БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

Бізге 10 жыл!

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Screenshot_1
Screenshot_2

Халықаралық форумдар, конференциялар

2019

inqaahe2019 жылы 25-28 наурыз аралығында Коломбо қаласында (Шри-Ланка) Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша агенттіктер Халықаралық желісінің (INQAAHE) «Сапаны, біліктілікті қамтамасыздандыру және мойындау: жаһандық әлемдегі сенімді тәрбиелеу» атты екі жылда бір рет өтетін 15-ші Конференцияны өткізеді.
apqn2019 жылы 28-31 наурыз аралығында Коломбо қаласында (Шри-Ланка) Сапаны қамтамасыз ету Азия-Тынықмұхиттық желісі (APQN) ұйымдастырған жыл сайынғы «Азия-Тынық мұхит аймағында сапаны қамтамасыздандыру: Болашаққа көзқарас» тақырыбындағы 2019 жылғы Академиялық конференциясы (AAC) мен Жылдық жалпы жиналысын (AGM) өткізеді.
mezhdunar forumy konf2.png2019 жылы 25-26 сәуір аралығында Таллин қаласында (Эстония) Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық желісі (ENQA) мүшелерінің 9-шы форумы өтеді. Іс-шара Эстонияның жоғары және кәсіптік білім беруінің сапасы бойынша агенттігімен (ЕККА) бірлесіп ұйымдастырылады.
EUA2019 жылы 12-14 маусым аралығында Брешиа қаласында (Италия) Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA) «Докторантураның әлеуметтік өлшемі» атты жыл сайынғы EUA-CDE 2019 жылғы жиналысын өткізеді.

2018

mezhdunar forumy konf2.pngЖоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық Ассоциациясының (ENQA) 9-шы Бас Ассамблеясы 2018 жылдың 18-19 қазанында Астана қ. (Қазақстан) өтеді. Іс-шара Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттікпен (IQAA) бірлесіп ұйымдастырылды.
mezhdunar forumy konf6E4-Group (ENQA, ESU, EUA және EURASHE) 2018 жылдың 15-17 қараша аралығында Вена қ. (Австрия) 13-ші Еуропалық сапаны қамтамасыз ету форумын (EQAF) өткізеді. Форум Вена экономика және бизнес университеті (WU) мен Сапаны қамтамасыздандыру және аккредиттеу бойынша Австрия агенттікпен (AQ) бірлесіп ұйымдастырылады.
asiin2018 жылдың 10-11 желтоқсанында Берлин қ. Инженерлік ғылымдар, информатика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру бағдарламалары бойынша аккредиттеу агенттік (ASIIN) Тақырыптық және кәсіби аккредитациялау және сапаны қамтамасыз ету Еуропалық альянспен (EASPA) бірлесіп, «Сапа кепілдігінің жаңа дәуірінің таңы - болашақтан не күте аламыз?» атты 5-ші Халықаралық конференцияны өткізуді жоспарлап отыр.

2017

inqaahe2017 жылдың 27 ақпанынан 2 наурызына дейін Манама қ. (Бахрейн Корольдігі) Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша агенттіктер Халықаралық желісінің (INQAAHE) «Ынтымақтастық пен бәсекелестік арасында: жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің келешегі мен қиындықтары» атты конференциясы өтеді.
EUA2017 жылдың 6-7 сәуірде Берген қ. (Норвегия) Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA) «Автономия және еркіндік: университеттердің болашақтағы орнықтылығы» тақырыбындағы жыл сайынғы конференциясы өтеді.
mezhdunar forumy konf2.png2017 жылдың 4-5 мамырда Осло қ. (Норвегия) Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық желісі (ENQA) қатысушыларының 7-ші Форумы өтеді. Форум Норвегия Білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігінің (NOKUT) базасында өтеді.
apqn2017 жылдың 26-27 мамырда Мәскеу қ. (Ресей) Кәсіптік-қоғамдық аккредиттеу Ұлттық орталығының (Ресей) қолдауымен Сапаны қамтамасыз ету Азия-Тынықмұхиттық желісі (APQN) ұйымдастырған жыл сайынғы «Жаңа көкжиектер: сапаны қамтамасыз ету бойынша аймағы үшін шекараларды жою» атты халықаралық конференциясы өтеді.

Толығырақ...

Конференцияның негізгі тақырыптары: сапаны қамтамасыз ету және сапа өзгеше деңгейін айқындау, жоғары білім сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері, жоғары оқу орындарында ішкі сапаны қамтамасыз ету, трансшекаралық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету.

2016

mezhdunar forumy konf1  2016 ж. қаңтардың 25-27-сі аралығында Вашингтон қаласында АҚШ-тың жоғары білім беруді аккредиттеу кеңесінің (CHEA) ұйымдастыруымен жыл сайынғы халықаралық конференциясы «Қазіргі кездегі аккредиттеу жағдайы қандай?»

Толығырақ...

Конференцияның пленарлық отырысы  барысында қарастырылатын тақырыптар келесідей:

1. Білім туралы заңының қабылдануы мен ондағы аккредиттеу мәртебесі.

2. Аккредиттеу үшін «тың» идеялар: сараланған шолу, студенттер қаржыландырылуына қол жеткізудің бір қатар жолдары және тексеруші органдар көптігі.

3. Президенттер мен ректорлар: аккредиттеу туралы пікірлер мен аккредиттеу болашағы.

