АГЕНТТІК ТУРАЛЫ

"Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA)" мемлекеттік емес коммерциялық емес мекемесі 2008 жылы құрылған, білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары сапасын бағалау саласындағы алғашқы қазақстандық мемлекеттік емес коммерциялық емес мекеме болып табылады.

БСҚА қызметі барлық мүдделі тараптардың - студенттердің, ата-аналардың, академиялық қызметкерлердің, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, қоғамның және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.

 

Оқу орындарының қызметі сапасын жақсартуда жәрдемдесу, сапа мәдениетін дамыту арқылы олардың ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көтеру.

IQAA - ұлттық және халықаралық деңгейде мойындалған және әрекет ететін ұйым. Агенттік кәсіби және шығармашылық қызметкерлер тобымен оқу орындары сапасын қамтамасыздандыруда нәтижеге негізделген жаңа идеялар мен үлгілерді әзірлейді.

01

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ АДАЛДЫҚ

Біз өз қызметімізді орындау мен шешім қабылдауда тәуелсізбіз. Біз өз жұмысымызды адал, ашық, әділ, тең, бейтарап және объективті түрде жүргіземіз.

02

КӘСІПҚОЙЛЫҚ

Біздің жұмысымыз стандарттардың жоғары мәдениетімен этикалық нормаларды сақтауды көздейді - агенттіктің барлық қызметкерлері өз міндеттерін сапалы және уақытылы орындауға жауапты.

03

ЕСЕПТІЛІК

IQAA бағалауы, стандарттары, нұсқаулықтары мен процедуралары ашық, айқын және барлық мүдделі тараптар үшін қол жетімді.

04

САПАҒА МІНДЕТТЕМЕ

Біз өз дамуымызға берікпіз және өз қызметімізді сыни тұрғыдан бағалайтын үнемі алға жылжып отыратын ұйым болып табыламыз.

05

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Біз шетелдік агенттіктермен ынтымақтастықтамыз: олардың тәжірибесі мен жетістіктерін зерттейміз, сарапшылармен және ақпаратпен алмасамыз, БСҚА қызметін жетілдіруде серіктестердің озық тәжірибелерін қолданамыз.

06

ӨЗГЕРІС МҮМКІНДІГІ

Біз жаңа жағдайларға тез бейімделу үшін агенттіктің стратегиясын үнемі талдап, тексеріп, жаңартып отырамыз.

Стандарттар мен аккредиттеу критерийлерін, сыртқы бағалау процедураларын жетілдіру, ресурстардың барлық түрлерін барынша толық және тиімді пайдалану арқылы Агенттік жұмысының сапасын үнемі жақсарту басшылық қызметінің басым бағыты болып табылады.

Агенттік қызметінің барлық бағыттарын дамыту БСҚА-ның білім беру қызметін сараптамалық бағалау саласындағы жетекші ұйым ретіндегі имиджін қалыптастыруға бағытталған, ол үшін келесі құралдар қолданылады:

  • еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін жүйелер мен процестерді әзірлеу және тарату;
  • білім беру жүйесінде сапа мәдениетін қалыптастыру және дамыту.

Агенттіктің әрбір қызметкері өз қызметін ортақ жоғары жетістіктерге жетуге бағыттайды.

Стратегиялық басымдықтар 2019 - 2023 жж.

Strategy

АГЕНТТІК ТАРИХЫ

  1. IQAA құрылуы

    2008

    IQAA мемлекеттік емес мекемесі білім сапасын және оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылды.

  2. APQN

    2008

    Сапаны қамтамасыздандырудың Азиялық-Тынықмұхиттық желісі – APQN толыққанды мүшесі болды.

  3. INQAAHE

    2008

    Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің Халықаралық желісі – INQAAHE толыққанды мүшесі атанды.

  4. ҚР БҒМ Ұлттық тізілімі

    27 маусым 2012 ж.

    IQAA Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Жоғары оқу орындары және колледждерді аккредиттеу органдарының Ұлттық тізіліміне (Реестр 1) №1 тіркелді.

  5. CEENQA

    2014

    Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік желісі - CEENQA толыққанды мүшесі болды.

  6. CIQG CHEA

    2016

    Халықаралық сапа тобы - CIQG CHEA (АҚШ) толыққанды мүшесі атанды.

  7. ENQA

    13-14 ақпан 2017 ж.

    IQAA Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық қауымдастығының - ENQA толыққанды мүшесі болды.

  8. ҚР Ұлттық тізілімі

    14 наурыз 2017 ж.

    IQAA ҚР БҒМ 1 Тізіліміндегі аккредиттеу агенттіктерінің құрамына қайта енді.

  9. EQAR

    20 маусым 2017 г.

    IQAA Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық тізіліміне - EQAR тіркелді.

  10. Қырғыз Республикасы БҒМ

    20 июня 2019

    IQAA Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Аккредиттеу агенттіктерінің Ұлттық тізіліміне енді.

  11. ENQA

    27 сәуір 2022

    IQAA-дің ENQA толыққанды мүшесі ретінде қайта танылуы

  12. EQAR

    25 қазан 2022

    IQAA Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша агенттіктердің Еуропалық тізілімінде (EQAR) тіркелу мерзімі ұзартылуы (EQAR)