01 қазан 2019

«Қазақстан студенттер альянсымен» кездесу

2019 ж. 1 қазанында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде (IQAA) «Қазақстан студенттер альянсы» (ҚСА) студенттер қозғалысының өкілдерінің IQAA президенті Каланова Шолпан Муртазовнамен және Жоғары оқу орындарын және ҒЗИ аккредиттеу бөлімінің басшысы Ахмадиева Жанна Куанышевнамен кездесуі өтті. «Қазақстан студенттер альянсы» атынан президенті - Ильяс Тустикбаев, атқарушы директоры - Салык Назгуль, аппарат басшысы - Тагай Улжан және менеджер - Танирбергенов Жангир қатысты.
Кездесу барысында ҚСА Еуропалық студенттер одағына (European Students’ Union, ESU) ену мүмкіндігі, Қазақстан студенттерінің потенциалын және білім мүмкіндіктерін дамыту, қазіргі білім беру жүйесіндегі студенттердің рөлі және т.б. сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар , Шолпан Муртазовна ҚСА президентіне IQAA орыс тіліне аударған, Еуропалық студенттер одағымен әзірленген, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуге қатысатын студент-сарапшыларға арналған екі Нұсқаулықты таныстырды.
Кездесу нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты - білім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған серіктестік пен ынтымақтастық орнату.
Сонымен қатар, БҚАА Аккредиттеу Кеңесінің құрамына студенттердің өкілі ұсынылды.

 

DSCN46281 min DSCN4615 min

DSCN4620 min DSCN4623 min