04 қыркүйек 2023

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы

2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Агенттік басшылығы мен қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауын мұқият тыңдап, үлкен әсер алды. IQAA президенті Каланова Ш.М. биылғы Жолдаудың бұрынғы Жолдаулардан сипаты мен құрылымы жағынан ерекшеленетінін атап өтті.

IMG_20230904_082243_7131.jpg IMG_20230904_082252_2861.jpg

Биыл Елбасы еліміздің экономикасы, саясаты мен мәдениеті ғана емес, судың қолжетімділігі мен сапасы сынды өмірлік маңызды мәселелерге де тоқталды. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады.

Көлік-логистика саласының көптен күткен мәселесі көтерілді. Президент теңіз инфрақұрылымын дамыту, Көлік министрлігін қалпына келтіру қажеттігін, жалпы алғанда, Қазақстан Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтып, толыққанды көлік-логистикалық державаға айналуы тиіс екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол цифрландыру мен инновация мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін, Қазақстанды ІТ-елге айналдыру стратегиялық маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Ол аймақтық жоғары оқу орындарының базасында барлық облыс орталықтарында біртұтас инновациялық экожүйені құру міндетін қойды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өңірлерге іссапарлары кезінде талантты, креативті азаматтарды жиі кездестіріп тұратынын айтты. Креативтік индустрия экономика мен жұмыспен қамтудың өсу нүктелерінің бірі болғандықтан, Елбасы әрбір облыс орталығында таланттарды тарту пункттері – Креативтік индустрия орталықтарын құру және «креатившілдерді» қолдау бойынша жеке шаралар кешенін әзірлеу қажеттігін мәлімдеді.

Одан әрі Президент орта бизнесті дамыту, отандық кәсіпкерлікті одан әрі қолдауды қамтамасыз ететін және ең бастысы бюджеттік қаржыландыру арқылы өзекті мәселелерді жедел шешуге тиіс жаңа жүйені енгізу мәселесіне тоқталды.

Елімізге, азаматтарға қатысты көптеген маңызды және өзекті мәселелер қозғалды. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру үшін еліміздің әрбір азаматы жауапты екенін атап өтті: «Шын мәнінде жауапкершілік жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам сөзі мен ісінен айнымайтын саналы азамат болса, елде әділдік орнайды».

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының толық трансляциясына сілтеме ҚР Президентінің баспасөз қызметінің Youtube-парақшасында қол жетімді https://www.youtube.com/watch?v=fvzuAvYmWU0.