31 тамыз 2021

IQAA - да British Council басшылығымен кездесу өтті

31.08.21

2021 жылғы 31 тамызда Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) мен British Council басшылық арасындағы кездесу өтті. Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан British Council (BC) Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасында тәжірибе алмасуға және өзара түсіністікті нығайтуға, жастарға халықаралық деңгейде танылған сапалы білім мен біліктілік алуға ықпал ететін елдегі жетекші халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады.

Кездесу барысында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) Президенті Ш.М. Каланова, Қазақстандағы British Council Директоры Эрик Лоури және Білім беру және әлеуметтік бағдарламалардың жетекшісі Надежда Трубова жоғары білім беру, оның ішінде трансұлттық білім беру саласындағы ынтымақтастық пен жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету туралы өзекті мәселелерді талқылады.