19 шілде 2024

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша VII Еуразиялық форумы

2024 жылдың 27 қыркүйегінде Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті базасында «Жоғары білім берудің болашағын анықтайтын қағидаттар мен технологиялар» атты Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша VII Еуразиялық форумын гибридті форматта өткізеді.

Жоспарланған форум келесі тақырыптар бойынша панельдік баяндамалар мен талқылауларды қамтиды:

  1. Академиялық адалдық және этика
  2. Оқыту мен бағалаудағы цифрландыру технологиялары
  3. Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту
  4. Оқу үрдісіндегі және ғылымдағы жасанды интеллект технологиялары.

VII жыл сайынғы Еуразиялық форумға қатысуға университет қызметкерлерін, жоғары оқу орындарының басшыларын, аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі департаменттер басшыларын, декандарын, кафедра меңгерушілерін, оқытушыларын, студенттер және халықаралық және ұлттық сарапшыларды шақырамыз.

Форумға тіркелу кейінірек ашылады.

Офлайн қатысу құны – 20 000 теңге, онлайн – 10 000 теңге.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 27-38-20 және Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. хабарласыңыз.

Сізді біздің форумға қатысушылардың қатарында көруге қуаныштымыз!