25 тамыз 2021

IQAA мен QAA агенттігі (Ұлыбритания) арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

2021 жылғы 25 тамызда Қазақстандағы Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) және Ұлыбританиядағы Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру агенттігі (QAA) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. 1997 жылы құрылған QAA агенттігі Ұлыбритандық жоғары білім берудегі академиялық стандарттарды қамтамасыз ететін және халықаралық стандарттар мен сапа әзірлемелеріне қатысатын әлемдегі жетекші агенттіктердің бірі болып табылады.

25.05.21

QAA-ның бас директоры Дуглас Блэксток IQAA-мен ортақ келісімге қол қою бірлескен ынтымақтастық және сапалы жоғары білім алу үшін маңызды екенін атап өтті. QAA басшысы, сондай-ақ, IQAA-мен әріптестік институционалдық аккредиттеу стандарттары мен өлшемдерді жетілдіру бойынша кеңес беруді өткізуге және Қазақстандағы трансұлттық білім беру мәнмәтінінде Британдық провайдерлер үшін есептер дайындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

IQAA Президенті Шолпан Каланова оқу орындарын бағалау және аккредиттеу саласындағы тәжірибемен алмасуға, Ұлыбритания мен Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін екі агенттіктің бірлескен жұмысының артықшылықтарына, сондай-ақ ақпарат алмасуға, аккредиттеуге қатысатын қызметкерлер мен сарапшылардың кәсіби дамуына назар аударды.

QAA және IQAA агенттіктері жоғары оқу орындарында сапа мәдениетін дамытуды қолдайды, өйткені екі ұйым да жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық агенттіктер желісінің (INQAAHE) мүшесі болып табылады. INQAAHE-нің негізгі мақсаты - жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық тәжірибені дамыту.

Атап айтқанда, академиялық адалдықты ілгерілету және Қазақстандағы трансұлттық жоғары білім беру жүйесін дамыту екі агенттік қарастыратын мәселелер болып табылады. Ынтымақтастық үлкен маңыздылыққа ие және өзара тиімді іс-қимыл арқылы халықаралық әріптестікте табысқа жетуге бағытталған.