   Сонымен қатар, 2016 ж. қаңтардың 27-28-сі аралығында Вашингтон қаласында CHEA-ның Сапа жөніндегі халықаралық тобының (The CHEA International Quality Group - CIQG) кездесуі  өткізіледі.
EMOOCsEMOOCs 2016 конференциясы 2016 ж. ақпанның 22 мен 24-і аралығында Грац қаласында (Австрия) өткізіледі. Конференция жұмысы келесі бағыттар аясында ұйымдастырылады: институционалды, корпоративті, тәжірибе, зерттеу мен конференция басталғанға дейінгі MOOC.
EUA2016 ж. сәуірдің 7 – 8-і аралығында Еуропа университеттерінің ассоциациясы (EUA) ұйымдастырумен «Европаға арналған біріктірілген модель: сандық кампустарды сәтті түрде құру» атты жыл сайынғы конференция өткізіледі.
Подробнее...
Конференция мақсаты - «біріктірілген модель» стратегиясын құру мен өзара іс-әрекет ету мен өзара байланыс жағдайындағы қиындақтарды жеңудегі Европа жоғары оқу орындарының тәжірибесін айқындау болып табылады. Конференция Ирландияның ұлттық университетінде өтеді (Голуэй қаласы, Ирландия).
EARTOЗерттеу мен технологияларды ұйымдастыру Еуропа Ассоциациясы – EARTO-ның «ЕО-тың инновациялық саясаты: ЕО-тың инновациялық экожүйесі мен өндірістік маңызы бар саласы аясындағы инновациялық инфрақұрылымдармен байланысты жаңа қиындақтар» тақырыбындағы жыл сайынғы конференциясы 2016 ж. сәуірдің 18-19-ы аралығында Гаага қаласында (Нидерланды) өткізіледі.
mezhdunar forumy konf2.png2016 ж. сәуірдің 28-29 аралығында Будапешт қаласында Венгрия) Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясы (The European Network for Quality Assurance in Higher Education, ENQA) мүшелерінің 6-ші форумы өтеді. Биылғы форум Венгрияның Аккредиттеу комитетімен ұйымдастырылады.
asiin 2016 жылдың мымырдың 3-4-і аралығында Берлин қаласында (ГФР) Инженерлік ғылымдар, информатика, жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеу агенттігі (ASIIN) жыл сайынғы «Жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету – оның пайдаланбаған әлеуетінің шешілмеген құпиясы» Қалған бес үлкен мәселелерді қалай шеше аламыз? атты халықаралық конференциясын өткізіду жоспарлауда.
IREG 2016 ж. мамырдың 4-6-сы аралығында Лиссабон қаласында (Португалия) IREG –академиялық ранжирлеу мен жоғары сапа жөніндегі халықаралық IREG обсерваториясының «Академиялық сұрақтар бойынша университеттерді ранжирлеу мен халықаралық әріптестік – байланыстарды орнату құралы ма, әлде бөгет пе?» тақырыбындағы жыл сайынғы 8-ші конференциясы өтеді.
inqaahe2016 ж. мамырдың 22-24-сі аралығында Сигатока қаласында (Фиджи)  Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің Халықаралық желісінің (The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education, INQAAHE) форумы өтеді. Тақырыбы: «Қиын кездерде жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету»
apqn2016 ж. мамырдың 26–27-сі аралығында Натадола қаласында (Фиджи) Сапаны қамтамасыздандырудың Азиялық-Тынықмұхиттық желісінің (The Asia-Pacific Quality Network, APQN) ұйымдастыруымен «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы тұрақты даму» тақырыбында халықаралық конференция өткізіледі.

Толығырақ...

Талқыланатын негізгі тақырыптар:

- Сапаны қамтамасыз ету мен тұрақты даму: Еуропалық сапаны қамтамасыз ету  (European Quality Assurance -EQA) басымдықтары, біліктілікті (International Qualifications Assessment - IQA), біліктілік рамкалары мен сыртқы бағалау жүйесін халықаралық деңгейде бағалау.

- Өнімділік, әділеттілік пен шығындарды есепке алғандағы Азиялық-Тынықмұхиттық  аймақтағы жоғары білім беру саласындағы трендтер мен сапаны қамтамасыз етудегі есеп берушілік.

- Университетті басқару мен менеджменті сапасын қамтамасыз ету.

EUA CDE 2016 ж. маусымның 16–17-сі аралығында Испанияның Тарргона қаласындағы Ровир и Вирхилий университетінде докторантура мәселелері жөніндегі Кеңестің (EUA-CDE) 9-шы кездесуі өтеді. Бұл барлық мүдделі тараптарға арналған ірі іс-шара болып табылады.
EUA funding forumEUA-ның 3-ші Қаржылық форумы 2016 ж. қазанның 6–7-сі аралығында Порту университетінде ( Порту қаласы, Португалия) өткізіледі. Форум жоғары білім беруді қаржыландыруға қатысы бар барлық мүдделі тараптарға (университтер мен студенттерге, мемлекеттік органдарға, қоғамдық және жеке-меншік донорлар мен серіктестерге) арналған бірегей платформа болып табылады.
mezhdunar forumy konf6 2016 ж. қарашаның 17-19-ы аралығында Любляна қаласында (Словения) Словенияның студенттер одағы ұйымдастырумен Сапаны қамтамасыз етудің 11-ші Еуропалық форумы өтеді.
prikaz kz
prikaz krg ru
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa
ihe logo