15 сәуір 2021

Оқыту семинары «Сыртқы сапаны қамтамасыз етудегі жұмыс беруші сарапшыларының рөлі»

2021 жылдың 14 сәуірінде Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) жұмыс берушілерге арнап «Сыртқы сапаны қамтамасыз етудегі жұмыс беруші сарапшылардың рөлі»тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар ZOOM онлайн-платформасында өтті және әр түрлі ұйымдар мен IQAA серіктес кәсіпорындардың жұмыс берушілерінің 21 өкілін біріктірді.
Семинардың мақсаты аккредиттеу, сыртқы бағалау және түлектерді даярлаудың сыртқы сапасын қамтамасыз етудегі жұмыс берушілердің сарапшы өкілдерінің рөлі туралы заманауи ақпарат беру болды.
Семинарда IQAA Аккредиттеу Кеңесінің мүшесі, Атамекен АЭС Төралқасының адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы, Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Талғат Казкенович Доскенов, IQAA президенті Шолпан Муртазовна Каланова және ЖОО аккредиттеу Департаментінің бастығы Карлыгаш Мухареденовна Джигитчеева қатысты.
Семинар соңында жұмыс берушілер сауалнамаға қатысып, семинарға қанағаттанушылықтарын білдірді, сонымен қатар болашақ IQAA іс-шаралары бойынша ұсыныстар берді.
Барлық қатысушыларға семинар материалдары мен семинарға қатысқаны туралы сертификаттар жіберілді.