін жоғары білім біліктілігі. Бұл дәрежені бірінші циклдық дәрежесі бар оқушылар ала алады. 

Seminar – семинар

белгілі бір тақырыпты терең оқуды мақсат еткен және сәйкесті дайындығы мен оқушылардың белсенділігі бар оқытушының басшылығымен өткізілетін аудиторлық сабақ. Әдетте семинарды студенттердің бір тобында бір оқытушы өткізеді.

Student workload – студенттің оқу жұмысының еңбек көлемі

орташа студентке (берілген циклдың/деңгейдің) белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізуіне қажетті сағат өлшемі бойынша берілген уақыт. Бұл уақыттың ішіне осы студентке арналған оқу жұмыстарының кезеңдері ( мысалы, лекция, семинарлар, практикалық және өзіндік жұмыстар, консультациялар, эмтихандар) кіреді.  

Study programme – оқыту бағдарламасы

белгілі бір дәрежені алуға қажетті курс бөлімдерінің немесе модульдердің келісілген жинағы; ол қол жеткізілуі белгіленген кредит санын жинақтауға негізделген оқыту нәтижелерінің терминдерінде анықталады.

Thesis – диссертация

тәуелсіз ғылыми-зерттеу/жобалау жұмыстарына негізделген, белгілі ережелер бойынша (ресми түрде) ұсынылған жазбаша есеп (баяндама); дәреже (әдетте екінші немесе докторлық дәрежені) алудың негізгі шарты болып табылады. Диссертацияның басқа атауы - диссертация (dissertation). 

Tuning - тюнинг (келісу)

музыканың қажет емес диссонанстарсыз ойнауы үшін оркестрдегі әртүрлі аспаптардың үйлесуі.ЕВРОТЮНИНГ жобасы, әдет-ғұрыптың жан-жақтылығы жалпы академиялық кеңістікті құрудың жағымды факторы екендігін мойындай отырып, Еуропадағы жоғары білім беру мекемелерінде келісілген жағдайларды ( «есептеу нүктесін» ) құруды қарастырып отыр. 

Tutorial – топтық консультациялар

курс бөлімінің немесе модульдің талқыланып жатқан материалдарын тереңірек оқып үйренуді немесе қайталауды мақсат еткен оқытушы өткізетін аудиторлық сабақ. Оны әдетте студенттердің кіші тобында бір оқытушы өткізеді. 

Страница 3 из 3
prikaz kz
eqar
enqa2
prikaz krg ru
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa
ihe logo