20 қараша 2023

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті

2023 жылдың 18 қарашасында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойға арналған салтанатты жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

20231118094628_055A9488.JPG

20231118090942_055A9404.JPG

Салтанатты мерейтойдың бағдарламасы келесі іс-шаралардан тұрды:

  • Мұхтар Әуезов ескерткішіне гүл шоқтарын қою;
  • "Green Challenge": ағаш отырғызу рәсімі;
  • Салтанатты бөлім (ресми құттықтаулар, спикерлердің баяндамалары);
  • "Білім, ғылым және инновация" Халықаралық форумы;
  • Атаулы аудиториялардың ашылуы;

20231118091407_055A9436.JPG

20231118121938_055A9663.JPG

  • Ғылыми зертханалардың ашылуы:
    - "Тамақ биотехнологиясы" зертханасы
    - "Химиялық өндіріс процестері мен аппараттарын модельдеу" зертханасы
    - "Auezov REILEAP leather center"зертханасы
    - Ауыз суды дайындаудың тиімді технологияларын әзірлеу жөніндегі кешен
  • "Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
  • XV халықаралық Надировский оқулары "мұнай-газ кешенін ғылыми-технологиялық дамыту"

IQAA президенті, профессор, п.ғ.д. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің құрметті түлегі болып табылатын Шолпан Мұртазқызы Каланова салтанатты іс-шараға қатысып, Агенттік атынан ЖОО басшылығына құттықтау адресін табыс етті.