01 қараша 2023

Орталық Азия ЖОО ректорларының конференциясы, 31 қазан 2023 ж.

2023 жылғы 31 қазанда Астанада Орталық Азия жоғары оқу орындары ректорларының онлайн форматта "КҚКО жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамыту" тақырыбында конференциясы өтті. Конференцияға жоғары оқу орындарының ректорлары мен Орталық Азия елдерінің білім министрліктерінің өкілдері, аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері қатысты. Конференция модераторы Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының кеңесшісі Амантай Әбілқайырұлы Нұрмағамбетов болды.
IQAA президенті Ш. М. Каланова "Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жолында" тақырыбында презентация ұсынды, онда Қазақстанда тәуелсіз аккредиттеудің қалыптасу тарихы, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) рөлі мен қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Конференция материалдарымен Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының сайтында танысуға болады https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/about/meropriyatiya.

Рисунок1-31-10-23.png