ШАҒЫМДАР ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі (ары қарай – IQAA немесе Агенттік) IQAA Стратегиясында берілген ашықтық және есеп берушілік принциптеріне сәйкес қызмет етеді. Бұл сыртқы сарапшылар тобының ескертулері мен ұсынымдарына келіспеген білім беру ұйымдарының шағымдарына орай ашық және әрекет ету рәсімдерінің бар екендігін болжамдайды. Шағым ретінде институционалдық аккредиттеуден немесе білім бағдарламалары аккредиттеуден өткен ЖОО-ның қызмет сапасына немесе агенттік үйлестірушілерінің немесе IQAA сыртқы сарапшылар тобы мүшелерінің әрекеттеріне наразылық білдіруін қабылдау қажет.

Агенттіктің шағымдарды қарастыратын жеке рәсімі бар. Білім беру ұйымдарының шағымдарын қарастыру сыртқы аудитті жүргізу барысында жіберілген бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді және оларды жою бойынша ұсынымдар береді. Наразылықтарды қарастыру қолданыстағы рәсімдердің тиімділігін бақылауға және бағалауға, агенттік қызметкерлері әрекеттерінің ашықтығы мен жауапкершілігін қолдауға мүмкіндік береді, IQAA және сарапшылар комиссиясының жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған стратегияның бөлігі болып табылады

abdrakhman

 

Гульнар Кабылкалымовна Абдрахман

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Аккредиттеу және сапа менеджменті орталығының басшысы

  • Жұмыс тәжірибесі:

    • 1989 ж. бастап - М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі оқыту қызметі.

    Қосымша: ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы - 2007» дәрежесінің иегері, Қазақ орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушыларының қауымдастығының мүшесі.

aitimov

 

Болат Жолдасбекович Айтимов

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қылмыстық-құқықтық мамандықтар кафедра меңгерушісі, PhD

  • Білімі:

    • Қ.А. Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті (1999 ж.);
    • Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (2005 ж.);
    • Қ.А. Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті магистратура (2010 ж.);
    • І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті PhD (2016 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • 2006 - 2013 жж. - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті декан орынбасары, аға оқытушысы, зертхана меңгерушісі;
    • 2013 - 2015 жж. - түрлі ұйымдарда заңгер, заңгер-кеңесші: Алматы қ. Коммерциялық емес құқық халықаралық орталығы, «Чернобыль және Арал» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының өкілдігі, «Қызылорда облысы азамттық одағы» қауымдастығы;
    • 2017 ж. бастап - І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қылмыстық-құқықтық мамандықтар кафедра меңгерушісі.
turchekenova

 

Райлаш Амиржановна Турчекенова

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқарма институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты

  • Білімі: Батыс Қазақстан ауылшарушылық институты (1991 - 1995 жж.), Агроөнеркәсіп кешені экономика және басқару ҚазҰҒИ аспирантурасы (1997 - 1999 жж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • 1997 - 2001 жж. - Батыс Қазақстан электр тарату компаниясы жоспарлау-экономикалық бөлімінің экономисті;
    • 2006 - 2016 жж. - Академиялық бағдарламалар орталығының жетекшісі, «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті;
    • 2016 ж. бастап - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының академиялық бағдарламалар орталығының жетекшісі;
    • 2017 - 2019 жж. - «Educational Consulting Academy» ЖШС директоры;
    • 2019 ж. бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Нұр-Сұлтан қ. басқару институтының директоры.
khussainova

 

Гульзада Ануаровна Хусаинова

Қазақ ұлттық өнер университеті «Музыкалық білім» кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, PhD

  • Білімі: Құрманғазы атындағы Алма-Ата Мемлекеттік консерваториясы (1985 ж.), Украина Педагогикалық ғылымдар академиясының педагогика бойынша ҒЗИ аспирантурасы (1995 ж.).

    Жұмыс тәжірибесі:

    • 1985 - 2008 жж. - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Музыкалық аспаптар кафедрасы оқытушысы, Музыкалық өнер және білім кафедрасының меңгерушісі;
    • 2008 ж. бастап - Қазақ ұлттық өнер университеті Музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, музыкалық білім кафедрасының доценті.

    Марапаттары: ҚР БҒМ «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері (2013 ж.).