БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

Бізге 10 жыл!

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

итог каз
итоги каз
bul12

Аккредиттеу кеңесі

Аккредиттеу кеңесі құрамына академиялық қауымдастықтың, жұмыс берушілер мен студенттердің өкілдері енетін, сайланбалы, алқалы орган болып табылады.

Аккредиттеу кеңесі нормативтік құжаттаманы бекітуге және аккредиттеу туралы шешім қабылдауға жауапты.

 

скачанные файлы
Ударцев Сергей Федорович

IQAA Аккредиттеу кеңесінің төрағасы

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Құқықтық саясат және конституциялық заңнамалар ғылыми-зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор.


  • Білімі: Қазақ мемлекеттік университеті, заң факультеті (1973 ж.), заң ғылымдарының докторы (1992 ж.), профессор (1994 ж.), Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының (1998 ж.) және Қазақстан Республикасы Құқықтық ғылымдар академиясының (2004) академигі. Жоғары білікті сот мәртебесінің иегері (1994 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті, декан орынбасары, заң факультетінің күндізгі бөлімінің деканы (1976-1988 жж.);
    • Алматы жоғары партия мектебінің мемлекеттік құрылыс және құқық кафедрасының доценті (1988-1990 жж.);
    • Алматы саясаттану мен басқару институтының және Ресей басқару академиясының (Мәскеу) Мемлекет және құқық орталығының аға ғылыми қызметкері, Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының (КИМЭП) доценті (1990-1992 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрешісі және қосымша Қазақ мемлекеттік заң институтының Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі, профессоры (1992-1995 жж.);
    • Қазақ мемлекеттік заң институты Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі (1995–1998 жж.);
    • «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы заң қызметінің жетекшісі (1998–1999 жж.);
    • ҚР ЖАК және МАК заң ғылымдары бойынша Сарапшылар кеңесінің мүшесі, заң ғылымдары бойынша Сарапшылар кеңесінің төрағасы (1993-1996 жж., 2000–2004 жж.);
    • «Әділет» жоғары құқық мектебі - Заң академиясының оқу ісі жөніндегі проректоры (1999–2006 жж.);
    • Қазақ гуманитарлық-заң университеті (ҚазГЗУ) оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры (2006– 2007 жж.);
    • Қазақ гуманитарлық-заң университетінің ректоры (2007–2009 жж.);
    • ҚР Президентінің жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссиясы Сарапшылар кеңесінің төрағасы (2007–2011 жж.);
    • Қазақ гуманитарлық-заң университеті президентінің кеңесшісі (2009–2012 жж.);
    • Қазақстан Халықтары Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылар кеңесінің мүшесі (2011 ж. бастап қазіргі күнге дейін);
    • Құқықтық саясат және конституциялық заңнамалар ғылыми-зерттеу институтының директоры (2012 ж. бастап қазіргі күнге дейін).

    Ғылыми еңбектері, басылымдары: 400-ден аса ғылыми, ғылыми танымал және әдістемелік жұмыстардың авторы.

    Ғылыми қызығушылық шеңбері: Саясат және құқық ілімдерінің тарихы, сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы және тарихы, құқық философиясы, конституциялық, заң ғылымдарының тарихы, жоғары білім беру мәселелері.

Гамарник Г Н
Гамарник Геннадий Николаевич

IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі

Профессор, экономика ғылымдарының докторы, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі. ҚР БҒМ білім және ғылым, жастар және балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым экс-бірінші вице-министрі.


