22 желтоқсан 2021

Жалғыз басты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жыл сайынғы қайырымдылық акциясы

Жыл сайынғы қайырымдылықтың игі дәстүрінің жалғасы ретінде IQAA басшылығы мен ұжымы 2021 жылғы 16 желтоқсанда 100 жалғыз басты зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және келе жатқан Жаңа 2022 жылға арналған азық-түлік өнімдерін сатып алып, таратып, тасымалдады және сыйға тартты. Акцияға жыл сайын Агенттіктің барлық қызметкерлері қатысады.
Әрбір сөмкеде азық-түлік өнімдері (Бұқтырылған сиыр еті, буланған күріш, күнбағыс майы, сұлы жармасы, қарақұмық жармасы, макарон өнімдері (қабықшалар, спираль, спагетти), Шадрин сүті, сары май, Ламбер ірімшігі, қара шай), жемістер (алма, банан және мандариндер), Қазақстандық шоколад, Жаңа жылдық сыйлық және Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтау ашықхаты болды.

2021 қайырымдылық акциясы
2021 қайырымдылық акциясы
2021 қайырымдылық акциясы
2021 қайырымдылық акциясы
2021 қайырымдылық акциясы
2021 қайырымдылық акциясы

Бізге, тікелей қатысушылар ретінде, әр жанның шынайы қуаныш пен алғыс сезімін байқау өте қуанышты болды. Өйткені, жалғыз басты қарт адамдар үшін біздің назарымыз, қоғамның назары өте маңызды. 92 жастағы әже қайырымдылық акциясын ұйымдастырушыларына сәлем жолдап өз шексіз алғысын білдірді, сол бейнемен бөліскіміз келеді.

Осы іс-шараны ұйымдастыруға көмектескендердің барлығына алғыс айтқымыз келеді:
-Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі-табысы аз зейнеткерлер мен I және II топтағы мүгедектердің тізімін ұсынғаны үшін;
- Еуразия гуманитарлық институты-волонтер-студенттердің жыл сайынғы қолдауы мен көмегі үшін.

Осы қайырымдылық акциясы туралы толық фотоесеп Фейсбук парақшасында қолжетімді.