09 наурыз 2022

IQAA қызметкерлері MICROBOL Еуропалық конференциясына қатысты

8.03.22 2

2022 жылғы 8 наурызда Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) қызметкерлері "Болашақта білім беру сапасын микро-біліктілік арқылы арттыруды қолдау" жобасы шеңберінде Еуропалық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған MICROBOL еуропалық онлайн конференциясына қатысты.

Іс-шараның мақсаты Еуропада және одан тыс жерлерде микро-біліктілік арқылы болашақта білім және жоғары білім сапасын арттыру саласындағы мүдделі тараптарға тәжірибе мен білім алмасу үшін платформа ұсыну болды.

Онлайн-конференцияда MICROBOL жобасының серіктестері MICROBOL жобасы шеңберінде әзірленген Еуропалық кеңістігіндегі микро-біліктіліктердің жалпы құрылымын ұсынды. Қатысушылар микро-біліктіліктің рөлін және олардың Болон процесінің негізгі міндеттемелерімен қалай үйлесетінін талқылады.

Конференцияға жоғары оқу орындарының, жоғары білім беруге жауапты ұлттық министрліктердің, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің және жоғары білім беру саласындағы еуропалық мүдделі ұйымдардың қызметкерлері қатарынан өкілдер қатысты.

Энн Верхеген, Магали Соенен (Фламандияның Білім және кәсіби дайындық министрлігі), Кинг Сзули (Білім, жастар, спорт және мәдениет жөніндегі Еуропалық комиссия), Елена Цирлан (EUA), Чиара Финокетти (CIMEA) және Йонна Корхонен (Финляндияның білім және мәдениет министрлігі) құттықтау сөз сөйлеп баяндамаларын ұсынды.

Конференция бағдарламасы мен қосымша ақпарат келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://microcredentials.eu/microbol-final-conference-8-3-2022/.