  • Білімі: Алматы ұлттық шаруашылық институты (1970 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Алматы ұлттық шаруашылық институтының ғылыми аға-қызметкері, оқытушысы, аға-оқытушысы, декан орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы, партия комитетінің хатшысы, доценті (1971 - 1988 гг.);
    • Агроөнеркәсіптік кешенді басқару Қазақстандық республикалық жоғары мектебінің оқу ісі жөніндегі проректоры (1988 - 1992 жж.);
    • Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық әрекеттерді шектеу жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас басқармасының басшысы (1992 ж.);
    • Қазақ мемлекеттік басқару академиясының проректоры, бірінші проректоры (1992 - 1995 жж.);
    • Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті аппаратының Экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі (1995 ж.);
    • Қазақстан Республикасының Білім министрінің бірінші орынбасары (1995 - 1997 жж.);
    • Семей мемлекеттік қаржы институтының ректоры (1997 - 2000 жж.);
    • Д.М. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры (01.2000 - 06.2003 жж.);
    • Қазақстан Республикасының бірінші Білім және ғылым вице-министрі (06.2003 - 02.2006 жж.);
    • Халықаралық бизнес университетінің ректоры (02.2006 - 12.2012 жж.);
    • «Кәсіпқор» Холдингі» КЕОҚ басқарма төрағасының кеңесшісі (2012 ж. бастап - қазіргі күнге дейін).

    Ғылыми еңбектері, басылымдары: Бухгалтерлік есепті, экономиканы дамыту мәселелері жөнінде 150 жуық ғылыми мақалалары жарыққа шықты. Бухгалтерлік есеп, талдау және менеджмент жөнінде 8 монографиялар, оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар басылып шығарылды.

    Марапаттары: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңген қайраткері» атағы ҚР Президентінің бұйрығымен 2003 ж. берілді; 2008 ж. «Құрмет» орденімен, 2008 ж. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» ерекшелік алғыс белгісімен марапатталды.

doskenov
Доскенов Талгат Казкенович

IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі - жұмыс берушілер өкілі

Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі, әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор.


  • Министрліктер жанындағы сарапшылар кеңестерінің мүшесі; Үкімет, ведомстволары және ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы жұмыс топтарының қатысушысы; Инновациялық кластерлерді дамыту ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі; ҚР Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі; Ұлттық экономика министрлігі жанындағы әкімшілік кедергілер жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы.

    Білімі: Қарағанды мемлекеттік университеті (1978 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • «Омета Казахстан» сақтау қоғамының бас директоры, «O.M.LLС» американдық компаниясының вице-президенті (1992 - 1997 жж.);
    • Жекешелендіру жөніндегі облыстық департаменттің бөлім басшысы, Қарағанды қ. әкімінің орынбасары (1997 - 1998 жж.);
    • Қарағанды, Орталық Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының президенті (1998 ж.);
    • Қазақстанның кәсіпкерлер форумының Қарағандыдағы өкілдігінің директоры (2003 ж.);
    • Қазақстанның кәсіпкерлер форумы кеңесінің мүшесі (2004 ж.);
    • Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті (2008 ж.);
    • «Союз Атамекен» ҚҰЭП директоры (2011-2013 жж.);
    • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы (2013 - 2014 гг.);
    • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қадағалау кеңесінің мүшесі (2014 ж.).

    Ғылыми еңбектері, басылымдары: Кәсіпкерлік туралы 100 астам мағалалары басылып шығарылды. 250-ден аса заң жобаларын дайындауда қатысты.

    Сертификаттары: Халықаралық және республикалық ұйымдардың біліктілікті жоғарылатудан 50 жуық сертификаттарға иегері.

    Марапаттары: «Құрмет» орденінің иегері (2011 ж.).

3s
Каланова Шолпан Муртазовна

IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі

Профессор, педагогика ғылымдарының докторы.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің президенті.


  • Білімі: Қазақ химия-технологиялық институты (үздік диплом), инженер химик-технолог (1971 ж.), Қазақ ғылым академиясы Органикалық катализ және электрохимия институтының аспирантурасы (1973-1976 жж.).

    Шетелдік тағылымдамалары: Гумбольдт атындағы университет (Берлин қ., 1978- 1979 жж.), Блумингтондағы Индиана университеті (2001 ж.), Оңтүстік Кореядағы KOICA Агенттігі (2002 ж.).

