09 қазан 2023

IQAA-ның 15 жылдығына арналған «Жоғары білім беруді трансформациялаудың жаңа жолдары» атты білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі VI Еуразиялық форумы

conference 012

2023 жылдың 13 қазанында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) 15 жылдығына арналған Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі «Жоғары білім беруді трансформациялаудың жаңа жолдары» атты VI Еуразиялық форумын өткізеді.
Жоспарланған форум келесі бағыттар бойынша панельдік баяндамалар мен талқылауларды қамтиды:
- Микрокредиттер және микро біліктіліктер
- Университеттің цифрлық мәдениеті
Форум бағдарламасына жоғары білім саласындағы әлемдік жетекші сарапшы д-р Джамиль Салми (АҚШ, Боливия), д-р Эстер Хуэртас (Университеттердің сапаны қамтамасыз ету бойынша Каталония агенттігі, Испания), жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары, проректорлары мен сарапшыларының, шетелдік аккредиттеу агенттіктері мен университеттерінің өкілдерінің баяндамалары кіреді.
Жыл сайынғы VI Еуразиялық форумға қатысуға университет қызметкерлерінен, жоғары оқу орындарының басшыларынан, аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі департаменттерінің басшыларынан, декандардан, кафедра меңгерушілерінен, оқытушылардан, студенттерден және барлық мүдделі тұлғалардан халықаралық және ұлттық сарапшыларды шақырамыз.

VI Еуразиялық форум бағдарламасы

Офлайн қатысу құны – 20 000 теңге, онлайн – 10 000 теңге.
Барлық сұрақтар бойынша +7(7172) 57-25-05 және Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. телефондарына хабарласыңыз.

Сізді біздің форумға қатысушылардың қатарында көруге қуаныштымыз!