13 желтоқсан 2021

2021 жылы 11 желтоқсанда Аккредиттеу Кеңесінің отырысы өтті

2021 12 11

2021 жылғы 11 желтоқсанда IQAA Аккредиттеу Кеңесінің отырысы өтті, оның барысында келесі оқу орындарын институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу жөніндегі материалдар қаралып, талқыланды:

  1. Теміртау жоғары медициналық колледжі (институционалдық аккредиттеу);
  2. Еуразия гуманитарлық институты (институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу);
  3. Ұлттық сараптама орталығы (институционалдық аккредиттеу);
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бағдарламалық аккредиттеу).

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Аккредиттеу Кеңесінің мүшелері Құрмет грамоталарымен марапатталды: Ударцев Сергей Федорович, Гамарник Геннадий Николаевич, Доскенов Талғат Қазкенұлы, Сейдуманов Сұлтан Тұрарұлы, Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы, Тлеубаев Дәурен Қанатұлы, Vaiciukeviciene Ieva және бақылау кеңесінің төрағасы - Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы Агенттіктің дамуына қосқан зор үлесі, белсенді және кәсіби жұмысы, IQAA-де табысты көпжылдық еңбегі, ынтымақтастығы және адалдығы үшін марапатталды.

Шешімдер мен есептер тізілімі