01 шілде 2017

2017 жылғы 30 маусымда Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА - IQAA) институционалдық және мамандандырылған (бағадарламалық) аккредиттеудің критерийлерін талқылады

30.06.2017 1Шараның мақсаты: аккредиттеудің стандарттары мен критерийлерін талқылау, сапаны қамтамасыздандыру сұрақтарына қатысты ойлармен және пікірлермен нәтижелі алмасу платформасын құру, алқалы шешімдер қабылдау.

Талқылауға 40-тан аса адам қатысты, олар ЖОО ректорлары және проректорлары, сапаны қамтамасыздандыру рәсіміне жауапты өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары резиденттерінің дипломнан кейінгі дайындығына жауапты өкілдері және БСҚА аккредиттеу комитеттерінің жетекшілері. Пікір алмасуға бірнеше медицина ЖОО мен ҒЗИ өкілдері онлайн-конференция режимінде қатысты.

30.06.2017 2.1 30.06.2017 2

Талқылау бағдарламасы екі бөлімнен тұрды:

1) жоғары оқу орындары ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған (бағадарламалық) аккредиттеудің критерийлерін талқылау;

2) ЖОО кейінгі білім (резидентурада дәрігерлерді дайындау) бойынша аккредиттеудің стандарттары мен критерийлерін талқылау.

Жоғары білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған (бағадарламалық) аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін талқылауда ЖОО өкілдері БСҚА (IQAA) аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін жақсарту бойынша ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды және жоғары оқу орындарынан түскен ұсыныстар негізінде Агенттіктің ұсынған өзгерістері мен толықтырулары талқыланды.

30.06.2017 3 30.06.2017 4

ЖОО кейінгі білім беру (резидентурада дәрігерлерді дайындау) бойынша аккредиттеудің стандарттары мен критерийлерін талқылау үшін еліміздің медицина ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері шақырылды. Талқылау аккредиттеуді өткізу тетіктерін жүйелі жетілдіру арқылы сапаны қамтамасыздандыру рәсімін жақсарту үшін жалпы шешімдерді қабылдау бойынша конструктивті диалог форматында өтті.

30.06.2017 5 30.06.2017 6

Талқылау қорытындысы бойынша ЖОО аккредиттеу рәсімінің әдістемелік базасын әрі қарай жетілдіру мақсатында БСҚА (IQAA) аккредиттеу стандарттары мен критерийлеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы келісілген шешім қабылданды.

БСҚА (IQAA) Агенттіктің үздіксіз дамуына елеулі ұсыныстар енгізіп, талқылауда белсенділік танытқандықтары үшін қатысушыларға шынайы ризашылығын білдіреді.

Талқылаудың фото-есебі Facebook желісіндегі БСҚА (IQAA) ресми парақшасында ұсынылған.