23 сәуір 2022

IQAA Аккредиттеу Кеңесінің төрағасы Мемлекет Басшысы төрағалық еткен ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі кеңеске қатысты

1.jpg
2022 04 25 2
2022 жылғы 22 сәуірде Ақорда резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды https://www.akorda.kz/ru/glava-gosudarstva-provel-soveshchanie-po-vneseniyu-izmeneniy-i-dopolneniy-v-konstituciyu-22389
Іс-шараға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Әділет министрі Қанат Мусин және жұмыс тобының мүшелері, соның ішінде профессор, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ заң ғылымдарының докторы, IQAA Аккредиттеу Кеңесінің төрағасы Ударцев Сергей Федорович қатысты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Жолдауда айтылған саяси бастамаларды іске асыру үшін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы адам құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты түзетулердің маңызды рөлін атап өтті, сондай-ақ қоғам мен мемлекет үшін жерге меншік туралы принципиалды маңызды мәселені шешу қажеттігіне жеке тоқталды.
Соңында Мемлекет басшысы жұмыс тобының мүшелеріне қысқа мерзімде атқарған ауқымды жұмысы үшін ризашылығын білдірді.