05 қыркүйек 2023

Ғылым және жоғары білім министрі IQAA президенті Ш.М. Қаланованы туған күнімен құттықтады

Ш.М._Қалановаға-1.jpg

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек IQAA президенті Шолпан Мұртазқызы Қаланованы туған күнімен құттықтады:

"Сiздi Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң атынан және жеке өзiмнiң атымнан туған күнiңiзбен шын журектен құттықтаймын!

Мемлекет және қоғaм қайраткерi ретiнде отандьқ ғылымның дамуы жолында жалындап еңбек етiп, егемен елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық жағынан өркендеуіне елеулі үлес қосып келесіз.

Елiмiздiң «Ғылым туралы» Заңының өмiрге жолдама алуына үлкен еңбек ciңipiп, «Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын» әзiрлеуге белсене атсалысқаныңызды республикамыздың ғалымдар қауымы ерекше ілтипатпен еске алып журеді.

Тәуелсiздiгiмiздiң тұғырлы, елдiгiмiздiң ғұмырлы болуы жолындағы acқaқ рухты азаматтығыңыз, жоғары жауапкершілікпен астасқан бiрегей тұлғаңыз, айнымас адалдығыңыз бен биiк бiлiктiлiгiңiз өнеге болып қала бередi.

Ғибратты ғұмырыңыздың баянды, асар асуыңыздың биік, көрер қызығыңыздың көп болуын тілеймін!"

Ізгі ниетпен,
Саясат Нұрбек"