IQAA БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІ

Бақылау кеңесі - сайланбалы, алқалы орган, құрамына академиялық қауымдастық, аккредиттеу органы мен жұмыс берушілердің өкілдері енеді.

Бақылау кеңесі Агенттік қызметінің басым бағыттарын айқындауға, даму стратегиясын, перспективалық жоспарларын, жылдық және қаржылық есептерін бекітуге жауапты.

 
kulekeev

Кулекеев Жаксыбек Абдрахметович

IQAA Бақылау кеңесінің Төрағасы

Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, III дәрежелі Барыс орденінің кавалері, профессор, ҚР Президентінің жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің мүшесі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығының мүшесі, ҚР Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшесі, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, ҚР Білім және ғылым экс-министрі

Білімі: Қазақ мемлекеттік университеті, механика және қолданбалы математика факультеті (1979 ж.).

Жұмыс тәжірибесі:

  • Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі (1979 - 1995 жж.);
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің төрағасының орынбасары, төрағасы (1995 - 1999 жж.);
  • Қазақстан Республикасының Экономика министрі (1999 - 2002 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Есептік комитетінің төрағасы (2002 - 2003 жж.);
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (2003 - 2004 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры (2005 - 2006 жж.);
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті (2006 - 2007 жж.);
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті (2007 - 2008 жж.);
  • «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институтының бас директорының кеңесшісі (2010 - 2021 жж.);
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі (2021 ж. бастап - қазіргі күнге дейін);
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығының мүшесі (2020 ж. бастап - қазіргі күнге дейін);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшесі (2021 ж. бастап - қазіргі күнге дейін).

Ғылыми еңбектері, мақалалары: 10-нан аса кітаптар мен монографиялардың, 100-ден аса мақалалардың авторы.

 

IQAA Бақылау кеңесінің мүшелері

Балыкбаев Такир Оспанович

Балыкбаев Такир Оспанович

Профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы.

Жұмыс тәжірибесі:

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті - стажер-зерттеуші (1980 - 1982 жж.);
  • М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті - аспирант (1982 - 1985 жж.);
  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті - ассистент, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары (1985 - 1994 жж.);
  • Республикалық тестілеу орталығы директорының орынбасары (1994 - 1995 жж.);
  • Білім берудегі жаңа білім беру технологияларының республикалық орталығы зертхана меңгерушісі (1996 - 1997 жж.);
  • Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінде сектор меңгерушісі (1998 - 1999 жж.);
  • Мемлекеттік білім беру және тестілеу стандарттарының ұлттық орталығында жобалардың бас менеджері (2000 - 2001 жж.);
  • Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры (2001 - 2003 жж.);
  • Ұлттық білім беру және тестілеу стандарттары орталығының директоры (2003 - 02.2007 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы (13.02.2007 ж. - 09.2007 ж.);
  • Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ ұлттық білім академиясының президенті (09.2007 ж. - 2011 ж.);
  • Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры (08.2011 ж. - 01.2013 ж.);
  • Халықаралық Бизнес академиясының ректоры (14.01.2013 ж. - 11.2013 ж.);
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі (13.11.2013 ж. - 08.2016 ж.);
  • ҚР Президенті Әкімшілігі - сектор меңгерушісі (07.2016 ж. - 06.2017 ж.);
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры (06.2017 ж. - 2021 ж.);
  • ҚР ҒЖБМ "ЮНЕСКО қамқорлығымен Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы" ЖШС директоры (2021 ж. бастап - қазіргі күнге дейін).

Марапаттар мен жетістіктер:

  • Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің құрмет грамотасы (1993 ж.);
  • Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2006 ж.);
  • ҚР мерейтойлық медальдары;
  • ҚР БҒМ "Қазақстан ғылымын дамытудағы еңбегі үшін" құрметті атағы (2007 ж.);
  • ҚР БҒМ " Ы. Алтынсарин" төсбелгісі (2009 ж.);
  • Парасат орденінің кавалері (2018 ж.).

Жарияланымдары: 140-тан астам ғылыми мақалалардың, 5 монографияның, оқулықтар мен оқу құралдарының, 10-нан астам стандарттардың және білім беру және тестілеу мәселелері бойынша 20 нұсқаулықтың авторы.

Каланова Шолпан Муртазовна

Каланова Шолпан Муртазовна

Профессор, химия ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) президенті

Білімі: Қазақ химия-технологиялық институты (үздік диплом), инженер химик-технолог (1966 - 1971 жж.), Қазақ ғылым академиясы органикалық катализ және электрохимия институтының аспирантурасы (1973 - 1976 жж.).

Шетелдік тағылымдамалары: Гумбольдт атындағы университет (Берлин қ., 1978 - 1979 жж.), Блумингтондағы Индиана университеті (2001 ж.), Оңтүстік Кореядағы KOICA Агенттігі (2002 ж.).