    Ғылыми дәрежелері мен атақтары: химия ғылымдарының кандидаты (1977 ж.), доцент (1984 ж.), педагогика ғылымдарының докторы (Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, 1999 ж.). Диссертация тақырыбы: «Жоғары кәсіптік білім жүйесіндегі персонификациялауының ақпараттық технологиялар», ҚР БҒМ ЖАК профессоры (2001 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Қарағанды мемекеттік университеті (1976-1982 жж.), Центрсоюз Қарағанды кооперативтік институты (1982-1992 жж.) – аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі;
    • Оқу ісі жөніндегі проректор: Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты, Жамбыл мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (1992-2001 жж.);
    • Мемлекеттік Инспекциялау және мониторинг департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Әкімшілік департаменті директорының орынбасары (2001-2006 жж.);
    • ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының директоры (2006-2008 жж.);
    • Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің президенті (2008- 2009 жж.);
    • ҚР Президент әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (2009-2011 жж.);
    • ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті (2011-2013 жж.);
    • Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің президенті (2013 ж. бастап - қазіргі күнге дейін).

    Қоғамдық жұмыс: ТМД және Балтия елдерінің Еуразиялық білім беру сапасын қамсыздандыру желісінің президенті (2004-2008 жж.), ТМД елдерінің Білім беру қоғамдық кеңесінің мүшесі (2002-2010 жж.), «Білім беру сапасы және академиялық рейтинг бойынша халықаралық обсерваториясы - IREQ» халықаралық қауымдастығының атқарушы кеңесінің мүшесі (2009 ж. бастап - қазіргі күнге дейін).

    Қаланова Ш.М. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» әзірлеуге белсенді қатысты (2010 ж.). Ш.М. Қаланованың басшылығымен ЭЫжДҰ-мен бірлесіп Қазақстанның білім беру жүйесінің шолуы жасалынды.

    Ғылыми еңбектері, басылымдары: 3 монография, 4 оқу құралдары және 150 ғылыми және әдістемелік мақалалардың авторы және бірлескен авторы.

    Марапаттары: «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасының оқу озаты, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі.

Рупатова Айгуль Кызыровна
Жумабаева Айгуль Кызыровна

IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі - жұмыс берушілер өкілі

Қазақстан Ұлттық индустриялық палатасы төрағасының орынбасары. ҚР Парламент Мәжілісінде "Ақжол" ҚДП фракциясының қоғамдық байланыс директоры, партия төрағасының кеңесшісі, аппарат басшысы қызметтерін атқарды.


  • Білімі: Орал мемлекеттік университеті (Свердловск қ., 1990 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Философия және құқық институтының Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Қоғамдық көзқарасты зерттеу бөлімінің әлеуметтанушысы (1990 - 1992 жж.);
    • Бірнеше жыл бойы кәсіпкерлікпен айналысқан;
    • «Атамекен» ҚҰЭП жұмысы: сарапшы, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік департаментінің директоры, Палатаның басқарма төрағасының орынбасары (2008 - 2011 жж.);
    • Қоғаммен байланыс директоры, «Ақжол» партиясы төрағасының кеңесшісі (2011 – 2012 жж.);
    • ҚР Парламент Мәжілісінің «Ақжол» ҚДП фракциясы аппаратының басшысы (2012 ж. қаңтарынан бастап - қазіргі күнге дейін);
    • Қазақстанның Ұлттық индустриалды палатасының төрағасының орынбасары.
махамбет2
Махамбетов Каергельды Омбаевич

IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі

Қауымдастырылған профессор, медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университеті» АҚ «Жалпы медицина» факультетінің деканы.


  • Білімі: Целиноград мемлекеттік медицина университеті, емдеу факультеті (1988 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • «Астана Медицина Университеті» АҚ Медициналық генетика және иммунология кафедрасының меңгерушісі (2007 – 2011 жж.);
    • «Астана Медицина Университеті» АҚ «Жалпы медицина» факультетінің деканы (2011 ж. бастап – қазіргі күнге дейін);
    • «Астана Медицина Университеті» АҚ қауымдастырылған профессоры (2013 ж. бастап – қазіргі күнге дейін).

