ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯЛАР

Есепті кезеңде агенттік жыл сайын сарапшыларды оқыту үшін шетелдік және ұлттық сарапшылардың қатысуымен халықаралық семинарлар, конференциялар мен форумдар өткізеді.

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы Еуразиялық форум ұлттық және халықаралық жетекші академиктердің, саясат қайраткерлерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің, белсенділердің, еңбек нарығы өкілдері мен студенттердің, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен жоғары білім беру және сапаны қамтамасыз ету саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылауға арналған платформа болып табылады.

Сонымен қатар, IQAA тұрақты түрде шетелдік спикерлерді шақыра отырып, семинарлар, конференциялар және воркшоптар өткізеді. Іс-шаралар тізімі Пресс-орталық қосымша бетінде қол жетімді.

Форум жоғары оқу орындарының ішкі жүйе сапасын қамтамасыз етудегі көптеген өзекті мәселелерді қозғады, оның ішінде атап айтқанда: ішкі жүйе сапасын қамтамасыз ету мен ұйымдастырудың ерекшеліктері, сапаны қамтамасыз етудің жаңа модельдері мен тұжырымдамалары, табысты тәжірибелер, жоғары оқу орындарындағы білім берудің ішкі сапасын қамтамасыз етудің жолдары мен қиындықтары. Форум бағдарламасында қазақстандық университеттердің ректорлары, проректорлары мен жетекшілері, сондай-ақ Аустрия, Испания, Литва, Германия, Әзірбайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Эстония және Бельгия елдерінің аккредиттеу агенттіктері мен жоғары оқу орындарының өкілдері сөз сөйледі. Толығырақ

 Форумның тақырыбы пандемия жағдайында қашықтықтан білім беруге арналды. Форум жұмысына үш жүзге жуық қатысушы қатысты. Форум жұмысына шетелдік спикерлер қатарынан Австрия, Әзірбайжан, Ұлыбритания (QAA), Қырғызстан (ААЕРО), Литва (SKVC), Ресей (АККОРК), Украина және Эстония (EKKA) аккредиттеу агенттіктері мен университеттерінен 11 адам қатысты. Еуразиялық Форум барлық қатысушыларға білім беру және сапаны қамтамасыз ету саласындағы жетекші әлемдік мамандардың атынан халықаралық контексте өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Толығырақ

 EQAR президенті, проф.Карл Дитрихтің "Сапа, сапаны қамтамасыз ету және цифрландыру дәуіріндегі ынтымақтастық, ал QAA СЕО Дуглас Блэксток "Цифрлық дәуірдегі сапаны қамтамасыз ету және жетілдіру: Біріккен Корольдіктің тәсілі" тақырыбына баяндамаларын ұсынды. Қазақстандық ректорлар, проректорлар, профессорлар қазақстандық оқу орындарында цифрландыру және сапаны қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылатыны туралы айтып берді. Форум тақырыбы өзекті болғандықтан, Форум ұлттық форматқа ие болды. Форум негізінде бұқаралық ақпарат өкілдері білім беруді цифрландыру туралы телефильм шығарды, онда IQAA Бақылау кеңесінің төрағасы, профессор Жақсыбек Күлекеев, EQAR президенті, проф.Карл Дитрих, QAA СЕО Дуглас Блэксток және Форумның басқа да қатысушылары сөз сөйледі. Толығырақ

 Форумның негізгі спикерлері ретінде Колин Тук (EQAR), РАО академигі А.Вербицкий (Ресей), Жоғары білім беруді дамыту және сапаны арттыру орталығының (CHEDQE) сапа жөніндегі менеджері Петра Пистор, Нидерланды және Фландрияны аккредиттеу жөніндегі аға кеңесші Мишель Вера (Nvao, Нидерланды), Философия докторы Майки Удам сөз сөйледі. Сонымен қатар, форумда Питер Ярвелайд (Эстония), Эстер Хуертас Хидалго және ұлттық сарапшылар да белсенділік танытты. Толығырақ

Конференция барысында халықаралық сарапшылар ретінде Ресей мен Латвиядан профессорлар шақырылды. Жалпы конференция жұмысына 110-нан астам адам қатысты. IQAA қызметкерлері 4 фокус-топ ұйымдастырды, оның аясында сарапшылар сыртқы аудит туралы есептерді жазу кезінде пайдаланатын сандық және сапалық көрсеткіштер, сыртқы сарапшылар тобының есебін дайындау кезеңдері, сұхбат дайындау мәселелері және сарапшы жұмысындағы этикалық аспектілермен танысты.Толығырақ

ENQA хатшылығының Ассамблея қатысушылары арасында жүргізген сауалнамасы ENQA мүшелерінің іс-шараны ұйымдастыру және басқару бойынша жоғары бағасын көрсетті. Толығырақ
 

Аталған конференцияда HCERES Француз агенттігінің өкілдері сөз сөйледі: ENQA Басқарма мүшесі Франсуа Перно және Соланж Пизар; Алкала университетінің профессорлары (Испания): Альфредо Гардель Висенте, Хосе Луис Лазаро Галилея, Игнасио Браво Муньоз, Клермон Оверни университетінің профессоры (Франция) Мари-Элизабет Бодуэн, Бернард Ремо, профессор, инженерлік білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық желінің Президенті (ENAEE) (Франция), Рубен Топчян, директор, кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық білім беру (anqa) (Армения). Толығырақ

Осы іс-шараға Люсьен Боллаерттің «Жоғары білім берудегі ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің менеджменті» кітабы орыс тіліне аударылды. Сонымен қатар, агенттік EURASHE-ден 200 дана кітап шығаруға рұқсат алды. Сондықтан конференцияның барлық қатысушылары автор кітабының аударма басылымын ала алды. Толығырақ

Конференцияға қатысушылар үшін (100-ден астам адам) ESU шығарған студенттерге бағытталған оқыту бойынша материалдар аударылды және жарық көрді.Толығырақ
 

Семинар аясында келесі тақырыптар қозғалды: ESG 2015-негізгі өзгерістер; Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіндегі EQAR рөлі; сыртқы сапаны шекара арқылы қамтамасыз ету; Бірлескен білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету. Толығырақ

Аталған конференцияның мақсаты білім беру сапасын басқару мәселелерін талқылау, сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйелерін құру бойынша білімдермен және озық тәжірибемен алмасу, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективаларын қарастыру болды. Толығырақ

Назарбаев Университетінің жоғары білім мектебі Оксфорд Университетімен ынтымақтастықта ұйымдастырған Британ Кеңесі студенттерінің ұтқырлығы жөніндегі бағдарламаға қатысушылар тобы Агенттіктің қызметімен және Қазақстандағы оқу орындарын аккредиттеу рәсімдерімен танысу мақсатында барды IQAA келді. Толығырақ