04 маусым 2021

Еуропадағы жоғары білім беру жүйелерінің ESG-мен қамтылуы

EQAR (Жоғары білім сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық тізілімі), ETER (Жоғары білімнің Еуропалық регистрі) қолдауымен, сапаны сырттай қамтамасыздандыру нәтижелері бойынша Мәліметтер базасымен (DEQAR) жиналған ақпарат негізінде бірнеше тақырыптық талдаулар әзірледі. DEQAR – EQAR-да тіркелген агенттіктен Еуропалық стандарттар мен нұсқаулықтарға (ESG) сәйкестігі бойынша сыртқы бағалаудан өткен жоғары оқу орындары/ білім беру бағдарламалары бойынша есептер мен шешімдерге қолжетімділікті арттыратын мәліметтер базасы.

EQAR-да тіркелген аккредиттеу агенттіктері жоғары білім берудің еуропалық жүйесіндегі сапаны сырттай қамтамасыздандырудың алуан түрлі және дамушы сипатын көрсететін сапаны қамтамасыз ету бойынша түрлі жұмыстар жүргізеді.

eqar newsss

Талдау нәтижесіне сәйкес, сырттай тексеру саны негізінен институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу талаптарына және сапаны қамтамасыздандыру рәсімінің ұзақтығына тәуелді. Білім беру жүйелерінің көпшілігі институционалдық та, бағдарламалық та аккредиттеуді қолданса, санаулы мемлекеттер ғана сапаны сырттай қамтамасыздандырудың тек бағдарламалық немесе институционалдық деңгейін талап етеді. Ұйымды немесе білім беру бағдарламасын аккредиттеу бойынша шешімді қабылдау көбінесе 5 жылдан 6 жылға дейін құрайды, бірақ бұл мерзім алдыңғы шешімге байланысты өзгеруі мүмкін.

Сонымен қатар, талдау нәтижелері бойынша, кейбір жоғары оқу орындарындағы студенттер саны өте жоғары болғандықтан, EQAR мемлекеттегі жоғары оқу орындарының санына қатысты ғана емес, сондай-ақ студенттер санына қатысты ESG қамту бойынша қосымша талдау жасауға мүдделі.

Қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы табуға болады: https://www.eqar.eu/about/projects/deqar-connect/policy-briefs/#esg-coverage-of-higher-education-systems-in-europe