БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

Бізге 10 жыл!

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

bul13
bul13

IQAA Байқау кеңесі

Байқау кеңесі – сайланбалы, алқалы орган, құрамына академиялық қауымдастық, аккредиттеу органы мен жұмыс берушілердің өкілдері енеді.

Байқау кеңесі Агенттік қызметінің басым бағыттарын айқындауға, даму стратегиясын, перспективалық жоспарларын, жылдық және қаржылық есептерін бекітуге жауапты.

 

kulekeev1
Кулекеев Жаксыбек Абдрахметович

IQAA Байқау кеңесінің Төрағасы

Профессор, экономика ғылымдарының кандидаты, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институтының бас директорының кеңесшісі, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми кеңесінің мүшесі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экономикалық сарапшылар кеңесінің мүшесі, ҚР Білім және ғылым экс-министрі. IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі (2016 – 2018 жж., маусым).


  • Білімі: Қазақ мемлекеттік университеті, механика және қолданбалы математика факультеті (1979 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі (1979 – 1995 жж.);
    • Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттігінің төрағасының орынбасары, төрағасы (1995 – 1999 жж.);
    • Қазақстан Республикасының Экономика министрі (1999 – 2002 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Есептік комитетінің төрағасы (2002 – 2003 жж.);
    • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (2003 – 2004 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры (2005 – 2006 жж.);
    • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті (2006 – 2007 жж.);
    • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті (2007 – 2008 жж.);
    • «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институтының бас директорының кеңесшісі (2010 ж. бастап – қазіргі күнге дейін).

    Ғылыми еңбектері, мақалалары: 10-аса аса кітаптар мен монографиялардың, 100-ден аса мақалалардың авторы.

IQAA байқау кеңесінің мүшелелері

Maiki
Майки Удам

Тәуелсіз халықаралық сарапшы, PhD докторы. IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі (2014 – 2018 жж., маусым).


  • Жұмыс тәжірибесі:

    • Эстония Білім және ғылым министрлігіндегі білім беру департаментінің басшысы (1998 – 2001 жж.);
    • Таллин технологиялық университеті академиялық мәселелер жөніндегі департамент басшысы (2002-2009 жж.);
    • Еуропалық мемлекеттер Консулдығында Ұлттық біліктілік шеңберінің кеңесшісі (2008 – 2009 жж.);
    • Эстониядағы Болон үрдісінің сарапшысы (2009 – 2013 жж.);
    • Білім беру сапасын қамтамасыздандыру жүйесін дамыту жөніндегі Финляндия және Эстонияның біріккен жобасындағы қысқа мерзімді сарапшысы (2012 – 2014 жж.).
    • Эстония аккредиттеу агенттігінің (EKKA) халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі директоры (2009 – 2018 жж.);
    • INQAAHE Жоғары білім беру аккредитациялық агенттіктердің халықаралық желісі басқармасының директоры (2015 – 2018 жж.).

    Ғылыми еңбектері, басылымдары: 15-тен аса ғылыми мақалалары жарыққа шыққан. Ғылыми жобалардың және ENQA «Сапаны қамтамасыздандырудың қолжетімді есептері арқылы Еуропалық жоғары білім берудің мөлдірлігі», «Ішкі сапа қамтамасыздандырудың ықпалын бағалау: ішкі сапа қамтамасыздандырудың сыртқы бағасын қолдану» атты жобаларының қатысушысы және үйлестірушісі болып табылады.

    Сертификаттары: Халықаралық ұйымдардың біліктілікті жоғарылату сертификаттарының иегері.

tasmaganbetov
Тасмаганбетов Гани Мергалиевич

Астана қ. «EL DEVELOPMENT» ЖШС директоры .IQAA Байқау кеңесінің мүшесі.

 


  • Білімі:Шиншу Университеті, Нагано, Жапония (2005 ж.); магистратура Хитотсубаши Университеті, Токио, Жапония (2007 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Халықаралық қатынастар департаменті халықаралық ынтымақтастық және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу басқармасының бастығы (2007 – 2008 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңесшісі (2008 – 2009 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының сарапшысы, кеңесшісі, сектор меңгерушісі (2009 –2012 жж.);
    • Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы (2012 – 2015 жж.);
    • Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры (2015 – 2018 жж.)
    • IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі (2014 – 2018 жж., маусым);
    • «EL DEVELOPMENT» ЖШС директоры (2018 ж. – қазіргі күнге дейін);
3s
Каланова Шолпан Муртазовна

Профессор, педагогика ғылымдарының докторы.

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің президенті. 

 


  • Білімі: Қазақ химия-технологиялық институты (үздік диплом), инженер химик-технолог, Қазақ ғылым академиясы органикалық катализ және электрохимия институтының аспирантурасы.

    Шетелдік тағылымдамалары: Гумбольдт атындағы университет (Берлин қ., 1978 – 1979 жж.), Блумингтондағы Индиана университеті (2001 ж.), Оңтүстік Кореядағы KOICA Агенттігі (2002 ж.).

    Ғылыми дәрежелері мен атақтары: химия ғылымдарының кандидаты (1977 ж.), доцент, педагогика ғылымдарының докторы (Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, 1999 ж.), ҚР БҒМ ЖАК профессоры (2001 ж.)..

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Қарағанды мемлекеттік университеті (1976 – 1982 жж.), Центрсоюз Қарағанды кооперативтік институты (1982 – 1992 жж.), аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі;
    • Оқу ісі жөніндегі проректор: Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты, Жамбыл мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (1992 – 2001 жж.);
    • Мемлекеттік Инспекциялау және мониторинг департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Әкімшілік департаменті директорының орынбасары (2001 – 2006 жж.);
    • ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының директоры (2006 – 2008 жж.);
    • Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің президенті (2008 – 2009 жж.);
    • ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті (2011 – 2013 жж.);
    • Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің президенті (2013 ж. бастап – қазіргі күнге дейін)

    Ғылыми еңбектері, басылымдары: Является автором и соавтором 3-х монографий, 4-х учебных пособий и более 170 научных и методических статей.

    Марапаттары: «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасының оқу озаты, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі.

prikaz kz
eqar
enqa2
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa