26 қыркүйек 2018

2018 жылдың қыркуйек айының 20-21 кундері Қазақ ұлттық өнер университеті аясында «Болашаққа бет бұру: жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі үрдістер, проблемалар мен перспективалар» атты білім сапасын қамтамасыздандыруға бағытталған алғашқы Еуразиялық форум өтті.

2018 жылдың қыркуйек айының 20-21 кундері Қазақ ұлттық өнер университеті аясында «Болашаққа бет бұру: жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі үрдістер, проблемалар мен перспективалар» атты Агенттіктің 10-жылдығына орай ұйымдастырылған білім сапасын қамтамасыздандыруға бағытталған алғашқы Еуразиялық форум өтті.

DSC 2477 min DSC 2658 min

Конференецияны БСҚА бақылау кеңесінің төрағасы, профессор Күлекеев Ж.А. ашты. Сондай-ақ, ҚР БҒМ вице-министрі Айтмағамбетов А.К. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Е.К.Сағадиевтің алғы сөзін оқи отырып, ҚР заңнамасындағы жоғарғы оқу орындарының академиялың және басқарушылық дербестігін арттыру туралы өзгерістерге тоқтала кетті.

Форумға жоғарғы оқу орындарындағы сапаны қамтамасыздандыру саласының төмендегідей шетелдік мамандары қатысты: Мишель Вера (Нидерланды және Фландрия Аккредиттеу агенттігі (NVAO)), Колин Тук (Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша Еуропалық реестрі (EQAR), Бельгия), Майки Удам (Эстония аккредиттеу агенттігінің халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі директоры (EKKA)), Эстер Уертас Идальго (Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Каталон Агенттігі), Елена Петров (Ғылыми зерттеулер және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық агенттігі (ANACEC), Молдова), Вербицкий А.А. (Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті), Петра Пистер (Дуйсбург-Эссен университеті, Германия), Гребнев Л.С. («Экономика жоғары мектебі» ҒЗУ, Ресей), Мустафа Баба оглы Бабанлы (Әзірбайжан мұнай және өнеркәсіп мемлекеттік университеті), Исмаилов Б.И. (Білім беру ұйымдары мен бағдарламаларын аккредиттеу Агенттігі, Қырғызстан).

DSC 2569 min 1 DSC 2504 min 1

Форумның алғашқы күні отандық мамандар мен жақын және алыс шетелдерден шақырылған спикерлердің қызықты баяндамаларына толы болды. Баяндамалар барысында спикерлер ішкі сапаны қамтамасыздандыру жүйесі, университеттерді басқару және студенттерге бағытталған оқыту бағыттарындағы тәжірибелерімен бөлісті. Осылайша форумның қатысушылары мен қонақтары Петра Пистердің «Құралдан сапаны қамтамасыз ету жүйесіне көшу, Дуйсбург-Эссен университетінің онжылдық жұмыс тәжірибесі», Мишель Вераның «Сапаны қамтамасыз етудегі салыстырмалық теориясы» және тағы басқа баяндамаларды тыңдай отырып, көптеген маңызды мәліметтерден құлағдар болды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті секілді отандық жоғарғы оқу орындарының білім берудің сапасын қамтамасыздандыру және университтерді басқару тақырыптарындағы өз тәжірибелерімен бөлісуі – Қазақстандық ЖОО-дарының унемі даму мен әлемдік көшбасшылардың тәжірибелерін өз салаларына енгізіп отыратындықтарының айқын дәлелі.

DSC 3189 min DSC 4024 min

Сонымен қатар, алғашқы күнгі панельді сессиялардың барысында Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындары үшін маңызды автономиялық статусқа ие және кәсіпкерлікке бағытталған заманауи университеттерді баскару мәселелері де көтерілді. Осы бағыттың аясында келесі қатысушылар өз баяндамаларын жасады: Сағынтаева А.К. «Автономды университетті басқару», Қағанатова А.М. «Кәсіпкерлік университеттің үлгісі: AlmaU кейсі», Ярвелайд П.М. «Университеттерді басқару үлгілері: тарих, қазіргі заман және болашақ. Қазақстандағы жоғары оқу орындары үшін тиімді басқару үлгілері».

Форумның екінші күнін Бельгия елінің өкілі Колин Тук «Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз етуді интернационалдандыру – қазіргі өзгерістер, сұраныстар мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы баяндамасымен ашты. Қазіргі таңда түлектердің жұмыспен қамтылғандығы жоғарғы оқу орындарының жетістігінің маңызды көрсеткіші болып табылатындықтан, Эстония аккредиттеу агенттігінің халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі директоры (EKKA) Майки Удам мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Д.П.Қожамжарованың осы тақырыптағы өз баяндамалары қатысушылардың білімдерін тереңдете түсті.

DSC 2845 min DSC 5604 min

IT индустриясының қарқынды дамуы заманында инновациялық технологияларды оқу барысына енгізу және оларды цифровизациялау жоғарғы оқу орындарының сәтті қызмет етуінің басты шарттарының бірі болып табылады. Сондықтан да, Эстер Уертас Идальгоның «Электрондық оқытудың сапасын қамтамасыз ету: жаңа талаптар» тақырыбындағы, Р.М.Искаковтың «Университетті басқарудағы қол жеткізген нәтижелер көрсеткіштері» тақырыбындағы баяндамалары мәселеге дөп келді.

Форум панельді сессия модераторлардың ой бөлісуімен аяқталды. Қорытындылай келсек, форум барлық қатысушылар үшін пайдалы болды және олар спикерлердің презентациялары мен баяндамаларынан өзіне көптеген маңызды мәлеметтер алып кетті. Өз кезегінде, форум ұйымдастырушылары аталмыш іс-шара барысында қатысушылардың алған білімдері мен тәжірибелері тек Қазақстандық қана емес, шетелдік те жоғарғы оқу орындарының білім беру сапасын қамтамасыздандыруға өз үлесін тигізер деген үміт білдіреді. Форум соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды.