03 желтоқсан 2016

IQAA өкілдері «Білім сапасын арттырудағы аккредиттеудің рөлі» халықаралық конференциясына қатысты

2016 жылдың 2-желтоқсанында Әзірбайжан, Баку қаласында Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігінің жанындағы Аккредиттеу және нострификация басқармасының ұйымдастыруымен «Білім сапасын арттырудағы аккредиттеудің рөлі» халықаралық конференциясы өтті.

baku03.12.2016 1

Бұл конференцияның мақсаты білім сапасын басқару мәселелерін талқылау, білім сапасын қамтамасыздандыру тиімді жүйелерін әзірлеу бойынша біліммен және озық тәжірибемен алмасу, сонымен қатар кейінгі ынтымақтастықтың келешегін қарастыру болды. Шараға Әзірбайжан Республикасының Білім министрі, депутаттар, жоғары оқу орындарының ректорлары, сапаны қамтамасыздандыру шетел агенттіктері, білім саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Конференция аясында пленарлық отырыста Білім министрі М. Жаббаровтың, Әзірбайжанның Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті И. Хабибейлидің, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (IQAA) президенті Ш. Каланованың, Аккредиттеу және нострификация басқармасы басшысының м.а. С. Велиевтің, Грузиядағы Білім сапасы дамуының ұлттық орталығының директоры Т. Саникидзенің, Білім сапасын басқару және мансаптың дамуы агенттігінің директоры Э. Соболеваның, сонымен қатар Финляндияның Білімді бағалау мәселелерінің орталығының Жоғары білім бөлімінің басшысы және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың еуропалық қауымдастығының (ENQA) вице-президенті Х. Кекелайненнің баяндамалары ұсынылды.

03.12.2016 303.12.2016 2

IQAA президенті, профессор Ш. Каланова «Білім сапасын қамтамасыздандыру ұлттық жүйесінің дамуы өтпелі кезеңде: Қазақстанның тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды. Профессор Ш.М. Каланова Әзірбайжан Республикасының Білім министрімен Қазақстанда тәуелсіз аккредиттеуді енгізудегі IQAA тәжірибесін ұсыну мақсатында арнайы шақырылды. Баяндаманың басында профессор Ш.М. Каланова жоғары білім жүйесінің даму динамикасы және әлемдік білім кеңістігімен бірігу үдерісі жөнінде ақпараттарды ұсынды. Баяндаманың негізгі бөлігінде Қазақстандағы тәуелсіз аккредиттеудің қалыптасуы, агентікті құру және дамуы, сонымен қатар сапаны қамтамасыздандыру рәсімдерін жүзеге асырудағы агенттіктің тәжірибесі қарастырылған. Баяндамасының соңында профессор Ш.М. Каланова білім сапасын қамтамасыздандыру жүйесінің негізгі мәселелерін және Қазақстандағы тәуелсіз аккредиттеуді дамытудағы алған сабақтарын айтып өтті. IQAA президенті профессор Ш.М. Каланованың баяндамасы конференция қатысушыларында үлкен қызығушылық оятты және қарқынды талқыланды.

Конференцияның екінші бөлімінде профессор Ш.М. Каланова Финляндияның Білімді бағалау мәселелерінің орталығының бас кеңесшісі К. Исоахомен және панель модераторы, Баку мемлекеттік университетінің Химия факультетінің деканы профессор Т. Ахмадовпен бірлесе «Сыртқы бағалауға сарапшыларды таңдау және оқыту» тақырыбында семинар өткізді. 03.12.2016 52323232

Берілген шара жөнінде қосымша ақпарат Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігінің ресми сайтныда қол жетімді.