    Ғылыми еңбектері, басылымдары: Қазақстанда және шетелде басылып шығарылған 70 аса ғылыми жұмыстардың авторы. Биотехнологиядан оқу құралының авторы. 2001 жылдан 2009 жыл аралығында докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау жөнінде Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы қызметін атқарды. 1 кандидаттық, 2 PhD докторантурасының, 2 магистрлік жұмыстың жетекшісі.

    Марапаттары: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталған.

omarov
Омаров Манен Ембергенович

IQAA Аккредиттеу Кеңесінің мүшесі

Қазақстан Республикасы колледждер Ассоциациясының президенті, «Тұран-Профи» Халықаралық кәсіби академиясының ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD докторы.


  • Білімі: M.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, «Тарих» (1972 – 1978 жж.).

    Аспирантура, M.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (1978 – 1988 жж.).

    Докторантура, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (2001 – 2003 жж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті. (1988 – 1999 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы курстарының меңгерушісі (1998 – 2000 жж.);
    • Басқару институтының проректоры (2000 – 2002 жж.);
    • «Тұран-Астана» университетінің ректоры (2006 – 2008 жж.);
    • «Тұран-Профи» Халықаралық кәсіптік академиясының ректоры (2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін);
    • Қазақстан Республикасы колледждер Ассоциациясының президенті (2013 – қазіргі уақытқа дейін).
Seydumanov Sultan 205
Сейдуманов Султан Турарович

IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі

Медицина ғылымдарының докторы, «Қазақстанның медициналық колледждерінің одағы» ЗТБ басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасындағы медбике ісі мәселелері жөніндегі Ақпараттық хабаршының бас редакторы.


  • Білімі: И.М. Сеченов атындағы Мәскеу медицина институты (гигиена, санитария, эпидемиология, 1982 ж.), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (экономика, 2010 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Жамбыл облыстық санэпидемстанцияның санитар дәрігері, санитарлық бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары (1982-1992 жж.);
    • Респбуликалық денсаулық орталығының Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары (1992-1994 жж.);
    • Министр көмекшісі - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің коллегиясының хатшысы (1994-1995 жж.);
    • Қазақстан Республикасының Үкімет аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің аға референті, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясының аға референті (1996-1997 жж.);
    • Емдеу-профилактикалық ұйымдар қызметін үйлестіру және денсаулық сақтауды реформалау департаментінің директор орынбасары (1997 ж.);
    • Салауатты өмір салтын құру мәселелері ұлттық орталығының бас директорының орынбасары (1997-2001 жж.);
    • Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық орталығының Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры (2002-2006 жж.);
    • Алматы медицина колледжінің директоры (2006-2008 жж.);
    • С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің әкімшілік-кадрлік, әдеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры (2008-2009 жж.);
    • Директор РГКП «Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкердерді даярлау және қайта даярлау республикалық колледжі» (2009-2016 жж.).

    Қоғамдық жұмысы: Қазақстан Республикасында медбике ісіндегі мәселелер жөніндегі Ақпараттық хабаршының бас редакторы.

    Марапаттары: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің (1998 ж.), «Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатының», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісінің(2011 ж.), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатының (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің (2013 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалінің (2015 ж.), «Экономика мақтанышы» орденінің иегері (2015 ж.).

    Ғылыми еңбектері, басылымдары: 70 аса ғылыми еңбектердің, соның ішінде 8 монографияның авторы.

taituleev
Тайтулеев Толеугали Мухамеджанович

IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі

«Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК директоры.


  • Білімі:

    • Семей педагогикалық институты, тарих-педагогикалық факультет, «Тарих және педагогика» мамандығы (1978 - 1983 жж.);
    • Қазақ қатынас жолдар университеті, «Тасымалдауды, көлік қозғалысын және пайдалануды ұйымдастыру» мамандығы (2007 - 2008 жж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Алма-Ата машина жасау техникумының бөлім басшысы (1990 - 1996 жж.);
    • Алматы политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (1996 - 2007 жж.);
    • «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар коллледжі» МКҚК директоры (2007 ж. - қазіргі күнге дейін).

