02 июня 2023

IQAA INQAAHE 2023 "Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жол картасы 2030" 17-ші биеннале-конференциясын ұйымдастырды

2023 жылғы 29 мамыр мен 1 маусым аралығында Астана қаласында "Астана" Халықаралық қаржы орталығының базасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тарапынан "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ, Астана қаласы әкімдігінің тарапынан ЖШС "Astana Development Group"  және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ қолдауымен "Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жол картасы 2030" тақырыбында жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің халықаралық желісінің (INQAAHE) 17-ші Халықаралық конференциясы өткізілді. 2021 жылы білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) барлық мүшелер арасында конкурстық негізде INQAAHE осы конференцияның ұйымдастырушысы болып сайланды.

INQAAHE-жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету теориясы мен тәжірибесымен айналысатын 300-ден астам ұйымды біріктіретін дүниежүзілік қауымдастық болып табылады. Қауымдастық 30 жылдан астам уақыт бұрын құрылған және ЮНЕСКО-ның серіктесі болып табылады. Қауымдастық мүшелері ретінде әлемнің 97 елінен жоғары білім беру аккредиттеу агенттіктері мен жоғары оқу орындары, соның ішінде IQAA,  болып табылады.

1.jpg   2.jpg   2 135A0948

                 

Білім адамның негізгі құқықтарының бірі, бейбітшілікті нығайтудың негізі және адамзаттың тұрақты дамуының факторы болып табылады және БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі 17 Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) қатарына кіреді. ЮНЕСКО бұл қызмет бағытын өзінің басты міндеті ретінде қарастырады. Сондықтан, жоспарланған конференцияның тақырыбы ЮНЕСКО-ның "2030 жылға қарай шекарасыз: жоғары білім беруді қайта ойластырудың жаңа жолдары" Жол картасын іске асыруды қолдаудағы сапаны бағалаудың рөліне арналған.

Конференция әлемнің 60 елінен келген Жердің барлық бес құрлығын біріктіретін маңызды халықаралық оқиға болып табылады. Конференция жұмысына жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшылар, ЮНЕСКО-ның жетекші сарапшылары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, шетелдік және қазақстандық аккредиттеу агенттіктері мен университеттерінің өкілдері қатысты.

3 135A0972   4 135A1025   135A0334

Конференция күндері білім беру саласындағы беделді сарапшылар болып табылатын 40-қа жуық баяндамашы баяндама жасады. Конференцияда 250 қатысушы офлайн және онлайн нысандарда жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту, білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту жөніндегі жаһандық күн тәртібін қолдау үшін инновациялық, икемді және инклюзивті шешімдер бағытында ЮНЕСКО-ның жол картасы бойынша ілгерілеуді қолдау үшін сапаны бағалаудың рөлін талқылады.

135A0360   135A0414   135A0546

Конференцияда жоғары білім берудегі негізгі сын-қатерлерді көрсететін 4 негізгі тақырыптар қарастырылды: оқытудың икемді траекториялары, сапаны жоғалтпай оқыту мен оқытуды цифрландыру, трансшекаралық білім беру сапасын қамтамасыз ету, жоғары білім берудің негізгі құндылықтары.

"Оқытудың икемді траекторияларының сапасын арттыру" тақырыбы шеңберінде микро-дәрежелерге, ұлттық және өңірлік біліктілік шеңберлерінің рөліне, ұтқырлық бағдарламаларына, қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларына және біліктілікті алудың басқа да дәстүрлі емес жолдарына байланысты аспектілер талқыланды.

135A0602   135A0636   135A0721

135A0748   135A0777   135A0855

"Сапаны жоғалтпай оқыту мен оқытуды цифрландыру" тақырыбы шеңберінде онлайн және аралас оқытуды тану, жаһандық пандемия кезінде алған тәжірибе, онлайн оқыту сапасын қамтамасыз етудің инновациялық тәсілі, сондай-ақ жасанды интеллект дәуіріндегі сапаны қамтамасыз етудің тәсілдері мен мүмкіндіктері мәселелері талқыланды.

"Трансшекаралық білім беру сапасын қамтамасыз ету" тақырыбы шеңберінде сапалы білімге жаһандық қолжетімділікті кеңейту үшін халықаралық академиялық әріптестіктердің проблемалары мен мүмкіндіктері талқыланды.

135A0949   135A1279   135A1397

"Жоғары білім берудің негізгі құндылықтары мен сапасы" тақырыбы аясында қазіргі әлемнің жылдам өзгерістері мен күйзелістерін ескере отырып, жоғары білім берудегі инклюзивтілік, тұтастық, тәуелсіздік, академиялық еркіндік, ынтымақтастық және интернационалдандыру сияқты құндылықтарды қорғауға және нығайтуға ықпал ететін нақты тәсілдер талқыланды.

Жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін қолайлы орта ретінде жоғары білімнің тұрақты жүйесін қалыптастыруға көмектесетін аталған құндылықтарды нығайту және оларға берілгендік тәсілдері талқыланды.

135A1450   135A1456   135A1469

                                              135A1533   135A1541

IQAA әлеуметтік-мәдени бағдарлама аясында конференцияға қатысушылар үшін Astana Opera театрына баруды ұйымдастырды, онда Джакомо Пуччинидің "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы өтті. Қала бойынша экскурсиялық тур аясында конференцияға қатысушылар Астананың жетекші университеттеріне, Назарбаев Университеті және М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетіне барып, білім беру және ғылыми қызметтерімен танысты. Қала әкімдігінің қолдауымен "Astana Development Group" ЖШС атынан Бәйтерекке, Тәуелсіздік алаңына және Grand Mosque мешітіне бару ұйымдастырылды. Толық фото есеп агенттіктің ресми Facebook парақшасында сілтеме арқылы қол жетімді.