БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

Бізге 10 жыл!

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

bul13
bul13

 

27. 06. 19

«Қазақстанның үздік колледждерінің Ұлттық рейтингі-2019»

MyCollages College

 

Шолпан Каланова – Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі - Рейтинг президенті, профессор, п.ғ.д.

 

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі – Рейтинг (IQAA-Ranking), техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының 2015 жылдан бері есептегенде бесінші жыл сайынғы Ұлттық рейтингі қорытындысын ұсынады.

Әдіснамаға сәйкес Ұлттық рейтингі көп өлшемді болып табылады, ол колледж қызметінің негізгі көрсеткіштерін алты индикаторлар арқылы бағалайды: соның ішінде студенттер контингенті (15%), студенттердің білім нәтижелері және колледжде іске асырылатын білім бағадарламаларының саны (20%), инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің сапасы (20%), колледж қызметінің сапасы (15%), мекемелермен ынтымақтастық (15%) және қоғамды ақпараттандыру (15%) құрайды, жақшаның ішінде әр индикаторға сәйкес салмақтық пайыздар бөлінгендігі көрсетілген. Колледж көрсеткіштерінің жалпы сомасы 100% болып табылады. Қазақстан колледждерінің Ұлттық рейтингі әдіснамасы  Агенттік сайтында толық көрсетілген.

Әдіснамаға сәйкес, ранжирлеу барысында колледждердің оқыту саласын есепке алады, сондықтан рейтинг 6 бағытта жүргізіледі: көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, аграрлық-техникалық, педагогикалық және медициналық колледждер.

Қазақстандағы көпсалалы колледждердің Рейтингі – 2019

Қазақстандағы техникалық колледждердің Рейтингі – 2019

Қазақстандағы гуманитарлық-экономикалық колледждердің Рейтингі – 2019

Қазақстандағы аграрлық-техникалық колледждердің Рейтингі – 2019

Қазақстандағы педагогикалық колледждердің Рейтингі – 2019

Қазақстандағы медициналық колледждердің Рейтингі – 2019

2019 жылдың рейтингісіне белсенді қатысқаны үшін медициналық колледждерді ерекше атап өтуге болады: рейтингке қатысқан 37 колледждердің ішінде 11-і медициналық бағыттағы колледждер (былтырғы жылы 8 болған). Ең үздік медициналық колледждердің нәтижелері студенттердің білім нәтижелері және колледжде іске асырылатын білім бағдарламаларының саны, инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің сапасы және колледж қызметінің сапасы индикаторлары бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болды.

Үздік колледждердің Ұлттық рейтингі-2019 ата-аналар мен талапкерлер үшін әзірленіп ұсынылған, олар оқу орнына түскен жағдайда өз колледжді дұрыс таңдап білу үшін, сондай-ақ өз жұмыстарын салыстырып талдау үшін ТжКБ ұйымдарының басшыларына, және де басқа да қызығушылық танытқан тараптарға шешім қабылдау үшін ұсынылып отыр.

Рейтинг нәтижелері «Казахстанская правда» газетінде жарияланған (2019 жылы 27 маусым, № 121).

prikaz kz
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa