БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

Бізге 10 жыл!

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Screenshot_1
Screenshot_2

 

18. 09. 19

"Цифрландыру арқылы трансформация: Университеттер және Сапаны Қамтамасыз ету Жүйелері" Білім Сапасын Қамтамасыздандыру Бойынша II Еуразиялық Форум

DSC_1034.jpg

 

«Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі 16 қыркүйек 2019 жылы Үздіксіз кәсіби даму бюросында (АХҚО) "Цифрландыру арқылы трансформация: Университеттер және Сапаны Қамтамасыз ету" білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша екінші Еуразиялық форумын өткізді.

Жыл сайынғы білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша Еуразиялық форум – бұл жоғары білім саласындағы өзекті тақырыптарды талқылауға арналған алаң. Форум барысында 170 жоғары өкіл 42 қазақстандық жоғарғы оқу орындарынан қатысты, олардың қатарында ұлттық университеттер мен Назарбаев Университеті, және де сарапшылар, жұмыс берушілер және студенттер өкілдері.

Сонымен қатар іс-шарада алыс-жақын 6 мемлекеттен де қонақтар қатысты: Біріккен Корольдігі, Нидерланд, Ресей, Украина, Молдова және Қырғыстан. Бұл қазіргі білім беру қоғамдастығы мен еңбек нарығының цифрландыру мәселесіне үлкен қызығушылығын білдіреді.

Тематика форума этого года была выбрана не случайно – цифровизация Казахстана признана одним из ключевых факторов развития государства. Интеграция современных технологий, инновационное развитие и технологическое обновление непосредственно связаны с системой образования и, как результат, с обеспечением качества.

Биылғы форумның тақырыбы кездейсоқ таңдалмады - Қазақстанды цифрландыру мемлекет дамуындағы маңызды факторлардың бірі ретінде танылды. Заманауи технологиялардың интеграциясы, инновациялық даму және технологиялық жаңарту білім беру жүйесіне, және де нәтижесінде сапаны қамтамасыздандыруға тікелей байланысты.

Іс-шара екі бөлімнен тұрды: панельді және параллельді сессиялардан. Іс-шара бағдарламасының бұл форматы барлық қатысушыларға цифрлық білім беру аясында өздерін қызықтыратын көптеген тақырыптарды қамтуға мүмкіндік берді.

 

DSC_0001 DSC_0621

 

Биыл негізгі спикерлер Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық реестрі (EQAR) президенті, профессор Карл Дитрих, Британдық аккредитация агенттігі QAA директоры Дуглас Блэксток болды. Форумға қатысушылар сапаны қамтамасыз ету саласындағы жетекші әлемдік сарапшылардан қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік алды.

 

DSC_9875 DSC_9930

 

Іс-шараны аша отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы Доскенов Талғат Қазкенұлы цифрландыру экономика дамуындағы басты бағыттардың бірі болғанын атап өтті. Үздіксіз кәсіби даму бюросының атқарушы директорының орынбасары Эльмира Сейдазимова өзінің құттықтау сөзінде барлық қатысушыларға форум жұмысында қызықты ілгерілеулер мен қызу пікірталастар тіледі.

 

DSC_0078 DSC_0163.JPG

 

Форумның пленарлық отырысын IQAA Бақылау кеңесінің төрағасы Жақсыбек Абдрахметұлы Кулекеев жалғастырды.

 

DSC_0987 DSC_0471

 

Satbayev University проректоры Искаков Ринат Маратұлының, IQAA президенті Каланова Шолпан Муртазқызының және BTS білім беру бөлімінің директоры Саясат Нұрбектің баяндамалары тыңдаушыларды үлкен қызығушылықпен қабылдады. Спикерлер жоғары білім беру мен сапаны қамтамасыз етудің қазіргі тенденциясы туралы пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар өздерінің таныстырылымы кезінде жасаған пікірталастың арқасында барлығы «орнында қалу үшін жылдам жүгіру керек, бірақ бір жерге жету үшін, кем дегенде екі есе жылдам жүгіру керек» деген жалпы қорытындыға келді.

 

DSC_0749 DSC_0586.JPG

 

Шетелдік спикерлердің арасында Киев ұлттық құрылыс және сәулет университеті Инновациялық білім беру институты директорының ғылыми-педагогикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, профессор, философия ғылымдарының докторы Олеся Линовицкая және Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша ұлттық агенттігінің (ANACEC) төрағасы, профессор, техника ғылымдарының докторы Андрей Кичук баяндамалар жасады. Сессия модераторы, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің деканы, Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы цифрлық білім беруді қамтамасыз етудің ерекшеліктері туралы пікірталас ұйымдастырды. Түстен кейін үш параллель сессия өткізілді, оның спикерлері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректоры Тимур Фаридович Умаров, Ақпараттық-талдау орталығының білім беру статистикасы және ақпараттық жүйелерді қолдау департаментінің директоры Азат Тиштыбаев Ашенович, AlmaU бірінші проректоры, білім беруді дамыту Институтының директоры, Алмагүл Медихатқызы Қанағатова, Е.А. Букетова атындағы ҚарМУ Халықаралық ынтымақтастық бөлімі басшысы Минаева Елена Викторовна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жаңа білім беру технологиялары институтының директоры Мусинова Асель Ахметовна, Халел Досмұхамедов атындағы АМУ «Бағдарамалық инженерия» кафедра меңгерушісі, IТ- орталығы меңгерушісі Габбасова Жанна Дуйсембаевна болды.

 

DSC_0830 DSC_0949

 

Параллель сессиялар барысында қатысушыларға форумның негізгі бағыты бойынша баяндамашыларға арналған тақырыптардың кең таңдауы ұсынылды, бұл әркімге өздеріне қажетті ақпаратты алуға және өздерін қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік берді. Барлық сессиялар өте нәтижелі және интерактивті өтті, сонымен қатар қызықты пікірталастар тудырды.

"Цифрландыру арқылы трансформация: Университеттер және Сапаны Қамтамасыз ету Жүйелері" Білім Сапасын Қамтамасыздандыру Бойынша II жыл сайынғы Еуразиялық Форумның аяқтаушы спикері цифрландыру аясындағы жоғары білімнің қайта құрылуы туралы баяндаған Yessenov University ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлы болды.

 

DSC_0785 DSC_1012

 

Форумды басқарған және пікірталастарды бастаған барлық модераторлардың кәсібилігін бөлек атап өткен жөн. Олардың арасында IQAA Аккредитациялық Кеңестің Төрағасы Ударцев Сергей Федорович, «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ кеңесшісі Сырғалиев Ержан Өмірханұлы, IQAA Аккредитациялық Кеңестің мүшесі, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Гамарник Геннадий Николаевич сияқты қазақстандық білім беру саласындағы елеулі тұлғалар болды.

 

DSC_0321 DSC_0933

 

Форумның бай бағдарламасы, баяндамашылардың қызықты баяндамалары мен қызу пікірталастар барлық қатысушыларға білім және сапаны қамтамасыздандыру саласындағы көшбасшылардан таптырмайтын білім алуға мүмкіндік берді.

Форум материалдары іс-шараға қатысушыларға қолжетімді және жеке электрондық пошта арқылы жіберіледі. Суреттер осы сілтеме бойынша қол жетімді: https://cloud.mail.ru/public/3WMx/3VZZV91FP.

prikaz kz
prikaz krg ru
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa
ihe logo