Ғылыми дәрежелері мен атақтары: химия ғылымдарының кандидаты (1977 ж.), доцент (1982 ж.), педагогика ғылымдарының докторы (Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, 1999 ж.), ҚР БҒМ ЖАК профессоры (2001 ж.).

Жұмыс тәжірибесі:

  • Қарағанды мемлекеттік университеті (1976 - 1982 жж.), Центрсоюз Қарағанды кооперативтік институты (1982 - 1992 жж.), аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі;
  • Оқу ісі жөніндегі проректор: Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты, Жамбыл мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (1992 - 2001 жж.);
  • Мемлекеттік Инспекциялау және мониторинг департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Әкімшілік департаменті директорының орынбасары (2001 - 2006 жж.);
  • ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының директоры (2006 - 2008 жж.);
  • Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің президенті (2008 - 2009 жж.);
  • ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті (2011 - 2013 жж.);
  • Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) президенті (2013 ж. - қазіргі күнге дейін).

Ғылыми еңбектері, басылымдары: 3 монографияның, 4 оқу құралының, 6 стандарттың және 170-тен аса ғылыми және әдістемелік мақалалардың авторы және бірлескен авторы.

Марапаттары: «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалінің, «Қазақстан Республикасының оқу озаты» (1995 ж.), «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» (2004 ж.), «Ыбырай Алтынсарин» (2005 ж.) төсбелгілерінің иегері, «Құрмет» орденінің кавалері (2021 ж.).

Maiki

Майки Удам

PhD докторы, Білім және жастар ісі жөніндегі Кеңестің Жоғары білім басшысы (1.00)

Жұмыс тәжірибесі:

  • Эстония Білім және ғылым министрлігіндегі білім беру департаментінің басшысы (1998 - 2001 жж.);
  • Таллин технологиялық университеті академиялық мәселелер жөніндегі департамент басшысы (2002 - 2009 жж.);
  • Еуропалық мемлекеттер Консулдығында Ұлттық біліктілік шеңберінің кеңесшісі (2008 - 2009 жж.);
  • Эстониядағы Болон үрдісінің сарапшысы (2009 - 2013 жж.);
  • Білім беру сапасын қамтамасыздандыру жүйесін дамыту жөніндегі Финляндия және Эстонияның біріккен жобасындағы қысқа мерзімді сарапшысы (2012 - 2014 жж.);
  • Эстония аккредиттеу агенттігінің (EKKA) халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі директоры (2009 - 2018 жж.);
  • INQAAHE Жоғары білім беру аккредиттеу агенттіктердің халықаралық желісі басқармасының директоры (2015 - 2018 жж.);
  • Тарту университетінің (Эстония) сапа жөнінде менеджері (2018 - 2021 жж.);
  • Әбу-Даби Білім және ілім министрлігінің (БАӘ) Жоғары білім беру саясаты және реттеу департаментінің менеджері (2021 - 2023 жж.);
  • Білім және жастар ісі жөніндегі Кеңестің Жоғары білім басшысы (1.00) (2023 ж. - қазіргі күнге дейін).

Ғылыми еңбектері, басылымдары: 15-тен аса ғылыми мақалалары жарыққа шыққан. Ғылыми жобалардың және ENQA «Сапаны қамтамасыздандырудың қолжетімді есептері арқылы Еуропалық жоғары білім берудің мөлдірлігі», «Ішкі сапа қамтамасыздандырудың ықпалын бағалау: ішкі сапаны қамтамасыздандырудың сыртқы бағалауын қолдану» атты жобаларының қатысушысы және үйлестірушісі болып табылады.

Сертификаттары: Халықаралық ұйымдардың біліктілікті жоғарылату сертификаттарының иегері.

tasmaganbetov

Тасмаганбетов Гани Мергалиевич

Астана қ. "EL DEVELOPMENT" ЖШС директоры, жұмысберушілер өкілі

Білімі:Шиншу Университеті, Нагано, Жапония (2005 ж.); магистратура Хитотсубаши Университеті, Токио, Жапония (2007 ж.).

Жұмыс тәжірибесі:

  • Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Халықаралық қатынастар департаменті халықаралық ынтымақтастық және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу басқармасының басшысы (2007 - 2008 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңесшісі (2008 - 2009 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының сарапшысы, кеңесшісі, сектор меңгерушісі (2009 -2012 жж.);
  • Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы (2012 - 2015 жж.);
  • Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры (2015 - 2018 жж.);
  • IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшесі (2014 - 2018 жж., маусым);
  • "EL DEVELOPMENT" ЖШС директоры (2018 ж. - қазіргі күнге дейін).