02 қыркүйек 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам».

Послание президента 2022
Послание президента 2022

2022 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Агенттік қызметкерлері Президенттің сөйлеген сөзін онлайн форматта тыңдап, Жолдауды толық қолдайды.
Білім және ғылым тақырыбы Мемлекет басшысының Жолдауында маңызды орын алды және мектепке дейінгі білім беру саласының қызметкерлерінен, мектеп мұғалімдерінен, жоғары оқу орындарының оқытушыларынан бастап университет ректорларына дейінгі барлық білім беру жүйесі қызметкерлерінің назарын аударды. Білім және ғылым елдің бәсекеге қабілеттілігінің болашағын және оның азаматтарының әл-ауқатын айқындайды. Президент халықты балабақшалармен қамтамасыз ету, тәрбиешілерді аттестациялау, педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа стандарттарын қабылдау, жаңа мектептер салу және резидентурада даярлауға гранттарды ұлғайтуға дейінгі ауқымды мәселелерді атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, орта білім беру сапасы-табысты ұлттың қалыптасуының маңызды шарты. Іске қосылған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай заманауи мектептерде 800 мың баланы оқытуға жағдай жасау жоспарлануда. Президент жаһандық ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл және ағылшын тілі пәндерін оқытуды күшейту маңызды екенін айтты.
Мектеп мұғалімі мамандығының тартымдылығын арттырудағы маңызды қадам ретінде Президент педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа стандартын қабылдау және педагог құзыреттілігінің шеңберін әзірлеу қажеттілігін атап өтті.
Мемлекет басшысының пікірінше, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне бағдарланып, елдің жаңа экономикалық бағытының міндеттеріне сәйкес келуі керек.
Жоғары білім беру мәселелері бойынша Президент отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын оқу ақысы да өсетінін атап өтті. Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, олар ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30-дан 100 пайызға дейін сараланады. Білім алуға жылдық 2-3% жеңілдікпен несие беру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының пікірінше, аталған шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамда әріптестік пен өзара жауапкершілік қағидатын нығайтады.
Жолдаудың ресми мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-181416.