14 шілде 2022

2022 ж. 29-30 қыркүйекте жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы V Еуразиялық форумы өткізіледі

5eurasianforum

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) 2022 жылғы 29-30 қыркүйекте «Пандемия жағдайындағы қашықтықтан білім беру: оқыту, үйрету және бағалау» тақырыбында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы V Еуразиялық форумын өткізеді.

Форумның қосымша тақырыптары:
1. Жоғары білім сапасына бағытталғын құндылықтар мен жаңа көзқарастар.
2. Қолжетімділікті кеңейту және өмір бойы білім алу.
3. Білім алуды жақсарту және басқару тиімділігі үшін цифрландыру.
4. Мұғалім-оқытушыны даярлау арқылы білім беру жүйесін жетілдіру.

Форум бағдарламасына қазақстандық университеттердің өкілдері, ректорлары және проректорлары қатысады. Сонымен қатар халықаралық желілердің басшылығы, Франция, АҚШ, БАӘ, Австрия, Литва, Біріккен Корольдік, Испания, Польша, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей аккредиттеу агенттіктері мен университеттерінің өкілдері де баяндама жасайтын болады.

V Еуразиялық форумға халықаралық және ұлттық сарапшылар, ЖОО және колледж басшылары, аккредиттеу бөлімдерінің басшылары, декандар, кафедра меңгерушілері, оқытушылар, студенттер және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.

Форум қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі (cинхронды аударма).