    Марапттары: Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» төсбелгілерінің иегері.

tulkibaev
Тулькубаев Ален Аманжолович

IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі – жұмыс берушілер өкілі

Астана қ. Кәсіпкерлер палатасының директоры




  • Білімі:

    • М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, «Экономика» мамандығы бойынша бакалавриат (2007 ж.); «Экономика» мамандығы бойынша магистратура (2009 ж.);
    • Біріккен Вена институты, Халықаралық валюта қоры (JOINT VIENNA INSTITUTE, INTERNATIONAL MONETARY FUND), Макроэкономикалық басқару және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану (Macroeconomic Management and Natural Resource Management.

    Жұмыс тәжірибесі:

    • Басқарушы директор - ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржы және бухгалтерлік есеп Департаментінің директоры, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» аппаратының басшысы (2017 – 2018 жж.);
    • ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сатып алу және жергілікті қамту департаментінің директоры – басқарушы директоры (2016 – 2017 жж.);
    • ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржы және бухгалтерлік есеп Департаментінің директоры, қаржы және бухгалтерлік есеп Департаменті директорының орынбасары;
    • «Атамекен одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының бюджеттік болжау және талдау бөлімінің бастығы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің өнеркәсіп, көлік және байланыс саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімінің өнеркәсіптік Басқармасының бас сарапшысы (2013 ж.);
    • Материалдық өндіріс саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, іске асыру мен орындауды бағалау Департаментінің өнеркәсіптік және отын-энергетикалық кешендер Басқармасының бас сарапшысы, ҚР қаржы Министрлігінің мемлекеттік активтерді жоспарлау, басқару және банкроттау процедуралары әдіснамасы, тиісті бюджеттік бағдарламаларын талдау және бағалау Департаментінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен және концессиялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, талдау және бағалау Басқармасының бас сарапшысы (2010 – 2013 жж.);
    • ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің тауар нарықтарын мониторингтеу және талдау Департаментінің өнеркәсіп және агроөнеркәсіпті мониторингілеу және талдау Басқармасының бас сарапшысы (2009-2010 жж.).
aimenov2
Айменов Нүркен Еркенұлы

IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі - студенттер өкілі

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ 5В030100 – Құқықтану мамандығының 3 курс студенті.


  • Жұмыс тәжірибесі:

    • БҰҰ қарасты UNODC агенттігімен ұйымдастырылған «Youth Initiative» IV Халықаралық Жастар Форумының «Drug prevention» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының делегаты, Вена, Австрия (2016 ж.);
    • КазГЮУ университетінің «Билер Кеңесі» Жоғары Студенттер кеңесінің V шақырылымының төрағасы (2016 ж.);
    • «UNISON» Жатсар одағының президенті (2016 - 2017 ж.);
    • «Прокурорлардың студенттер гильдиясы» төрағасы (2016 - 2017 ж.).
maikenova
Майкенова Арайлым Муратқызы

IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі - студенттер өкілі

«Астана медицина университеті» АҚ 5В130100 – Жалпы медицина мамандығының 5 курс студенті.


  • Жұмыс тәжірибесі:

    • NYU Langone Health, Fertility сenter, Нью-Йорк, АҚШ-та зерттеу және тағылымдамадан өту үшін «Shakmardan Yessenov Foundation» дүние жүзінің зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өту стипендиялық бағдарламасының финалисті;
    • «Vilniaus Universiteto Ligonine Santaros Klinikos» оқу және тәжірибеден өтті, Вильнюс, Литва (2017 г.);
    • Ай сайынғы «Taibyrul» стипендиясына тағайындау конкурсының жеңімпазы, Астана, Қазақстан (2015 г., 2016 г.).
prikaz kz
eqar
enqa2
итог каз
eenqa
inqa
apqn
CHEA
logo c3qa