08 сәуір 2021

Баку мемлекеттік университетін халықаралық бағдарламалық аккредиттеу

2021 жылдың 15-16 наурызында Әзербайжан Республикасының Баку мемлекеттік университетінде (БМУ) халықаралық бағдарламалық аккредиттеу шеңберінде Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) сыртқы бағалау рәсімін жүргізді. Сыртқы бақылау барысында химия факультетінің 6 білім беру бағдарламасы IQAA стандарттарына сәйкестігі қарастырылды. Барлық 6 білім беру бағдарламасы 2021 жылдың 27 наурызында IQAA Аккредиттеу кеңесінінің шешімімен 5 жылға аккредиттелді.

bdu 728 092575oe
Білім беру ұйымдары мен олардың білім беру бағдарламаларын тәуелсіз аккредиттеу рәсімі Әзірбайжан мемлекетінде 2019 жылдан бері бар және салыстырмалы түрде жаңа болып табылады. Бұған дейін екі Әзірбайжан университеті Әзірбайжан білім министрлігіне қарасты білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігінде (ТКТА) аккредиттеуден өткен болатын. IQAA - Баку мемлекеттік университетінің білім беру бағдарламаларының аккредиттеу рәсімін өткізген алғашқы шетелдік агенттік.
Сыртқы сарапшылар тобының құрамына ұлттық және халықаралық профессорлар, ғылым докторлары және университеттердің проректорлары кірді. Химия ғылымдарының докторы, доцент Р.М. Искаков, профессор, PhD докторы Ralf Zimmermann, PhD докторы Gülcin Abbaszade, профессор Armando JL Pombeiro, профессор, т.ғ.к. Сейтмагзимова Г.М., профессор, PhD докторы Sevil Yücel және профессор, х.ғ.д. Ненайденко В.Г. халықаралық сарапшылар ретінде шықырылды.

1 Барлық сарапшылар білім беру бағдарламаларына және жалпы университетке жоғары баға берді. Химия факультетінің бай материалдық-техникалық базасы ерекше таңданыс тудырды. Сарапшылар бағдарламалардың мықты жақтарын атап өтті, білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіру бойынша құнды ескертулер мен ұсыныстар берді.
IQAA білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық географиясын кеңейту және халықаралық аккредиттеу бойынша жұмысын жалғастыруда.