БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
vuz 17

 

«Сыртқы сараптамалық топты оқыту, есептер дайындау»

жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша
халықаралық конференция

2018 жылдың 15 қазан, Астана қ.

 

 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

«Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» КМ 2018 жылдың 15-қазан күні «Сыртқы сараптамалық топты оқыту, есептер дайындау» атты жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық конференциясын ұйымдастырады.

 

Кімдер қатысады?

Конференцияға жоғарғы білім беру мекемелерінің басшыларын, аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету бойынша бөлім басшыларын, декандар мен кафедра меңгерушілерін, жоғары оқу орындары мен ТжКБ оқытушылары мен студенттерінің арасынан шыққан ұлттық эксперттерді баяндамамен қатысуға шақырамыз. 

 

Спикерлер кім?

Конференцияға Франция, Бельгия, Испания, Армениядан келген шетелдік спикерлер шақырылады. 

 

Талқыланатын тақырыптар?

Конференцияда келесі бағыттар бойынша баяндамалар мен мастер-класстар жоспарлануда:

•  - Сыртқы сарапшылар тобын (ССТ) дайындау: топ жетекшілері, ұлттық және халықаралық сарапшылар, жұмыс берушілер мен студенттер;

•  - ССТ есептерін дайындау.

 

Қатысу форматы?

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Конференцияда қатысушылар ілеспелі синхронды аудармамен қамтамасыз етіледі.

Конференция қатысушыларына белгіленген үлгіде сертификаттар беріледі.

Халықаралық конференцияға қатысу үшін 2018 ж. 10-қазанға дейін ӨТІНІМ үлгісін толтырып, жіберу қажет, немесе МЫНА СІЛТЕМЕ бойынша тіркелуге болады. Заңды тұлғаларға  КЕЛІСІМ ШАРТ жасау қажет.

 

Қатысу құны?

Конференцияға қатысу құны, ҚҚС есептемегенде, бір қатысушыға – 12 000 (он екі мың) теңгені құрайды. Оның құрамына 2 кофе-брейк пен түскі ас кіреді. Тұру және жол жүру ақысы конференцияға қатысушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

• Төлемнің мақсаты: «Халықаралық конференция жұмысына қатысу үшін».

• Қатысу сомасын төлеу туралы ақпаратты: conference2018@iqaa.kz электронды мекен-жайына жіберу қажет. Хатта қатысушының толық аты-жөні мен төлем күнін көрсетіңіз.

 

Өткізілу орны

Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 4, Radisson Hotel Astana (Radisson қонақүйі)

 

Осы ақпаратты өз жұмыстарының материалдарын жариялауға мүдделі ғылыми қоғамдастық арасында таратқаныңыз үшін конференцияның ұйымдастыру комитеті өз ризашылығын білдіреді.

Біз ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз әрі Сіздің ұсыныстарыңызды күтеміз.

Сіздерді конференцияның қатысушылары арасында көруге қуанышты боламыз!

Барлық сұрақтармен аталмыш мекенжайға хабарласуға болады – conference2018@iqaa.kz.

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

 

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa
ihe logo